АТҚАРЫЛ ІС АЗ ЕМЕС, АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТ БАР
2024 ж. 19 мамыр
921
0
31-мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік жұмыстар» жобасын іске асыру бойынша Түркістан облыстық жұмыс тобының атқарған жұмыстары туралы толығырақ мәлімет беруді жөн санадық.
Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия құру туралы» №6 қаулысына сәйкес Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Өңірлік комиссия және 44 адамнан құралған арнайы жұмыс тобы құрылып, бағыттарға топтастырылды. Шымкент қалалық жұмыс тобының жұмысын қайталамау үшін Х бағыт (X. 1939-1945 жылдары фашистік Германияның, Финляндияның және басқа да еуропа елдерінің тұтқынында қалған қазақстандықтардың әскери тұтқындарын, сондай-ақ Түркістан легионында уақытша болған қазақстандықтардың әскери тұтқындарын зерттеу, қорытынды дайындау және оңалту жөнінде ұсынымдар дайындау жөніндегі жұмыс тобы) облыстық комиссиядан алып тасталды өзара келімі бойынша бұл бағыттар Шымкент қалалық комиссиясын тапсырылды. 8 жұмыс тобының мүшесі құпия құжаттармен жұмыс істеуге рұқсат етілген №2 форма алған.
Бағыттар мен олардың жетекшілері туралы:
1 III. 372 көтерілісті басу кезінде сотсыз немесе тергеусіз атылған саяси қуғын-сүргін құрбандарын, сондай-ақ соттан тыс және сот органдарының осы көтерілістерге қатысқаны және қолдағаны үшін қуғын-сүргінге ұшырағандарын зерттеу, қорытынды жасау және саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы құрылған болатын. Ең әуелі жұмыс тобының мүшелерімен танысып алсақ артықтық етпес.
1. Бағыт бойынша жетекші: Сандыбаева Ақмарал Дайырқызы. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тарих кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.
2. IV. Қазақстанға күштеп көшірілген халықтар мен арнайы қоныстанушылардың ақталмаған қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі жұмыс тобы. Бағыт бойынша жетекші: Динашова Ләззат Сарсенбекқызы. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тарих кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.
3. V. Кулактар, байлар, жартылай феодалдар (орта шаруалар) және шаруалардың ақталмаған қуғын-сүргін құрбандарын зерттеу, қорытынды және ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы. Бағыт бойынша жетекші: Шардарбекова Гүлнара Садібекқызы. «Түркістан облысынының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.
4. VI. 1916-1930 жж. Мемлекеттің жазалаушылық әрекеттері мен биліктің саяси қуғын-сүргін кезіндегі түрлі зорлық-зомбылық саяси науқандар мен аштық кезінде Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған қазақстандық босқындары ақтау бойынша зерттеу, ұсыныстарды дайындау және енгізу жұмыс тобы. Бағыт бойынша жетекші: Тұрсын Хазретәлі. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тарих кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы
5. VII.Большевиктік-сталиндік режимнің шаруаларға қарсы күшейтілген ұжымдастыру, сатып алу және басқа да саяси науқандарының құрбандарын зерттеу, қорытынды және ұсыныстар дайындау жөніндегі тобы. Бағыт бойынша жетекші: Исатаева Айдын Кеңесбайқызы. «Түркістан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.
6. VIII. Ақталмаған қазақстандықтар НКВД Гулагының 26-лагерінде болған саяси қуғын-сүргін құрбандары сондай-ақ, олардың отбасы мүшелеріне ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы. Бағыт бойынша жетекші: Хазіретәліқызы Райгүл. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ғылыми қызметкері, философия докторы (PhD)
7. IX. Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін жеке күрескен адамдардың, сондай-ақ осы идеялар үшін адамдардың саяси баяндамаларына қатысушылардың (адамдар тобының), қоғамдық және саяси ұйымдардың, сондай-ақ қызметтік, ғылыми, мәдени және басқа салалардағы идеялары үшін мемлекеттік қудалауға және қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың толық құқықтық және саяси ақтауға арналған пікірлер мен ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы. Бағыт бойынша жетекші: Тасыбекова Камшат Қиятқызы. «Түркістан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары.
8. XI. Дәстүрлі дін өкілдері – саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін зерттеу, қорытынды және ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы. Бағыт бойынша жетекші: Кенжетай Досай, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ теология факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор.
Өңірлік комиссияның үш жылда 10 отырысы өтті. Жұмыс тобы жоспарға сай жыл сайын 6 отырыстан барлығы 18 отырыс өткізді. Жұмыс тобы мүшелері республикалық семинарларға қатысып отырды. 3 жылда 6 семинар өткізді.
Үш жылда барлық категориялар бойынша барлығы 6193 адамның (құжаттық негізде анықталғандары) құқықтық тұрғыда ақталмағандығы анықталды. Олар ақтауға ұсынылды.
Өңірлік комиссия мен жұмыс тобы Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасына қарасты «Жетісай өңірлік мемлекеттік архиві», «Кентау өңірлік мемлекеттік архиві» және «Сарыағаш өңірлік мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде:
1.Өңір бойынша күштеп ұжымдастыруға, астық және ет дайындауға қарсы іс-қимыл жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны 1200 адам (құжаттық негізде анықталғаны) екендігі анықталды
2. Шаруалар көтерілістері бойынша: Созақ, Бостандық, Қызылқұм көтерілістерінің басшыларынан 14 жетекші анықталды. Көтеріліске қатысқандығы үшін тікелей қуғындалғандардың болжамды жалпы саны 2500-ден астам.
Түркістан облысы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарының жаппай жерленген, шайқас болған, атылған жерлерінен бүгінгі күнге дейін анықталып, ресми танылған жерлер мыналар:
3.1930 жылғы ақпан айындағы Созақ көтерілісін басып-жаншу және қуғындау барысында мынадай жаппай жерлеу орындары анықталған:
А) Созақ ауылының ортасында Ақтас деген жерде 40-50 көтерілісшінің мүрдесі көмілген. Басына волонтерлер ескерткіш белгі орнатқан. Мемлекеттің есебіне алынбаған.
Ә) Созақтан 2 шақырым жердегі Тастақсайға шайқас кезінде қаза болғандар мен шайқастан кейін атылғандар көмілген. Нақты саны белгісіз. Ескерткіш белгі жоқ.
Б) Созақтан 10 шақырым жердегі Дуана деп аталатын жерге концентрациялық лагерь үлгісінде жертөлелер қазылып, көтеріліске қатысқандардың туыстары қамалған және азапталған. Жанында жаппай жерлеу белгілері бар. Әзірге толық анықталмаған. Нақты қанша адамды қамтығаны белгісіз. Ескерткіш белгі жоқ.
4. 1931 жылғы Қызылқұм көтерілісіне қатысушылар және атылғандарға арналып Өзбекстан Республикасы Науайы облысы Кенимех ауылына таяу жерге ұрпақтары ескерткіш белгі орнатқан. Ескерткіш жаңғыртуды қажет етеді. Осы іс бойынша 14 адам атылған, 8 адам 10 жылға, 3 адам 5 жылға сотталған. Қылмыстық істер ҚР ПА қорында. Істі құпиясыздандыруға ұсынғанымызбен қолымызға тимеді. Қатысқан, жазаланғандар саны нақтыланбады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуы керек.
Көтеріліс басшысы Ағатай Қарақұловтың қайраткерлігі мемлекеттік деңгейде ұлықтауға лайық.
5. Бостандық ауданындағы көтеріліс бойынша іздестіру жұмыстары тек архивтермен шектелді, геосаяси және қаржылық жағдайға байланысты экспедицияға баруға мүмкіндік болмады.
6. 1921-1923 жж және 1931-1933 жж ашаршылық кезінде аштық пен аурудан қайтыс болғандарды жаппай жерлеу орындары туралы құжаттық және ауызша деректер жиналды:
1.Түркістан қаласының төңірегі (темір жол станциясының жаны)
2. Шәуілдір мен Темір станциясының арасындағы зират т.б.
3. Сарыағаш ауданындағы Дарбаза стансасының жанында Ташкентке ағылған ашаршылық босқындарын поездан алып қалып фильтрация жасаған. Аштықтан, аурудан өлгендер жерленген. Қорым барынша ауқымды. Нақты жерленгендер саны белгісіз. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуы керек (жерленгендер санын анықтау, қорымды қорғауға алу т.б.). Құжаттары Ташкент архивтерінде. Қолжетімсіз болды.
2022 жылы Мемлекеттік коимиссияға бірыңғай сериямен шығаруға 2 том (Түркістан өңіріндегі кәмпеске науқанының құжаттары; Архив құжаттарындағы Түркістанның шерлі тарихы) және 2023 жылы 2 том («Түркістан өңірінен ауакөшу тарихының архивтік құжаттары», «Түркістанға депортацияланғандардың құжаттар» жинағы) тапсырылып жарыққа шықты. Оған қосымша «Халық жады» және «Алаш қозғалысы тарихына қатысты «Алаш қозғалысының Түркістан қанаты» томдары ұсынылды. Уникальный құжаттар кездеспеді. Жергілікті бюджетпен 2022 жылы 7 құжаттар жинағы, 1 монография; 2023 жылы 7 құжаттар жинағы, 1 монография басылып шықты.
Жобалық офиске 11 (он бір) том архив құжаттарының топтамасы тапсырылды.
Сырдария округі аумағынан (қазіргі Түркістан облысы және Жамбыл, Қызылорда облыстырың жартысы) Өзбекстан мен Тәжікстанға ауа көшушілер мен ашаршылық босқындарының болжамды саны 500-550 мың шамасында. Тәжікстанның өзінде 1930-1935 жылдары 100 мың қазақ ауакөшушілері кірекештік жасап, ауылшаруашылығы мен құрылыстарда жұмысқа тартылғаны анықталды. Қазақтарды көшіріп алуға Тәжікстан Үкіметі арнайы жоспармен жұмыс жасағаны да анықталды.
Зерттеу-іздестіру барысында мынадай мәселелер анықталды:
2) Шаруалар көтерілістері бойынша: Созақ, Бостандық, Қызылқұм көтерілістерінің басшыларынан 14 жетекші анықталды. Көтеріліске қатысқандығы үшін тікелей қуғындалғандардың болжамды жалпы саны 2500-ден астам.
Түркістан облысы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарының жаппай жерленген, шайқас болған, атылған жерлерінен бүгінгі күнге дейін анықталып, ресми танылған жерлер мыналар:
1930 жылғы ақпан айындағы Созақ көтерілісін басып-жаншу және қуғындау барысында мынадай жаппай жерлеу орындары анықталған:
А) Созақ ауылының ортасында Ақтас деген жерде 40-50 көтерілісшінің мүрдесі көмілген. Басына волонтерлер ескерткіш белгі орнатқан. Мемлекеттің есебіне алынбаған.
Ә) Созақтан 2 шақырым жердегі Тастақсайға шайқас кезінде қаза болғандар мен шайқастан кейін атылғандар көмілген. Нақты саны белгісіз. Ескерткіш белгі жоқ.
Б) Созақтан 10 шақырым жердегі Дуана деп аталатын жерге концентрациялық лагерь үлгісінде жертөлелер қазылып, көтеріліске қатысқандардың туыстары қамалған және азапталған. Жанында жаппай жерлеу белгілері бар. Әзірге толық анықталмаған. Нақты қанша адамды қамтығаны белгісіз. Ескерткіш белгі жоқ.
2. 1931 жылғы Қызылқұм көтерілісіне қатысушылар және атылғандарға арналып Өзбекстан Республикасы Науайы облысы Кенимех ауылына таяу жерге ұрпақтары ескерткіш белгі орнатқан. Ескерткіш жаңғыртуды қажет етеді. Осы іс бойынша 14 адам атылған, 8 адам 10 жылға, 3 адам 5 жылға сотталған. Қылмыстық істер ҚР ПА қорында. Істі құпиясыздандыруға ұсынғанымызбен қолымызға тимеді. Қатысқан, жазаланғандар саны нақтыланбады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуы керек.
Көтеріліс басшысы Ағатай Қарақұловтың қайраткерлігі мемлекеттік деңгейде ұлықтауға лайық.
3. Бостандық ауданындағы көтеріліс бойынша іздестіру жұмыстары тек архивтермен шектелді, геосаяси және қаржылық жағдайға байланысты экспедицияға баруға мүмкіндік болмады.
4. 1921-1923 жж және 1931-1933 жж ашаршылық кезінде аштық пен аурудан қайтыс болғандарды жаппай жерлеу орындары туралы құжаттық және ауызша деректер жиналды.
1.Түркістан қаласының төңірегі (темір жол станциясының жаны)
2. Шәуілдір мен Темір станциясының арасындағы зират т.б.
3. Сарыағаш ауданындағы Дарбаза стансасының жанында Ташкентке ағылған ашаршылық босқындарын поездан алып қалып фильтрация жасаған. Аштықтан, аурудан өлгендер жерленген. Қорым барынша ауқымды. Нақты жерленгендер саны белгісіз. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуы керек (жерленгендер санын анықтау, қорымды қорғауға алу т.б.). Құжаттары Ташкент архивтерінде. Қолжетімсіз болды.
5. Сырдария округі аумағынан (қазіргі Түркістан облысы және Жамбыл, Қызылорда облыстырың жартысы) Өзбекстан мен Тәжікстанға ауа көшушілер мен ашаршылық босқындарының болжамды саны 500-550 мың шамасында. Тәжікстанның өзінде 1930-1935 жылдары 100 мың қазақ ауакөшушілері кірекештік жасап, ауылшаруашылығы мен құрылыстарда жұмысқа тартылғаны анықталды. Қазақтарды көшіріп алуға Тәжікстан Үкіметі арнайы жоспармен жұмыс жасағаны да анықталды. Өзбекстандағы ауакөшушілердің құжаттары қолжетімсіз болды.
6. Өңірде күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру кезінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың болжамды саны 350 мың адам. Іздестіру жалғасуда. Толықтырылатын болады.
7. Науқан салықтар барысында қуғындалғандар саны: 1200 адам. (құжаттық негізде анықталғаны)
8. Облыс бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшырып, әртүрлі жазаға тартылғанымен осы кезге дейін құқықтық тұрғыда ақталмағандардың жалпы саны 6248 адам. (құжаттық негізде анықталғаны).
9. Қазіргі кезде музейге айналдырылған Шаян мешіті мен медресесі өз мақсатына қызмет етуі керек.
Мәселенің зерттеу нәтижелерін нақтылау үшін Мәскеу, Тәжікстан және Өзбекстан архивтерінде жұмыстар жалғасуы керек.
Өңірлік комиссия 2022 жылы 2, 2023 жылы 1 респулликалық ғылыми-практикалық конференция, 4 «Дөңгелек стол басындағы кездесу», 5 телехабар, 2 рет кітаптардың таныстырылымын ұйымдастырды.
БАҚ-та, атап айтқанда - Юж-Казахстан, Жануби Қазақстан, Өзге пікір, Қазақ әдебиеті , Ана тілі, Сыр бойы, Жаңақорған тынысы, Алғабас т.б. газеттерде, https://otauinfo.kz сайтында 36 ғылыми-көпшілік мақала, сұқбаттар жарыққа шықты. Әлеуметтік желілерде 40 жазба жарияланды,
Жұмыс тобы мүшелері с сапарларға Астана, Алматы, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей Федерациясына барды.
Республикалық Ономастикалық комиссияға ұсынылған есімдері ұлықталуға тиісті тұлғалар: Мына тарихи тұлғалардың есімдері көшелерге, мәдени-әлеуметтік нысандарға беру жөніндегі республикалық ономастикалық комиссияның тізіміне енгізу ұсынылады.
І республикалық тізімге
Алдабергенов Серіқұл (Серкул) – (1873-1936)
Әділев Дінмұхамед (Дінше) (1900-1930).
Болғанбаев Қайретдин (Қайралдин) Әбдірахманұлы (1894-1937) -
Бірімжанов Ғазымбек (1896-1937)
Қожықов Қоңырқожа (1886-1938)
6. Қоңыратбаев Әлібек (1907-1937)
7. Қоңыратбайұлы Қалжан (1877-1940)
8. Лапин Серәлі (Шер-Али) (1868-1919)
9. Мұстамбаев Ыдырыс
10. Ғалымжанов Файзулла
ІІ жергілікті деңгейдегі тізімге
Бабаев Уәш (1809-1938)
Әзімхан Ахметұлы Кенесарин (1878, Шымкент қаласы – 29.10. 1937)
Мұртаза Шоқаев (Мұстафа Шоқайдың туған інісі) 1890 ж.
Кенбаев (Кембаев) Сеитбек Кенбайұлы (1897-1938
Күлетов Қазмұхамед Кәрібайұлы (1897-1938)
Құлтасов Фазылбек (1890-1937)
Мұңайтпасұлы (Лапин) Әбдірахман (1901-1963)
Османов Садуақас
Өтегенов Садық Қалмұхамедұлы (1874-1937)
Палманов Икрам
Созақ көтерілісінің басшысы Сұлтанбек Шалақов
Қызылқұм көтерілісінің басшысы Ағатай Қарақұлов
Сәруар ишан Ибадуллаев – дін қайраткері.
Исаев Жанаділ
Дос Әбілхайыр – Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет істеген. 1937 жылы тұтқынға алынып, атылған.
qazaquni.kz