Мұхтар Құл-Мұхаммед: Жас ұрпақ Алаш арыстарын ұмытпауы керек
2016 ж. 13 қазан
2300
0
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Қарағанды облысында болды, - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.
Сапар барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру сапасын тексерді, индустриалдық және агроөнеркәсіптік салалардың даму қарқынына бағасын берді, партия активімен кездесті, сондай-ақ, политехникалық колледж бен Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне барды.
ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесу Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Онда Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Халқымыз «тар жол тайғақ кешу» арқылы қол жеткізген тәуелсіздігіміздің бастауында Алаш арыстары тұр. Ресейдің ең үлкен университеттерінде білім алған Алаш қайраткерлерінің түпкі мақсаты автономия арқылы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру еді. Олар өздерінің бүкіл өмірін осы ізгі мақсатқа арнап, халқының болашағы үшін құрбан болды. Олардың есімдерін бүгінгі жастар ешқашан ұмытпауы керек», – деді.