Берік Уәли: Алаш қозғалысы тарихымыздың ерекше кезеңі
2020 ж. 21 қыркүйек
2207
0
Көптеген адамдар ұзын саны жиырмаға тарта Алаштың басты адамдарын ғана біледі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
- Тарихтың осы кезеңі студент кезімнен мені қызықтырған. Сол қызығушылықтың бір жемісі “Беймәлім Алаш” деректі фильмдер циклі. Тәуелсіздіктен бері, Алаш тақырыбында қаншама зерттеу жасалды. Бірақ, көптеген адамдар ұзын саны жиырмаға тарта Алаштың басты адамдарын ғана біледі. Оның өзінде көп нәрсе ақтаңдақ қалпында. Біз қал-қадірімізше осы ақтаңдақтарды толтыруға тырыстық. Сонымен бірге, фильмдерде қажетті тұстарында кәсіби актерлердің ойнын да пайдаланылып, тиісті құжаттар да көрсетілді. Сілтемелері YouTube желісіне жүктелген - дейді ол.
Сонымен қатар, Берік Уәли “Беймәлім Алаш” деректі фильмдер циклінің YouTube арнасындағы сілтемелерімен бөлісті.
“">Беймәлім Алаш. Әлихан Бөкейхан” ">“Беймәлім Алаш. Жүсіпбек Аймауытов” ">“Беймәлім Алаш. Халел Ғаббасов” ">“Беймәлім Алаш. Уәлитхан Танашев” ">“Беймәлім Алаш. Айдархан Тұрлыбаев” ">“Беймәлім Алаш. Бақтыгерей Құлманов” ">“Беймәлім Алаш. Қайреддин Болғанбаев” ">“Беймәлім Алаш. Райымжан Мәрсеков” ">“Беймәлім Алаш. Қошмұхаммед Кемеңгер” ">“Беймәлім Алаш. Тұрағұл Абайұлы” ">“Беймәлім Алаш. Аққағаз Досжанова” ">“Беймәлім Алаш. Қазы Нұрмұхаммедұлы”
- Алғашқы үш бөлімі досым Ерлан Қарин “Қазақстан” теле-радио корпорациясының тізгінін ұстаған кезде түсірілсе, корпорация тізгінін Ләззат Танысбай ұстаған соң да жобаның өзектілігін, ұлт тарихына қажеттілігін ескеріп, жалғастырып келеді. Бұл ұлт тарихы мен ұлттық идеологияға деген жоғары түсініктің көрінісі деп білем. Алаш қозғалысының ақтаңдақ тұстарын көре жүріңіздер. Сіздер үшін арнайы сілтемесін қоса салдым. Кеше ғана “Абай” арнасында “Беймәлім Алаштың” қайта беріліп жатқанын көріп қуанып қалдым. Шығармашылық ұжым болып, бізбен ұғыса жұмыс атқарған Ербол Алшынбай бастаған жігіттерге де алғыс, - дейді ол.