ІРІ БАЙ ДЕП КЕДЕЙДІ КҮЙДІРГЕН
2024 ж. 12 мамыр
682
0
Сонау 1928-1937 жылдарғы бай-құлақты тәркілеу «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» деген ұранмен жүргізілгені мәлім.
Сол кезеңдерде еліміздің оңтүстік өлкесінде жүргізілген әлгіндей науқан құжаттарынан дәл осындай «шаш ал десе бас алған» жағдайды анық көргендей боламыз.
Мәселен, «№31. Ірі бай Байкөбек Мұратұлының жасырылған
мал-мүлкінің тізімінің актісі. Бадам ауданы 22-ауыл. 24 сентябрь, 1928 жыл» деген хаттамаға көз жүгіртейік.
22-23 ауылға ірі байлардың малын алуға шыққан уәкіл Бақұлы, Тәжікұлы, Меңдібайұлы, Байқонұлы, Қиятайұлы, Айнабекұлы, Жарымбетұлы болып мына төмендегі актіні жасадық.
22-ауылға қарасты атақты ірі бай Байгөбек Мұратұлының қолындағы барлық малдары 23 күні түнде опись етіліп, кәмпескелеп, әрбір түрлі әдістермен де жасырған малдарының көбісін таптық. 24 сентябрде сағат 2-де Байгөбек Мұратұлының Сайрам базарынан келе салып «Жасырған малды неге айттың?» деп баласын ұрып, қатындарын боқтағаны туралы әңгіме ауыл кедейлерінің арасында сөз бола бастады.
Біздің істеген жұмысымызға бағынбастан жасырған малдарын, тығып қойған атын тауып алдық. Үйіндегі барлық киіз, кілем мол болған. 9 бөлек теңді 22-ауылдың азаматы Айтбай Қытаубайұлы, Әділбек Мұратұлының үйлеріне апарып тығып қойған жерінен тауып алдық.
18-21-22-ауылдардағы жасырылған аттың саны: 9. 2 түйе.
Тоғанаста 4 тең, 2 тең ақ киіз.14 ірі өгіз. Осы малдарды ақиқат жасырғандығына біздер акт жазып қолымызды қоямыз.
Акт жасаушылар қолы: Бақұлы, Тәжікұлы, Меңдібайұлы, Бикенұлы, Байқонұлы, Жарымбетұлы.
Осы жоғарыдағы көрсетіліп, жасалған актінің ақиқаттығына 22-ауыл аткомы куәләндіріп қолымды қойып, мөр бастым.
22-ауыл атком ағасы (Айнабек әйелі).
ТОМА. Қ. 74. Тіз. І. іс 286.Б. 23.
***
Осы сияқты «№32. Тасболат Шінәліұлы баласының мал-мүлкінің тізімінің актісі» деп аталған тағы бір хаттама не дер екен?
■ 25 сентябрьде мен Бадам аудандық атком комиссиямен оны төмендегі акт осыны жасауға Тасболат Шінәліұлы баласының үйіндегі дүниесіне, қорадағы малына:
1.Үй дүниесі 9 басылым табылған.
2. Үйдің керегесінен 6 бөлек дана.
3. Желбау үйдің – 7.
4. Үйдің бас арқасы. 1-9 құлаш.
5. Уықтың бауы. 40 бөлек.
6. Ала арқан. 1-8 құлаш, 152 қоңыр арқан, 1 дана түңлік.
7. Басқұр үйдікі. 6-2 құлаштан 12 құлаш.
8. 5 туырлығы, екінші 1 түңлік.
9. Кестелі орамал, бір шапан, 2 метр мата, 6 жас баланың бірнеше камзолы.
10. 8-бөліктегі көрсетілген тұрған бір сандық бар.
11. Қой терісінен 5 дана.
12. Таңғыш 4 уық бауы, 15. 2 басқұз, 3 бау уық.
13. 2-бөліктегі көрсетілген 1 төсек киіз бар.
14. Үзеңгі шиырғыта киіз өз бауларымен уық.
15. Бір данамен қоса 9 ішік, 1 дана орамал, 2 метр мата, 2 шай орамал ішіндегі үкісі бар, 1 шай орамал, 1 пар етік, тоқылған ішік, басы бір дана, 9 дана білезік, 8 дана жарма, 2 сары машина жіп, 2 сәлде жұпсырға, 2 оймақ, 9 дана сақина бөрік. Мал алғандар 9-ауылдағы:
1. Комиссия Тіленшіұлы. 4 жан тамы бар, малы жоқ.
2. Тазабек Қалмұратұлы малы жоқ, тамы бар, 2 кесек ақ киіз.
3. Намазбай Жылқыбайұлы малы жоқ, тамы бар, үйі жоқ. Текемет.
4. Байділдәұлы Қуаныш 4 жан тамы бар, үйі жоқ, бір сары ат, 6 жасар бір қоңыр өгіз мүйізін қырыққан. Осы атты, өгізді алдым деп бармақ бастым.
Мен бір текемет алдым деп комиссия Тіленшіұлы бармақ басты.
Намазбай Жылқыбайұлы бір текемет алдым деп бармақ басты.
Осы жоғарыдағы ақиқат кедейлер мал алды малы қолында.
9-ауыл кеңес ағасы Тілеубердіұлы...
Бұдан байқайтынымыз, нағыз асыра сілтеу деген, сірә, осы болар. Жаңа үкіметтің атқамінерлері жоғарының тапсырмасын орындаймыз деп кілең кедейді зар еңіреткенін көреміз. Мұндағы мүлкі тәркіленген жанның дені ірі бай емес, әрі кетсе орта шаруа ғана. Яғни, бұдан бір ғасыр бұрын да сорлаған сол өз ағайынымыз екеніне көз жетеді.