Тарихынан безгендер ғана өз ұлтына қарсы шығады - Айгүл Елшібаева
2022 ж. 22 маусым
5616
0
Біз, Исламды ұстанған Түркі Империясын құрған Шыңғысханның ұрпағымыз. Шыңғыс ханның баласы Ұлытауда жатқан Жошы ханның мазарындағы деректер.
Атақты ғалым, қазақ археология ғылымының негізін салушы Əлкей Марғұлан 1946 жылы Ұлытаудағы Жошы хан кесенесін қазған. Кейін, Əлекең ол жөнінде былай деген: "Көкжиектен 0,8 м тереңдікте артқы қабырғаға параллель орналасқан екі мола шұңқырлары бар сағана ашылды. Бірінші моланың қабырғасы жəне негізі оның ұзындығы - 2, 20 м, саз балшық сылағының үстінен алебастр сылағының қалың қабатымен жабылған. Моланың ішінен бір қолының сүйектері жоқ орта жастағы ер адамның жақсы сақталған қаңқасы сақталған. Бұл факт Жошы ханның бір қолы болмаған деген аңызға сай келеді. Моланың солтүстік-батыс бөлігінде жоғарғы жақ бөлігі жоқ бас сүйек табылды. Ұзындығы - 1, 90 м екінші молада біріншіге параллель əйел жерленген, Жошы ханның əйелдерінің бірі.
1929 жылы Атбасардың тұрғындары "ханның қазынасын іздеу мақсатында" екі моланы қазғандары белгілі. Осының нəтижесінде жерлеу мүкəммалы өзінің алғашқы кейпін жоғалтқан, ал Жошы ханның əйелінің бас сүйегі оның моласына ауысып кеткен.
Бірінші моланы тазарту кезінде жерлеу киімінің жəне терінің (қызыл сафьян) жыртысы табылды. Тас табыттың түбіне салынған мәйіттің жауырын сүйектерінің астында араб жазуы бар тақта жатты. Əлкей Марғұлан шығармалары. 9 том, 376 - 377 беттер.
( Ерлан Төлеутай фб-та бөліскен екен)
Шыңғысхан Моңғол деушілерге, ескерту Шыңғысханның баласы мұсылман болмай, кәпір болса, Жошының моласында мүрдені жапқан Арабтың жазуы бар тақтайлар не істеп жатыр?
Түркі мәдениетін көтерген, жарты әлемді билеуші Шыңғысханды, Қазақ хандығын құрған оның ұрпақтары екенін білмейтіндер де бар екен. Қазақтың тарихынан қазақ ұлтынан безгендер ғана, тарихымызға қарсы шығатынын ұмытпайық.
Тарихты жасаған тұлғалардың әруағынан қорықпайтын, өз тарихын қорлаған мәңгүрттерден Алла сақтасын. Жошы ханның әруағы, қазағымның ұлтжанды азаматтарын желеп-жебесін.
Айгүл Елшібаева,
Фейсбук парақшасынан