Ахметке арнау
2013 ж. 25 мамыр
5705
2
("Ақ жол" партиясының "Қазақ" газетінің 100 жылдығына арналған жиынында оқылған жыр)
Мұңын жырлап жиырмасыншы ғасырдың, Қазағыңа шуақ болып шашылдың. Ұлтың үшін зар еңіреп жүрегің, Ақиқат пен шындыққа кеп бас ұрдың. Өр мінезің қазағым деп салды ұран, Ұрпаққа айтар өлең еді бар мұраң. Масадайын жырмен шағып ояттың, Қиын шақта ел санасын қалғыған. Жүрегіңді кернегенде өгей мұң, Елдің жүгі оңай соқты демеймін. Көкірегің құса-дертке толды ғой, Жатып ұзақ түрмесінде Семейдің. Өкініштен сонда тұрып нар аға, Хат жазып ең қалам ұстап анаңа. Абақтыда өте берді тыншып түн, Қасіретің айналды да жараға. Сені еске алдық қайғырсақ та, жұбансақ, Арқаң еді шабытты өлең шығарсақ. Тынбай шарлап қалықтайтын көгімде, Бір аққу құс әндеріңді жүр аңсап. Жүрем ылғи күн болғанда нөсерлі, Аралаумен атыңдағы көшеңді. Ақша бұлттан нұрлы бейнең қол бұлғап,- деп тұрғандай туған халқым қош енді. Тұра алар ма сағынышын күз жырлап, Арман кеме бақытымды жүзді ұрлап. Біздің өлке әлі өзгере қойған жоқ, Қандай екен келіп жеткен сіздің жақ? Күз де жетіп гүл де толды ақ қырға, Қайта аңсаған бақытыңды таптың ба? Туған жерге сағынышы басылмас, Адам түгіл жүрегі жоқ аттың да. Қайта оянған ұлттың рухын тойлар ма ек, Өткен жайлы айтылғанмен ойлар көп. Егемендік алғанымен еліңіз, Еркіндікке әлі жете қойған жоқ. Отаныңа орнағанмен ғажап күн, Сонда көрген бақытымыз аз-ақ тым. Бұл күндері тамсандырмас талайды, Өзге тілде сайрағаны қазақтың. Мұңды жанның кейпіне енген дала тұр, Біздің заман шын өзгеріп баратыр. Анамыздың ақ сүтімен дарыған, Қасиетін жоғалтуда ана тіл. Сіздің заман батыр заман, нар заман, Біздің заман пақыр заман, тар заман. Тұзақ көріп бірін-бірі арбаған, Майлықожа жырлап өткен зар заман. Ақын аға рухың бізді қолдаса, Өрге апарар жырларыңнан жол жаса. Баяғыша ел жалған құжат жүзінде, Тек еркіндік алмағаны болмаса. Шетелдік жүр еңіретіп зар жұртты, Бай жымияр майға малған сәл мұртты. Ұлы Отаның – Нұр Отанға айналып, Алашорда партиясын жаңғыртты. Осылайша өткіземіз айларды, Көкіректе қанша айтпаған ой қалды. Дінің болса шетел құртқан о да аға, Сақалдының ермегіне айналды. Бір мезетке ұрпағыңа қарап қой, Жырларыңыз көп адамға таратты ой. Жиғандары иман емес жүрекке, Құйғандары жарты кесе арақ қой. О дүниеде жай тапты ма жаныңыз, Арайланып атуда ма таңыңыз? Бұрынғысы әлі өзгере қоймаған, Тура осындай, аға, біздің халіміз. Өр кеудеңе ұялаған тұнба жыр, Елге деген сағынышың қырда жүр. Ахмет дейтін есіміңе нар аға, Рахмет айтар келер ұрпақ мың да бір.Оралбек ЫСҚАҚ,
әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ тарих факультетінің 2 курс студенті