"Голощекин аштықты Кремльдің нұсқауымен жүргізді!"
2025 ж. 12 қыркүйек
319
0

Бұл ГЕНОЦИД емес, бұл ЭТНОЦИД!!!
2020 жылдың 3 маусымында «Ақ жол» партиясы қазақ жеріндегі Ашаршылыққа ресми түрде «геноцид» деп құқықтық баға беруді талап еткен еді.
Голодоморды зерттеген украиндық сарапшылардың өздерінің айтуынша, Қазақстанда ашаршылықтан 4 миллион астам отандастарымыз қайғылы құрбандыққа ұшыраған, Қазақ елінің саны 70 процентке азайып кетті.
Қазақ демографы Мақаш Тәтiмовтің деректерінде "ХХ ғасырда болған азамат соғысы, қолдан жасалған ашаршылық, қуғын-сүргiн кездерiнде, екiншi дүниежүзiлiк соғыста бас-аяғы 3 миллион 850 мыңға жуық қазақтың қырғынға ұшырағанын" айтады.
Қай ғалым болсын өз еңбектерінде "Ашаршылық" құрбандарының санына қатысты деректер әлі де толық емес екенін жазады.
Ұлтымыздың ұлы мұңын жоқтап, оған саяси бағасын беретін күн қашан туады? Мәселені Берік Дүйсембинов алаштанушы Сұлтанхан Аққұлұлымен ашып көрді.
Құрметті оқырман! Сілтеме арқылы ютубке өтіп коммент жазып, лайк басуды ұмытпаңыздар. Бұл ортақ іске қосар сүбелі үлесіңіз болады.