ӘЛИХАН - ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КҮРЕСКЕРІ
2022 ж. 10 желтоқсан
8401
1
«Алаш-Орда» автономиясының құрылғанына 105 жыл толуына және «Алаш - Орда» автономиясының тұңғыш төрағасы Әлихан Бөкейханның есімінің Октябрь ауданына берілгендігіне бір жыл толуына арнайы, Әлиханның шырақшысы, Өлкетанушы Тұңғышбай Өміртайұлы, немересі Медеумен бірге арнайы - ӘЛИХАН - ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КҮРЕСКЕРІ деректі фильм дайындап, "Жаңа Майқұдық" мәдениет үйінде қалың жұртқа тұсаукесерін өткізді.
Әлиханның есімін ең алғаш қазақ даласында, тіпті бүкіл әлемге тұңғыш рет туған жері Ақтоғайдағы мектеп иеленді. Әлихан Бөкейханның ең алғашқы ескерткіші – туған жерінде Ақтоғайда орнатылды. Әлиханға деген алғашқы ізденіс сол Ақтоғайда басталды.
1921 жылдың шілде айында Әлекең елге оралады. 1922 жылдың қазанында абақтыға жабылғанға дейін туған жері Желтауда болады. Ел ішінде жүргенде Желтаудан Қарқаралы, Семейге Шабанбай бидің тікелей ұрпағы болып келетін менің Атам Сәдуақас Әбілдиннің тарантас арбасымен қатынап тұрыпты. Сәдуақас атамның әкесі Әбілда бір қауым елді аузына қаратқан би болған адам.
Сәдуақас (Ақа) әкеміз Тоқырауын еліндегі Алашорда қозғалысының белді бір мүшесі, тілектесі болатын. Ол кісінің әлеуметтік өмірінің Алаш қозғалысына байланысы, Алашорда көсемдері Бөкейханов Әлихан мен Ермеков Әлімқанмен жақын таныстығы еді.
Таныс – байланысты болудың себебі бар. Ақаның бірінші әйелі Сәкейдің әкесі Нығметжан мен Ермеков Әлімқанның әкесі Әбеу жақын туыс. Олай болса Әлімқан Ақаға балдыз болып келеді.
Ақаның інісі Мәжетайдың бірінші әйелі Бәтей Жар мен Нұрбектің қызы. Нұрбек Әлиханның емшектес қарындасы. Бұл жағынан төрелермен – Бөкейхан тұқымымен құда – жекжат.
1922 жылы октябрьдің 10-11 күндері Әлихан Бөкейханды Қарқаралының ЧК-сынан келген екеу, Желтаудағы атамекенінен шақырумен алып кетерде, Әлекең бір тәулікке рұқсат алып, ел адамдарынан өзінің сыйластарымен сұқбаттасып, қоштасып аттанған. Сонда Әлекеңнің шақыруымен жиналған азғантай ел жақсыларының бірі сол жылы 28-дегі Әбділданың Сәдуақасы болатын.
Бұл Әлекеңнің елден соңғы кетуі еді.
Көсемнің жолдасы әрі атқосшысы болған Сәдуақас Әбілдиннің тарантас арбасын, көне жәдігер ретінде 2012 жылы Қауаз Мұқажанов ақсақал (Сәдуақас атамның жиені) Ақтоғайдағы мұражайға өз қолымен табыстаған болатын.