ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДАҒЫ АЛАШ ИДЕЯЛАРЫ
2017 ж. 02 қараша
6184
0
ҚР Президенті Н. Назабаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерді орнындау мақсатында 30-31 қазанжәне 27 қараша 2017 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Түркия Республикасының Гази университеті, Түркі тарихы қауымдастығы (Türk tarih kurumu), «Ақжол» демократиялық партиясымен біріге отырып «Ғасырлар тоғысындағы Алаш идеялары» атты «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.
Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.Конференцияның бірінші кезеңі 30-31 қазан 2017 жылы Алматы қаласында, екінші кезеңі 27 қараша 2017 жылы Анкара қаласында өтеді.
Алматыдағы бас қосу барысында «Алаш» идеясы мен Алаш мәселесінің тарихи аспектілері талданса, екінші кезеңде Анкарада ұлт зиялыларының рухани мұралары мен олардың маңызы, дәріптелуі талқыланады.
Конференция мақсаты – Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күрестеріне жол бастаған «Алаш» идеясы тарихы мен сол бағытқа өмірін арнаған Алаш қайраткерлері және оның мұрагерлерінің тартысқа толы тағдырының тәуелсіздік тұрғысынан маңызын ашып көрсету. Азаттық жолындағы күрестер сабақтастығын талдай отыра соның жемісі болған мемлекеттіліктің қалыптасу тарихын айқындау, ортаға ой салу, пікір алмасу.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, түрік, орыс және ағылшын.
Конференция жұмысына Түркиядан арнайы делегация –президенті доктор Рефик Туран (Refik Turan) бастағанTÜRK TARIH KURUMU өкілдері, Туркия, Ресей, Қырғызстан, Монғолияның және көрнекті қазақстандық ғалымдар, алаштанушылар менмемлекет және қоғам қайраткерлері, архивтер мен мемлекеттік мекеме басшылары, ЖОО өкілдері, жас ғалымдар қатысады. Конференция барысында белгілі алаштанушы ғалым М. Қойгелдиевтің «Алаш» қозғаласы атты зерттеу еңбегінің 2-ші томының тұсаукесер рәсімі өтеді. Конференция пленарлық мәжіліс пен 10 панельдік секциялардан тұрады.
TÜRK TARIH KURUMU – ХХ ғасыр басында К.Ататүріктің тікелей бастамысымен Түрік Республикасы Үкіметі жанынан Түркия тарихы мен түрік халықтарының тарихын зерттеу мақстатында құрылған қоғамдық ұйым. Аталған ұйым түркілдес халықтардың тарихы мен ортақ мұраларын зерделеуде зор үлес қосып келеді.
Конференция жұмысы «рухани жаңғыру» міндеттерін шешуде маңызды рөл атқарады, сонымен қатар «Алаш» мұрасының халықаралық деңгейде көтерілуі мен зерттелуіне жаң серпін береді деп күтілуде.
Ресми ашылуы мен пленарлық мәжілістің басталуы: 30 қазан 2017ж., сағ. 11.00.
Өтетін орны: әл-Фараби Ғылыми кітапханасы (4 қабат)
Байланыс телефондары: 87078307800 - Ақжамал Машрупқызы
87078737923 - Мадина Досбергенқызы