“АҚ ЖОЛ” ЖЕҢІС күніне арналған ҰЛТТЫҚ ДАҢҚ ЛЕНТАСЫН тағы да шығаруда!!!

ЛЕНТА ПОСЛД
  Lenta kok Aq jol 2   “Ақ жол” партиясының елімізде екі жыл бұрын ең алғаш шығарған ұлттық оюмен көмкерілген  көк туымыз түстес көгілдір ДАҢҚ лентасы қазір барлық өңірде таратылып жатқаны белгілі. Биылғы таратылым  туралы мақаламыздан соң хабарласушылар көбеюде. Қатты қуанған ел патриоттары партияның орталық офисіне, өңірлердегі филиалдарымызға көптеп келіп,  сұраныс артуда. Сондықтан   “Ақ жол” партиясы ұлттық "Даңқ" лентасын көптеп шығаруды тағы қолға алды. Ұлттық лентаға дизайнына байланысты оқырмандар талаптары мен ұсыныстары да ескерілетін болады. Бұл шығарылым тек "Ақ жол" партиясы мүшелері үшін емес, қалың көпшіліктің сұрауы бойынша, жалпы халық үшін арнайы шығарылуда. Көк туымыз түстес көгілдір ДАҢҚ лентасының  жаңа шығарылымы  5 мамыр күні таратыла бастайды. Ақжолдық ұлттық  Даңқ көк лентасын  алып қалуға ұмтылыңыздар! Үлгіріп қалыңыздар! Астанада Орталық аппараттан (Сарайшық көшесі 11, офис 5),  облыс орталықтарында,  өңірлерде “Ақ жол” партиясының жергілікті филиалдарынан, алуларыңызға болады.Қай өңірден болсаңыздар да,  Орталық аппаратқа, ұйымдастыру бөліміі меңгерушісі Асылхан Қожахметовке (8-701-80-70-118) хабарлассаңыздар, барлық филиалдың телефондарын ала аласыздар. “Ақ жол” партиясының   9 мамырдағы Жеңісті жақындатқан батыр  ата-бабаларымызға тағзым ретінде – Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Рақымжан Қошқарбаевтардың есімдері жазылған ұлттық оюлы Даңқ лентасы  жылда еліміздің түкпір-түкпірінде дәстүрлі түрде таратылып жүр. «Қазақ үні» газеті мен  qazaquni.kz ұлттық порталында  бір аптадай бұрын Павлодарлық тілшіміз, ұлт патриоты  Руза Бейсенбайтегі бастаған бір топ қоғам белсенділерінің   «Ең басты масқара, георгий лентасы еш тосқауылсыз таратылуда!..» атты   Ашық хаты     http://www.qazaquni.kz/?p=35555   жарияланды. Павлодар қаласындағы Тәуелсіз мемлекетімізге қарсылық ретінде ешқандай тосқауылсыз ашық таратылып жатқан  отарлаушылық символы – Георгий лентасы туралы  Ашық хат  ҚР Премьер-Министрі  К.Қ. Мәсімовке, ҚР Бас прокуроры А. Дауылбаевқа, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік  Комитеті төрағасы Н.Әбіқаевқа, «Нұр-Отан» партиясы төрағасының орынбасары Б.Қ.Байбекке, «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты  А.Перуашевке  арнап жазылған.   Соған қарамай бұл заңсыздық тоқтамай, көп қалаларда, әсіресе, қайта солтүстік-шығыс-батыс   өңірлерде қарқын алуда. Қазақ елін отарлауды білдіретін жат пиғылдағы заңсыз қарашұбар георгий лентасы керек пе, әлде Тәуелсіздігіміздің белгісі Көк туымыз түстес көгілдір ұлттық ДАҢҚ лентасы керек пе?  Қазақстандықтардың  ұлттық намысы сыналар жер осы таңдауда! Георгий лентасын тарату заңсыз болатынын,  мемлекет оған тиым салғанын ескертеміз!

Қ.ЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫ

qazaquni.kz

kok-lenta-2 — копия (2)