Қыпшақ тіліндегі көне қолжазбалар Армениядан Астанаға әкелінді (ФОТО)
2017 ж. 02 сәуір
5839
2
Арменияда сақтаулы тұрған қазақ тарихынан сыр шертетін көне қыпшақ тіліндегі қолжазбалардың көшірмелері енді Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың қорын толтырады.
Бұл туралы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Мұңалбаева өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.
- Армения еліндегі Матенадаран көне қолжазбалар институты əлемдегі үздік мəдени орталықтың бірі болып саналады. Əсіресе, мекеме ежелгі көне кітаптар қорымен ерекшеленеді. Сол сирек кітаптар қорында біздің тарихымызға қатысты қыпшақ қолжазбаларын кездестіруге болады.
[caption id="" align="aligncenter" width="683"] Месроп Маштоц атындағы Матенадаран[/caption]Армян-қыпшақ қолжазбасын ғалымдар он тоғызыншы ғасырдан бастап зертеуді қолға алыпты. Бұндағы қолжазбалар теріге де, матаға да, тастарға да жазылған.
Институтта тарихи жазбаларды қалпына келтіретін арнайы зертхана бар, оның техникалық жабдықтары заманға сай.
Жалпы алғанда институт қорында он жеті мыңнан аса қолжазба бар. Жүз мыңға жуық көне мұрағат құжаттары да сақталыпты. Ал ежелгі кітаптар саны екі мыңнан асады, - деп жазды өз парақшасында Ү. Мұңалбаева.
Елге әкелінетін көне қолжазбалардың ішінде "Сборник диакона Сагака. Кипчакский текст - рассказ диакона Дзерига, сына Нигола, о борьбе против монофизитства", "Сборник диакона Богдана", "Сборник Аведика", "Молитвенник диакона Миско, сына Мурада из Замостья, написанный по заказу Вартана, сына старосты Сучавы барона Агопши, для дочери Зофии" секілді кітаптар бар.