АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНА АРНАЛҒАН ПӘНДІ ЕНГІЗУ ҰСЫНЫЛДЫ
2018 ж. 18 шілде
11391
0
Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерлан Барлыбаев және Берік Дүйсембинов аймақтарға жұмыс сапары аясында сайлаушылармен кездесіп, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысты.
«Ақ жол» партиясының халық қалаулылары Семей қаласында орналасқан «Селикат» зауыт басшыларымен кездесіп, өндіріс ошағының жұмысын көріп, зауыт басшылары кәсіпорынға қатысты мәселелермен ой бөлісті.
Келесі кездесуде Семей қалалық кітапханасында зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында атқарылатын істер талқыланды. Б.Дүйсембинов Елбасының ұсынысымен қабылданған бұл бағдарламаның Абай елінде Алаш орданың астанасы болған Семей шаһарында қарқынды жүруі қажет екендігін айтты.
Е.Барлыбаев өзінің аталарының Алаш қозғалысына қатысып, 1937 жылдары репрессия құрбаны болғандығын әңгімеледі. Семейліктер атом сынақ палигонына қатысты заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізудін қажеттілігін, Ұлы Абайдың 175 жылдық тойына қатысты Үкімет қаулысының қабылдануын, мектептерде Алаш қозғалысына қатысты арнайы пәннің өтуі туралы ұсыныстарын білдірді.
«Ақ жол» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
qazaquni.kz