«Ақ жол» партиясы «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауын жариялады
2018 ж. 10 сәуір
3444
0
«Ақ жол» демократиялық партиясы 2018 жылғы «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауының басталғанын жариялайды
Төменде - Байқаудың жаңартылған шарттары келтіріледі
«XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы»
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ
Байқаудың басты мақсаты– Қазақстан қоғамын жаңғыртуда «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын тарату.
Байқауға қатысуға Алаш мұрасына қызығушылық танытып, осы тақырыпта ғылыми зерттеулермен және публицистикамен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы барлық, шет елдердегі отандастарымызды қоса алғанда, ізденушілер шақырылады.
Байқау жұмыстары қазақ, орыс және Қазақстанның басқа этностарының тілдерінде қабылданады. Сондай-ақ шетелдік ізденушілерге өздерінің қалаған тілін таңдау мүмкіндігі беріледі. Байқауды ұйымдастырушылар байқау жұмыстарын мемлекеттік тілге аударуды қамтамасыз етеді.
Байқау үш кезеңнен, төрт номинация бойынша өткізіледі.
Номинациялар:
1, Алаш қозғалысы және ұлтты саяси дамыту мәселелері;
2. Алаш қозғалысы және ұлтты экономикалық-әлеуметтік дамыту мәселелері;
3. Алаш қозғалысы және ұлтты рухани жаңғырту мәселелелері;
4. Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз оқиғалар мен жаңа есімдер.
Кезеңдер:
1-ші кезең: жазбаша жұмыстарды (эссе, шығармалар) сырттай іріктеу. Байқау жұмыстары 2018 жылдың 1 қазанына дейін қабылданады. Ұсынылатын жұмыстардың көлемі 12 беттен аспауы тиіс.
Жұмыстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, байқаудың арнайы қазылар алқасы екі аптаның ішінде әрбір номинация бойынша түскен материалдардың саны мен сапасына орай 10 үміткерге дейініріктеп алады, олар екінші, бетпе-бет кездесетін пікірсайыс кезеңіне қатысуға шақырылады.
2 кезең: 1-інші кезең жеңімпаздарының бетпе-бет пікірталастары. 1-ші кезеңнің қорытындылары шығарылғаннан кейін екі аптаның ішінде өткізіледі. Бетпе-бет кездесетін пікірсайыстар барысында үміткерлер әр номинация бойынша өзінің байқау жұмысын қорғайды, одан кейін сұрақтарға жауап береді, басқа баяндамаларды талқылауға қатысады. Пікірталастар әрбір номинация бойынша бөлек өтеді. Пікірталастар қорытындылары бойынша әр номинациядан 3 үміткерден финалдық сатыға – байқаудың 3 кезеңіне қатысу үшін іріктеліп алынады.
3 кезең Алаш қозғалысының 101 жылдығы қарсаңында 5-13 желтоқсан аралығында «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық конференциясы аясында өткізіледі. 2-ші кезеңнің жеңімпаздары баяндамалармен сөйлейді және сұрақтарға жауап береді. Талқылаудың қорытындылары бойынша байқаудың басты марапаттарының иегерлерін арнайы қазылар алқасы анықтайды.
Конкурс материалдары жеке басылыммен жарияланатын болады.
Байқаудың жүлделік қоры 4 миллион теңгені құрайды. Жалпыұлттық байқаудың жеңімпаздары мен лауреаттары үшін келесі сыйақылар белгіленеді:
- 1-ші кезеңде Байқаудың екінші кезеңінің қатысушылары анықталады;
- 2-ші кезеңде Байқаудың финалына – 3-ші кезеңге өткен қатысушылар анықталады (әр номинация бойынша 3 үміткер). Жазба жұмыстары авторларының (әр номинация бойынша 7 адамға дейін, келесі кезеңге өткендерден басқасы) әрқайсысы – 25 мың теңгемен марапатталады;
- 3-ші финалдық кезеңде 4 номинацияның әрқайсысы бойынша жүлделік орындарды бөлу жүргізіледі, оларға келесі сыйақылар беріледі:
Бірінші орын – 300 мың теңге;
Екінші орын – 200 мың теңге;
Үшінші орын – 100 мың теңге.
Байқаудың барлық қатысушылары грамоталар мен алғыс хаттармен аталып өтеді.
Әр номинация бойынша жеңімпаздарға және жүлдегерлерге Жалпыұлттық «Алаштың Ақ жолы байқауының лауреаты» төсбелгісі табысталады.
Байқаудың бетпе-бет пікірсайыстар кезеңдерінің (2-ші, 3-ші кезеңдер) қатысушыларының іссапар шығындарын «Ақ жол» ҚДП төлейді.
Байқау жұмыстары ««ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» белгісімен «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы Орталық аппаратының мекен-жайына (Астана қаласы, Мәнгілік ел, 30, «Ақ жол» ҚДП кеңсесіне) немесе alash_akzhol@mail.ru; akzholpress@mail.ru электрондық поштамен жолданады.