Әлихан Бөкейханның бүркеншек есімдері
2017 ж. 05 ақпан
8718
0
ХХ ғасырдың басындағы қазақтың тарих көшінің бағыт-бағдарын белгілеп, ел мен жердің болашағын, тілдің тағдырын, сана мен дәстүрдің тұтастығын сақтау үшін қалың елдің жұмысының жауапкершілігін мойынына жүктеп, басын бәйгеге тіккен тарихи тұлғамыздың туғанына биыл 150 жыл екенін тілге тиек етпесек өзімізге сын болар. «Жұрт үшін түс көрмей, ояу жүріп іздеген» ғалымның баспа беттерімен байланысы тығыз еді. Оның мақалаларының баспа беттерін көргендерінің өзі қаншама? Зерттеулерге сүйенер болсақ, мыңға жуық мақалалары мен очерктерінен басқа ғылыми публицистикалары қазақ және орыс баспаларының беттерінде жарияланған.Ұлт көсеміміз төңкеріс кезіне дейін төрт газет, оның үшеуі «Иртышъ», «Омичъ», және де «Голосъ степи» орыс тілінде жарияланса, «Қазақ» газетінде тұңғыш рет қазақ тіліміздегі мақала ұйымдастырылды. Ал төңкерістен соң қазақ тілінде «Қазақ» газетінен соң «Темірқазық» және «Шолпан» журналының жарыққа шығуына мұрындық болып, 1925 жылдан бастап шыға бастаған «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі», сонымен қатар «Сәуле» журналдарының баспа бетін көруіне себепкер болды. Оның алғашқы бір топ мақаласы «Особое приавленіе» къ «Акмолинскимъ областнымъ ведомостямъ» және «Дала уалаятының газеті» беттерінде қос тілде, яғни, қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Осы сәтте бір қызықты жайтты да да жаза кеткеніміз жөн болар. Желтоқсан айында жарық көрген соңғы екі мақаласына Омбы техникалық училищесінің жас қаламгері «Қыр баласы» және «Сын степей» деген лақап ат береді. Көп ұзамай ғалымның түрлі бүркеніш есімі көрсетілген туындыларын 1917 жылғы Ақпан төңкерісі мен Қазан бүлігіне дейінгі бір Омбының «Степной край», «Омичъ», «Голос степи», Томскінің «Сибирская жизнь», Семейдің «Семипалатинский листокъ», «Семипалатинскіе областны ведомости», Ташкент қаласының «Туркестанскіе ведомости», Орынбордың «Степь», «Қазақ» газеттері мен тұңғыш «Айқап» журналынан С.Петербордың «Сынъ отечества», «Речь», «Слово», «Наша жизнь», «Восточное обозрение», Ресей мұсылмандарының «Въ мире мусулманства» мен «Мусулманская газета» және «Сибирское вопросы» журналынан жиі ұшыратуға болатын. 1923 жылы «К.Степняк» деген лақап атпен «Кенесары Қасымовтың тарихына қатысты материалдар» атты еңбегі жарыққа шыққан. Бұл еңбекті саясаткер сарапшы-тарихшы ретінде көрініс береді. Оның мәліметі өткеннің мәселелерін жан-жақты зерттеп, анық көз жеткізуді қажет етеді.
Отаршыл Ресей империясының әкімшілігінің біздің шұрайлы жерлерімізді тәркіге салып, ішкі губернияларынан қоныстанып келген жерсіз шаруаларына үлестіріп бергенін ұлт көсемі қос тілде де бүркеншік есіммен жазуға мәжбүр болды. Оның бүркеншік есімдерінің анықталып, бізге мәлім болғаны отыздан асып жығылады. Көпшілігі орыс тілінде қолданылатынын да атап көрсете аламыз. Қазақ тіліндегі бүркеншік есімдерінің танымалы V, Ә.Н., Ғали хан немесе Әли хан, Қыр баласы, Арыс ұлы. Сонымен қатар, оның орыс тілінде де пайдаланған бүркеншік есімдері ауыз толтырып айтарлықтай. Атап айтсақ, А.Н., Сын степей, А.Б., Омский казак, Уак, Наблюдатель, Читатель, Н.Ш. есімдерін атап көрсете аламыз. Сонымен қатар, көптеген зерттеушілердің пікірінше, Әлихан Бөкейханов 1926-1936 жылдар аралығында Қазақстанның, Башқұртстанның, Өзбекстанның мерзімді баспасөздерінде өзінің еңбектерін «Степняк», «Қыр баласы», «Қалмақбай», «Читатель» деген түрліше лақап атпен жариялаған. Өзіміз білетіндей, Кеңес құрылысын қолдамай, ол өзінің 1920 жылғы шешіміне адал болып қала берді және Кеңес үкіметіне құлатуға тырысып, екі араға от салып, орынсыз жерге пышық сұқпай, халықты көтеріліске шақырмады. Ол барлығын сараптай келе:»...бізге ниеттестік білдірген жалғыз ғана билік-Кеңес үкіметі. Біз ұзақ уақыт жеке бірлік болып бөлініп шығуға талпындық, сонда Кеңес үкіметінен басқа ешкім бізді қолдамады»,- деп тоқтады.
Қазіргі таңда 1937 жылғы саяси «тазалаулар» кезіндегі ұлт көсеміне тағылған Қазақстандағы және Мәскеудегі пантюркистік орталықтардың жетекшілерімен байланыста болған деген жаңсақ ақпараттың теріске айтылғаны толықтай айна қатесіз анықталып отыр. Жала мен жорамалдардың мұндай қорытпасы сталиндік термидордың қорқынышты елесі «ежовщина» рухының көрінісі болып саналады.
Оның кадеттер партиясы ОК бойынша әріптесі В.И.Вернадский, меньшевиктер ОК мүшесі И.М.Майский де қуғындаудан сау қалды. Оның себебі, саясаттан тыс кеткен олар үшін Сталиннің айналасынан құдіретті қамқоршылар табылған болатын. Әлихан Бөкейхановтың ондай қамқоршылары блмаған еді, өкінішке орай. Ол 1920 жылдан бері еш жерде, ешқандай кеңеске қарсылық дегенге қатсықан емес, шамасы келгенше ел мен қоғам пайдасын тигізуге тырысты. Шамасы, ол қайсібір бұрынғы қарсыласына немесе «достарына» кедергі жасауы мүмкін.
Міне, осы жағдай 1937 жылы 26 маусымда НКВД қызметкерлерінің зейнеткерді тұтқындауына әкеліп соқты. Соңғы тергеуінде Алаш партиясы мен кеңестік билікке қарсы әрекеттеріне байланысты барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, ақтық сөзінде:»Кеңестік билікті сүйген емеспін, бірақ мойындауға мәжбүрмін»,-деп мәлімдеді. Ұлт зиялысының халқының мүддесі үшін жасаған ерен еңбектері мен өшпес ерліктері заман жастары мен келер ұрпақтың саналы санасында мәңгілік жатталып қалмақ.
Сман Жансая Әбдіразаққызы,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
филология және әлем тілдері факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
Дереккөз: Қамшы