Келімсек қытайлар қазақты қорлауын қашан қояды?
2014 ж. 13 қаңтар
1922
3
Негізгі ғимараты Алматы қаласында орналасқан «Sinepes-Қазақстан» атты Қытайдың ірі компаниясы басшылығы өзерінде қызмет істейтін қазақтарға күн көрсетпеуде. Олар ұрамын десе, қазақтарды сойылға жығып салады, жұмыстан шығарам десе, қазақтарды екі сөзге келмей, жұмыстан босатады.
Мысалы, осы компанияда жұмыс істейтін Руслан Қожахметовты туған анасын жерлеуге қатысқаны үшін шовинист, «ұлы қытайшыл» менмен қытай бастық еш негізсіз жұмыстан босатып, кейін, оны қайта қызметке алып, өзін қатарынан бірнеше рет сойылға жығып, ойларына келгенін істеп, тайраңдап жүр. Ал, қазақстандық құқық қорғау орындары қытайлардың қазақтарды қорлап, мына шектен шыққан басынуларына, мүлдем мән бермеуге тырысуда.
Р.Қожахметовтың айтуына қарағанда, осында жоғары қызметке келген қытайлар жоғары білімділігін дәлелдеу үшін өтірік әрі жалған дипломмен жұмыс істейді. Соны Руслан бірнеше рет әшкере еткені үшін, өзі қытайлар тарапынан қатарынан бірнеше рет сойылға жығылды.
Қытайларды Қазақ жерінде, отанымызда, осыншама еркінсітіп қойған кім? Біздегі құқық қорғау органдары тәртіп бұзған қытайларға неге жеңілдік жасайды? Олардың неге олай ететіндері, айтпаса да түсінікті. Парақор жүйе, кім пара берсе, соның сөзін сөйлейді. Бізде ұлттық намыс Біздегі бүкіл саяси жүйе қазақтарға қарсы жұмыс істеуде. Өздері құлдық санадан арылмаған, саяси жүйе атқамінерлері кім көрінгеннің астына жата кетуге дайын.
Онсыз да өздерінің тексіз, орысшыл құл-құтандарынан көрмегенді көріп, азап шегіп жүрген біздің қазақтарды енді қайдағы бір келімсек қытайлар басынды деген не сұмдық!..
Жұмаш Көкбөрі. Abai.kz