Амангелді Имановты атқан кім екенін білесіз бе?
2018 ж. 25 шілде
23669
0
Амангелді Иманов жайында ел ішінде әңгіме көп. Рас, ол халық батыры. 1916 жылы тұтанған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Айтқымыз келгені ол жөнінде емес. Батырдың кімнің қолынан қаза болғандығы жөнінде.
Өйткені халық арасында Амангелді Иманов Алашордашылардың, соның ішінде Міржақып Дулатовтың бұйрығымен өлтірілді деген сыпсың сөз әлі күнге айтылып қалады.
Бұл қаншалықты ақиқат? Алаш басшыларының өміріне арнап, «Ұраным Алаш» деген үш томдық кітап жазған Тұрсын Жұртбай батырдың өлімі жөнінде былай дейді:
«Міржақып Дулатов – өжет пікірінен тергеу барысында да қайтпапты. Тергеуге барғанда да қырынып, киімінің қыртысын жазып, кеудесін тік ұстап барады екен.
Тек Аманкелдінің қазасы тұсындағы жауаптарында албырап қалғандығы, «есімде жоқ» деп кібіртектегені байқалады.
Ал халық ауызында: Аманкелдінің қазасына Сейдазым Қадырбаевтың, Бақытжан Қаралдиннің қатысы барлығы айтылып қалатын. Біз танысқан тергеу ісінде ондай мағлұмат кездеспеді. Керісінше, қызыл партизандардың өз қолынан оққа ұшқанына көзіміз жете түскен сияқты. Ал Гүлнар Міржақыпқызы Дулатова осы архив мұрағаттарымен танысу барысында ең жақын тілеушіміз, кеңесшіміз, сенеріміз болды.
«Ұраным – Алаштың!..» «Жегі» атты бірінші бөлімі жарияланғаннан кейінгі ең белсенді оқырмандар – Астана қаласына шоғырлана орналасқан торғайлық зиялылар болды. Кітапты сұратып та, қолқалап та алды. Алаш рухты Сейтбек Нұрқанұлы ағамыз ғана кеңесін беріп, кеңінен пікір білдірді. Сөйтіп түңіліп жүргенде кітапта аты аталып, хаты жарияланған Қорған Әмірехамзин деген қарт іздеп кеп, кітапты сұрады.
Екі күннен кейін келіп: «Сіз дұрыс жазбағансыз. Бірінші: Аманкелдіні өлтірген – Міржақып Дулатов. Ол ақталуға тиісті емес азамат. Мен оны дәлелдеп шығамын. Екіншіден, сіз Әліби Жанкелдинді, яғни қыпшақтарды қорлағансыз. Мен мұнымен тоқталмаймын» деп зіл тастап кетті. Кейін телефон арқылы да біраз «айып» тақты.
Алаш ардагерлері ақталар тұста осы адам біраз жерге хат жазып, Міржақыптың ақталуын кешіктіріп еді».
Ақшарқат Ахметбек,
Дереккөз: kaz.365info.kz