Мәмбет Қойгелді: Қазіргі қазақ қоғамында айтарлықтай зор серпіліс болмай тұр
2017 ж. 23 қараша
2856
6
Кез-келген ұлт-азаттық қозғалысы, оның ішінде Алаш қозғалысы да ағартушылықтан басталды. «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті, жаңа әліпби, т.б. шықты. Нағыз ағартушылық ситуация деген осы. Алаш зиялылары большевиктерден теориялық жағынан алға кетті. Өкінішке орай сол ұлы ағартушылық қызметі қазақ қоғамында 20 жылға ғана созылды. Алаш арыстары атылды, асылды, қуғындалды.
…Қазіргі қазақ қоғамында әлі күнге айтарлықтай зор серпіліс болмай тұр. Бір апта бұрын Алматы қаласында тағы бір қоғамдық ұйымның бастамасымен Қазан төңкерісіне 100 жыл толуына қатысты жиын өтті. Сол басқосуда өзіміздің беделді тарихшыларымыз баяғы отаршылық сарынға басып, «қазақтың көзін ашқан Қазан төңкерісі» деген баға беріпті. Осы арқылы бұқараға «бұрынғы кеңестік билікке балама жоқ» дегенді дәлелдемекші. Бұлар кімдер? Әрине, кешегі кеңестік идеология тәрбиелеген оқымыстылар. Бүгінгі конференция не үшін қажет? Жоғарыдағыдай пікір-ұстанымдарға тойтарыс беру үшін қажет. Сондықтан аталмыш жиынның маңызы зор деп білемін.
Мәмбет Қойгелді, академик(«Рухани жаңғыру: Алаш және азаттық идеясының сабақтастығы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөйлеген сөзінен)
Дереккөз: Алматы ақшамы