АЛАШТЫҢ «АҚ ЖОЛЫ»
2017 ж. 25 қараша
9590
2

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛЫНДА
Қазір халық арасында беделі жоғары «Ақ жолдың» да жүріп өткен жолы тегіс тақтайдай болды деп айта алмаймыз. «Ақ жол» демократиялық партиясы әділет органдарында 2002 жылы 3 сәуірде тіркелген. «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің тең төрағалары болып Болат Әбілов, Әлихан Бәйменов, Ораз Жандосов сайланды. 2003 жылдың 9-қарашасында «Ақ жол» ҚДП III съезінде «Ақ жол» партиясының тең төрағалары саны 5 адамға дейін жеткізілді. «Ақ жолдың» тең төрағалары болып қосымша Людмила Жуланова мен Алтынбек Сәрсенбайұлы сайланды. 2005 жылдың 13-наурызында «Ақ жол» ҚДП Y съезінде «Ақ жолдың» тең төрағалар институтын жою туралы қаулы қабылданып, партияның бірыңғай төрағасы болып Әлихан Бәйменов сайланды. Партия 2004 жылғы Мәжіліске сайлауда ресми деректер бойынша 12,04% дауыс жинап, бір ғана депутаттық мандат алды. 2011 жылы 2-маусымда партияның Астанада өткен съезінде «Ақ жол» ҚДП төрағасы болып «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасының басшысы Перуашев Азат Тұрлыбекұлы бірауыздан сайланды. Перуашевтың келуімен партия өз қызметінің ұйымдастырушылық, кадрлық, идеологиялық, зияткерлік негізіне түбегейлі өзгерістер енгізіп іске асырды және өзінің дамуының сапалы жаңа деңгейіне шықты. «Ақ жол» партиясына бизнес өкілдері мен отандық өнім өндіруші кәсіпкерлер белсенді кіре бастады. Сөйтіп 2012 жылдың сайлау қорытындысы бойынша партия еліміздегі жалпы сайлаушылардың 7,47% дауысын жинады және 8 депутаттық мандатқа ие болды. 2016 жылдың сайлау қорытындысы бойынша партия 7 мандат алды. «Ақ жол» ҚДП-ның облыс орталықтарында және Астана, Алматы қалаларында 16 филиалы жұмыс істейді, Жезқазған, Семей, Түркістан қалаларында 3 өкілдіктері бар. [caption id="attachment_77864" align="aligncenter" width="600"]
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ
Партия ұлттық мемлекеттілікті қалыптастырудың іргелі негіздерін қалаған, ұлттық мүдделерімізді әлемдік өркениеттің үздік жетістіктерімен ұштастыру негізінде, қазақ қоғамын еуропалық жолмен жаңғыртуды өзінің мақсаты еткен «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының ізбасары деп жариялап, арнайы бағдарлама қабылдап, Алаш мұрасын, идеяларын көпке тарату бағытында жүйелі іс-шаралар атқаруда. «Ақ жол» партиясының әлеуметтік тірегі – қалыптасқан және дербес орта тап, оның ұйытқысы отандық зиялы қауым және кәсіпкерлер. «Ақ жол» демократиялық партиясы қоғам және экономиканы алға бастырудың ең өзекті міндеттерін қойып және сол міндеттердің тиімді шешімдерін табуға қабілетті жекеменшік иелерінің, басқарушылар мен интеллектуалдар тобы ретінде ұлттық бизнестің, техникалық және шығармашылық зиялы қауымның қалыптасуына және дамуына жәрдемдесуді алдына мақсат етіп қойған. Алдымен айтайық, жекелеген зиялы қауым өкілдерін есепке алмасақ, біздің еліміздегі саяси партиялар арасында «Ақ жол» партиясы ұлттық мүдделеріміз бен ана тілімізді қорғау мәселесін ең жоғарғы деңгейде көтеретін ұжым екенін жақсы білеміз. Оған біз Алаш арыстарының жүріп өткен жолы мен тарихын зерттеу және оны жарыққа шығару, жер мәселесі мен тілімізге қатысты айтыс-тартыс кезінде көз жеткіздік. Партия жетекшісі Азат Перуашевтың өзі бастаған партия өкілдерінің белсенді жұмысы көпшіліктің қошаметіне ие. Ана тіліміздің аянышты жағдайын айтып баспасөз бен әлеуметтік желіде тіл мәселесін жиі көтеріп жүрген партия төрағасының орынбасары, белгілі ақын Қазыбек Исаның сыни материалдарына ерекше баға беруге болады. Оны қолдаған қалың оқырмандардың ой-пікірлері «Қазақ үні» газеті редакциясы мен осы аттас ұлттық порталға толассыз түсіп жатады. Партияның қоғамдағы қозғаушы күш екенін «Ақ жол» партиясының Мәжілістегі депутаттық фракциясы жұмысынан-ақ көруге болады. Бір ғана ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, оны дамытуға бағытталған көптеген сауалдар Үкіметке жолданып, өз кезінде шешімін тапты. Солардың қатарында Алаш үкіметінің 100 жылдығы мен оның көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдығын еліміз бойынша кеңінен атап өту туралы, Мағжан оқуларын жыл сайын өткізу, Қазақстан азаматтығын алу үшін Конституция мен қазақ тілінен емтихан алу, батырға деген құрмет ертеңгі ұрпақ үшін өнеге болуы тиіс сияқты көптеген сауалдарды атауға болады. Сол сияқты қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Ақ жол» партиясының ұйымдастыруымен «Ел мен Ер» халықаралық ақындар мүшәйрасы үлкен табыспен өтті. Оған жақын және алыс шетелдердің ақындары қатысып, қазақ елі тарихын жырға қосты. Жеңімпаздарға көлемді ақшалай және бағалы сыйлықтар беріліп, ақындардың өлеңдері жеке кітапқа топтастырылып жарық көрді. Алаш партиясының ізбасары ретінде қайрат танытып келе жатқан «Ақ жол» партиясы биыл да Алаш қозғалысының 100 жылдық мерекесіне арналған «Алаш арманы – Тәуелсіз Қазақ Елі» атты халықаралық мүшәйра жариялады. Жыр жарысына қатысушылардың саны аз емес, оның қорытындысы жақын арада жарияланатын болады. «Ақ жол» демократиялық партиясы жыл сайын «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауын өткізіп келеді. Байқаудың басты мақсаты – Қазақстан қоғамын жаңғыртуда «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын тарату. Биыл да 2017 жылғы жарияланған кезекті байқау Алаш қозғалысының, Алаш ұлттық автономиясының, «Алаш» партиясының және Алашорда үкіметінің 100 жылдығына арналды. Байқаудың қорытындылары атаулы датаның қарсаңында, ағымдағы жылдың 5-13 желтоқсан аралығында шығарылады. Бұл күндері осыдан 100 жыл бұрын Орынбор қаласында Екінші жалпықазақтық тарихи съезі өткені белгілі. Әрбір жарияланған 4 номинация бойынша 1-ші орынды иеленген жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтан басқа Жалпыұлттық «Алаштың Ақ жолы байқауының лауреаты» төсбелгісі табысталады. Бұл айтқандарымыз «Ақ жол» партиясының ұлттық мүддеге қатысты атқарылып жатқан жұмыстарының бір бөлігі ғана. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын таба бермекші.ҮКІМЕТКЕ ҚОЯР САУАЛ КӨП
«Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» қоғамдық бiрлестiгi Қазақстан Республикасы Конституциясы мен өзге заңдарын мойындайтын және соған байланысты өз Жарғысына сәйкес құрылған қызметiн жүзеге асыратын саяси партия болғандықтан мемлекеттiк билiктiң, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың өкiлеттi және атқарушы органдарына азаматтардың, әр түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн ұсыну және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатындағы саяси ерiк-жiгерiн бiлдiріп келеді. Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi ретінде өз қызметінде ерiктiлiк, оның мүшелерiнiң тең құқықтылығы, есеп беру, жариялылық пен заңдылық, өзiн-өзi басқару, бiрлiк, қабылданатын шешімдердің алқалылық келісімділігі секілді қағидаларды басшылыққа алады. Партия жарғысы алғаш рет 2002 жылғы 12-қазанда II съезінде бекітілген болатын. Одан кейін 2005 жылғы 13-наурыздағы, 2011 жыллдың 9-қарашадағы, 2016 жылғы 3-ақпанындағы съездерінде толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ
Бұл «Ақ жол» партиясының тұрақты тақырыбы. Елбасының шағын және орта бизнес пен отандық кәсіпкерлікті дамыту тапсырмаларымен сәйкес келетін бұл маңызды іс партияның үнемі назарында. Партия өзінің сайлауалды тұғырнамасында бұл туралы нақты бағдарламасын ұсынған болатын.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС
«Ақ жол» партиясы өз жұмысында шетелдік әріптестерімен байланысып, өзара тәжірибе алмасып тұрады. Парламенттік фракциясының Латвияның басқарушы «Виенотиба» партиясымен партияаралық байланыстары қалыптасқан. Фракция делегациясы «Виенотибаның» шақыруымен Рига қаласына барып, онда Латвияның Премьер-министрі Валдис Домбровскиспен, Латвия Парламентінің Спикері Солвита Аболтинямен және «Виенотиба» партиясының көшбасшысы Дзинтарс Закиспен кездесті. Фракция делегациясы «ГЕРБ» партиясының шақыруымен Болгарияға барып қайтты. «Ақ жол» партиясының делегациясы Болгария Республикасының Парламентінде Болгарияның басқарушы «ГЕРБ» партиясының Парламенттік фракциясының бюросының отырысына қатысып, фракцияның және партияның өңірлік бөлімшелерінің жұмыстарымен танысты. Сонымен бірге фракция депутаттары Польшаның Парламентіндегі «Гражданская платформа» басқарушы фракциясы жетекшісінің орынбасары Томаш Лэнзбен кездесті. Фракция құрамына екі палатадан 270 депутат кіреді, 25-і – Еуропарламенттің мүшесі. Кездесуде парламентаризм және демократияны эволюциялық дамыту саласында парламенттік фракциялардың өзара ынтымақтастығы туралы мәселелер талқыланды. Халықаралық деңгейдегі мұндай кездесулердің берері көп. Парламентализм жүйесі дамыған елдерден сабақ алып, өз тәжірибемізге енгізуге мүмкіндіктер пайда болады. Бәлкім олардың да «Ақ жолдан» алар сабағы аз емес шығар. Демократиялық қоғам құру сияқты ұзақ жолға енді ғана түскен біздің еліміздің алдында әлі де талай жұмыстар атқару міндеті тұр. Мақтаулы Батыс елдері мен атақты Американың өзі «Біз шынайы демократиялық қоғам құрып алдық!» деп мақтана алмайды. Сондықтан еліміздегі түрлі партияларға халықтың әлеуметтік-тұрмысын жақсартып, ел экономикасын көтеріп, ұлттық мүддемізді қорғай отырып Қазақ елінің даңқын жоғары деңгейге шығару жолында аянбай еңбек ету қажет. Бұл бағытта «Ақ жол» демократиялық партиясы өзінің үлкен үлес қосатынына сеніміміз мол. Бек Мырзаұлы qazaquni.kz