Ғарифолла Әнес: ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ
2020 ж. 11 қыркүйек
3337
1
(Ағартушының педагогикалық еңбектері хақында)
Бір ғасыр бұрын өзі шығарып отырған «Қазақ» газетінде Ахаң – Ахмет Байтұрсынұлы жалпақ қазаққа жар салады: «Қазақ бастауыш мектебі қандай боларға керек? Бұл туралы ашылып пікір айтылған жоқ. Петербургта болатын мұсылман кеңесінде мектеп мәселелері қаралмақшы, оған қазақтан баратын адамдар қазаққа қандай мектеп керек екендігін біліп барарға тиіс. Сондықтан «Қазақ» өз пікірін айтып, жұрт құлағына салмақшы» («Қазақ» газеті, 1914, №61, 9 май).
Шынында да, «Қазақ бастауыш мектебі қандай боларға керек?». Мына көпке келген індет, пандемия тұсында бастауыш мектебіміздің халі нешік? Алты-жеті жасар балапан ұстаздың алдын көрмесе, партаға отырмаса, қалайша қолына қалам алып дағдыланбақ? Бір сыныпта он бала ғана отырып оқысын деген үкімет бұйрығын орындауға сол үкіметтің қауқары жетер ме? Оны орындау үшін топырлап бестен-оннан ашылып жатқан бастауыш сыныптардың мұғалім саны да (яғни, төленер айлық) төрт есе, оқу орны да (яғни, ғимарат) төрт есе ұлғаймақшы. Екі ауысыммен оқуды әупірім деп игеріп отырған білім беру мекемелері бір сәтте төтеннен келген төрт есе ауыртпашылықты көтере алар ма?..
2. БАСТАУЫШ МЕКТЕП
Бұрынғы қазақ мектебі, дала төсіндегі оқу-ағарту жай-күйі дегенде ойымызға тиянақты ештеңе келе қоймайды. Әрі кетсе, «революцияға дейін қазақтың екі-ақ пайызы сауатты болған» деген жаттанды цифр-цитата, болмаса бала оқытқанда қолынан таяғы түспейтін надандау молда бейнесі көз алдымызға келеді.
Көшпелі қазақ қоғамындағы мектебі жайындағы орыс мұрағаттарындағы алғашқы деректер ХІХ ғасырдың екінші жартысына сілтейді. Яғни 1850-ші жылдардан бергі қырдағы оқу туралы там-тұмдап біле бастаймыз. Жалпы қазақта өткен ғасырларда тәртіпті бастауыш мектеп екі түрлі болған: бірі – «мактап» (яғни, мектеп), екіншісі – «үшкөш» (яғни, школа). Өйткені, Ахаң жазады: «Осы кезде қазақ балалары оқуды екі түрлі бастап жүр. Біреулері
оқуды ауылдағы мектептен бастайды, екіншілері ел ішіндегі орыс школасынан бастайды. Солай болған соң, қазақтың қазіргі бастауыш мектептері осылар дейміз».
Тәжірибелі мұғалім, педучилищені басқарып отырған ұстаздардың ұстазы Ахаң ғасыр басында-ақ қазаққа керек бастауыш мектептің жөн-жобасын ойластырып, құрылымын айқындап берген. Оның ойынша ұнамды бастауыш мектеп мынау:
- Бастауыш мектептер оқуы қазақ үшін 5 жыл боларға керек.
- Әуелгі үш жылда балалар кілең қазақша оқуы керек.
- Соңғы екі жылда кілең орысша оқу керек [Бұл арада Ресей қол астындағы қазақ қамы жатқанын ескеру керек. – Ә.Ғ.]
Қазақ бастауыш мектебі екі түрлі болады:
- Қала болған жерлерде [отырықшы қазақтар. – Ә.Ғ.], қыстауы жиын жерлерде келіп оқитын мектептер.
- Сирек-сирек отырған жерлерде жатып оқитын мектептер [интернат үлгісіндегі болса керек. – Ә.Ғ.].
Сондай-ақ, болашақ бастауыш қазақ мектебі қыр мектебі және қала мектебі болып ажыратылады. Қыр мектебінің өзі ауыл мектебі және болыс мектебі деп бөлінеді.
- Ауыл мектебі кілең қазақ тілінде оқылатын үш жылдық.
- Болыс мектебінде кілең орысша оқылатын екі жыл.
- Болыс мектебіне ауыл мектептерін бітіргендер алынады.
- Қала мектебі қаланың үлкендігіне қарай үш жылдық және бес жылдық оқулы болады.
Одан әрі ағартушы «бастауыш мектепте кілең қазақ тілінде үйретілетін нәрселер» деп мыналарды атайды:
- оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, жағрафия, шаруа-кәсіп және жаратылыс жайы.
Бұл пәндер, сірә, сол заманның ең басты үйретілер білім бастаулары болса керек. Көріп отырғанымыздай, Ахаң бастауыш мектептің өзінде (бүгінгеше ұғынсақ) ұлт тарихы, шаруа-кәсіпті оқытуды ұсынады. Сонымен бірге ол бастауыш мектептің кілең орысша оқитын екі жылындағы білім аясы гимназияның не реальный [кәсіби – Ә.Ғ.] мектептердің төменгі кластарына түсіп, жалғастыруға жарамды болуы керек дейді. Оған, әрине, бастауыш мектепте оқылатын шаруа-кәсіп пен жаратылыс жайы [табиғат тану – Ә.Ғ.] көмек болары сөзсіз.
Осындай жөн-жоба түзген Ахаң «бастауыш мектептер осындай болса, бұлардан әрі мұсылманша я орысша оқыту үшін қазақ балаларының бастауыш мектепте үйренген білімі негіз болуға жарайды» деп түйіндейді.
Алты жыл ауыл мектебінде міндетті мұғалімдік борышын атқарған А.Байтұрсынұлының, әрине, оларға көңілі тола қоймайды: «Осы күнгі ауыл мектептерін мектеп деп айтарлық емес. Оқуға керек құрал жоқ, оқыта білетін мұғалімдер аз». Әйтседе сол аздың өзіне зар болып қалармын дегендей, ағартушы іле-шала әлі аяғынан тұра алмай жатқан ауыл мектебін әділ бағалап, «ақтап» та алады: «Сонда да қазақша хат білушілердің проценті мұжықтардан жоғары. Осы күнгі хат жаза білетін қазақтардан бастап, газета, журнал, кітап шығарып жатқандарымыздың бәрі сондай мектептен оқып, хат танып, жазу үйреніп шыққандар». Бұдан керек-жарағы толықпаған, жүйелі қалыпқа түспеген бұл бастауыш мектептердің Алаш баласы үшін аса қымбат қазына, артқы дүниеге артықша із қалдырар мирас екенін көреміз. Өйткені, ол – қазақша оқытатын, қазақша тәрбие-тәлім беретін қазақ мектебі болатын. Дана Ахаң да оны мақтаныш етеді: «Бұл мектептің халыққа жақындығы – балалар білімді ана тілімен үйренгендігі».
Осынау 1914 жылғы тасқа басылған жолдарды оқығанда көкірегіңді шер қауып, көзіңе өксікті жас келеді. Отыз жылда есі кірмеген ағайындардың, балалары нағыз орыс мектебінде, болмаса бір замандарда «русско-киргизкая туземная школа» атанған, бүгінгі тонын айналдырған аралас мектепте оқып жатқан қандастардың алғы күндерді ойламайтындығына, бүгіннен-ақ ұлттың болашағына балта шауып жатқанына күйінесіз. Бір кезде «санымыз аз» дедік, «қазақ мектебінің сапасы нашар» дедік, ал ендігімізге жол болсын!.. Орыс мектебіне тісіміз батқағанның өзінде, дүбәра аралас мектептен арылуымызға кім кедергі?.. Қанға сіңген қаныпезер сылтау – Мәскеу ме?!. Жоқ, ағайын, жақсылық көрсем де өзімнен, жамандық көрсем де өзімнен...
Қазақша оқу жер бауырлап мешел күйінде жатқан зар заманында орыс тілін төбеге шығарып, орыс оқуына табынған Абай хәкімнің өзі интернатта оқып жатқан талай қазақ баласының «Ойында жоқ олардың/Шариғатқа шаласы» екенін ескерткенін неге естен шығардық? Өз тілінен жерінгендер я тілмаш, я адвокат болуын болар, бірақ туған халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын «Ойында жоқ олардың/Салтыков пен Толстой» бола алмайтынын неге парықтамаймыз?!.
Ойды ой қозғайды. Менің аталарымның бірі Бекмұхамбет қалпе де (1845 – 1920) ұлы Абаймен түйдей құрдас, ол да ағартушы болатын. Бөкейліктегі Хан Ордасында ауыл мектебінде оқыған. Сұпылыққа ден қойған. Кезіндегі башқұрттардың бас қаласы Стерлитамаққа барып, пірдің қолын алып, Камеледден хазіреттің медресесін бітірген. Қажылық борышын атқарған.
Мүмкіндігінше шариғат оқуын жалғастырып, хазірет атанған. Бөкей Ордасы мен Астрахан губерниясының түйіскен жеріндегі Азғыр өңірінде 1870-1918 жылдары мектеп-медресе ашып, мешіт ұстап (олардың орны сақталған), ағартушылықпен айналысқан. Күні бүгінге дейін атамның Сүйіндік ауылындағы бейіт-мазарына ел зиярат етеді. Халық атын атамай, «қалпе» деп әулие тұтады. Сонда деймін де, өлкемізде өткен қаншама төре-сұлтанның, бай-бағланның аты-жөні есте қалмай, атамды көпке үлгі, жұртқа әулие тұтқызған қандай құдірет? Сөйтсем, ол ұрпағын, қалың қауымын ана тілінде оқытқаны, тілін сындырып, дінін құрметтеуге үйреткен ғибраты екен! Күнбатыс Алашордасының қаншама сардарлары мен сарбаздары менің атамның алдын көрді, пір тұтып қолын алды. Ойшыл ақын, діни қайраткер Ғұмар Қараш, тұңғыш елбасымыз Сейітқали Меңдешов, тұңғыш комиссар әрі ақын Бейсен Жәнекешов... «Оқы, оқы және оқы» деген өсиеті, әр жүрекке имандылық дәнін еккен сауапты ісі ешқашан ұмытылмайды екен... (Қарагөз! Басқа шрифтпен (петит) ерекшелейсің ғой!!)
Ахаң қазақ арасындағы бастауыш мектептің мақсат-мүддесін де нақты айқындап береді: «Бастауыш мектептен оқығандар писар, учител, фелшер, адвокат, судия, инженер, агроном болам демей, ең әуелі, қазақша толық хат білетін дәрежеде болуын көздеу керек. Екінші, бастауыш мектептен үйренген білім әрі оқимын дегендерге негіз боларлық жағын көздеу керек. Егерде бастауыш мектептен оқып шыққандар ілгері оқымай, үйінде қалса, ұлт әдебиеті мен мәтбуғатының [баспасөз – Ә.Ғ.] мүлкін пайдаланарлық дәрежелі біліммен қалсын. Әрі оқимын деген халде: мұсылманша оқыса, бастауыш мектеп оқуы артқы оқудың негізі болуға жарасын; орысша оқыса, орысша үйренудің қиындығын жеңілтерлік демеу һәм негіз болуға жарасын».
Міне, Ахаңның асыл ойы, осы ұлттық мақсат-мүдде жолы бүгінгі қазақ қоғамына, жаңа Қазақстан болмысына Темірқазық етіп алар бағыт-бағдарды нұсқап тұр.
Бүгінгі таңда біздің қолымыздан келері бір-ақ шаруа, жалғыз рәуішті іс- әрекет – еліміздегі барлық бала, күллі шәкірт, ата-анасы қай ұлттың өкілі екеніне қарамастан, бастауыш білімді бір-ақ тілде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде алуы және ол тегін болуы шарт. Ол үшін барлық мектепке дайындау орындары мен балабақшалар да бір-ақ тілде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде болуы міндетті. Өзге ұлт өкілдері мен олардың балалары қосымша оқу орындарында, тілдік үйірмелер мен жексенбілік мектептерде өз тілдерінде ақылы білім алуына кез келген Қазақстан азаматы ретінде құқылы.
Әрине, мұндай төңкерісті ұлттық матсат-мүддеге қол жеткізуіміз үшін Білім заңын қайта қарап, міндетті түрде «Мемлекеттік тіл туралы заң» қабылдауымызға тура келеді. Темірді қызған кезінде соқ деген, отыз жылға созылған рухани мимырт жолымызды жүріп өтуді тездететін, шын мәнінде қоғамымызда «Рухани жаңғыру» болып табылатын жаңа белесті кез келгеніне күмән жоқ.
Жазбамыздың басында сөзімізді Ахаңның «Ресей хүкіметі қол астындағы жұртының жазу-сызуы мен тілі бірдей болуын қалайды» деген пікірінен бастап едік, шынында ол әр мемлекеттің мүдде, заман талабы ғой деп, оған өкпелеуге болмайтынын айтқанбыз. Расында да, айналаға көз тігіп, мына дүбірлі дүниені бажайлап қарасаңыз да осы бір шындыққа көз жеткізесіз. Басқасын айтпағанда, туыс Өзбекстан мен көрші Қытайдағы жүздеген қазақ мектебі неге жабылды? Оның астарынан саясат іздеу, біреуге өкпелеу өнімсіз тірлік. Біріншіден, ол әр мемлекеттің өзінің ішкі ісі, өзіндік проблемасы; екіншіден, бұл әлемдік үрдіс, жаһанданған заманның өзекті проблемасы екенін де ұққанымыз абзал.
Қазақша оқу жер бауырлап мешел күйінде жатқан зар заманында орыс тілін төбеге шығарып, орыс оқуына табынған Абай хәкімнің өзі интернатта оқып жатқан талай қазақ баласының «Ойында жоқ олардың, Шариғатқа шаласы» екенін ескерткенін неге естен шығардық? Өз тілінен жерінгендер я тілмаш, я адвокат болуын болар, бірақ туған халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдайтын «Ойында жоқ олардың, Салтыков пен Толстой» бола алмайтынын неге парықтамаймыз?!. Ойды ой қозғайды. Менің аталарымның бірі Бекмұхамбет қалпе де (1845-1920) ұлы Абаймен түйдей құрдас, ол да ағартушы болатын. Бөкейліктегі Хан Ордасында ауыл мектебінде оқыған. Сопылыққа ден қойған. Кезіндегі башқұрттардың бас қаласы Стерлитамаққа барып, пірдің қолын алып, Камеледден хазіреттің медресесін бітірген. Қажылық борышын атқарған. Мүмкіндігінше шариғат оқуын жалғастырып, хазірет атанған. Бөкей Ордасы мен Астрахан губерниясының түйіскен жеріндегі Азғыр өңірінде 1870-1918 жылдары мектеп-медресе ашып, мешіт ұстап (олардың орны сақталған), ағартушылықпен айналысқан. Күні бүгінге дейін атамның Сүйіндік ауылындағы бейіт-мазарына ел зиярат етеді. Халық атын атамай, «қалпе» деп әулие тұтады. Сонда деймін де, өлкемізде өткен қаншама төре-сұлтанның, бай-бағланның аты-жөні есте қалмай, атамды көпке үлгі, жұртқа әулие тұтқызған қандай құдірет? Сөйтсем, ол ұрпағын, қалың қауымын ана тілінде оқытқаны, тілін сындырып, дінін құрметтеуге үйреткен ғибраты екен! Күнбатыс Алашордасының қаншама сардарлары мен сарбаздары менің атамның алдын көрді, пір тұтып қолын алды. Ойшыл ақын, діни қайраткер Ғұмар Қараш, қоғам және мемлекет қайраткері Сейітқали Меңдешов, тұңғыш комиссар әрі ақын Бейсен Жәнекешов... «Оқы, оқы және оқы» деген өсиеті, әр жүрекке имандылық дәнін еккен сауапты ісі ешқашан ұмытылмайды екен... Ахаң қазақ арасындағы бастауыш мектептің мақсат-мүддесін де нақты айқындап береді: «Бастауыш мектептен оқығандар писар, учитель, фельдшер, адвокат, судия, инженер, агроном болам демей, ең әуелі, қазақша толық хат білетін дәрежеде болуын көздеу керек. Екінші, бастауыш мектептен үйренген білім әрі оқимын дегендерге негіз боларлық жағын көздеу керек. Егер де бастауыш мектептен оқып шыққандар ілгері оқымай, үйінде қалса, ұлт әдебиеті мен мәтбуғатының [баспасөз – Ә.Ғ.] мүлкін пайдаланарлық дәрежелі біліммен қалсын. Әрі оқимын деген халде: мұсылманша оқыса, бастауыш мектеп оқуы артқы оқудың негізі болуға жарасын; орысша оқыса, орысша үйренудің қиындығын жеңілдетерлік демеу һәм негіз болуға жарасын». Міне, Ахаңның асыл ойы, осы ұлттық мақсат-мүдде жолы бүгінгі қазақ қоғамына, жаңа Қазақстан болмысына Темірқазық етіп алар бағыт-бағдарды нұсқап тұр. Бүгінгі таңда біздің қолымыздан келері бір-ақ шаруа, жалғыз рәуішті іс- әрекет – еліміздегі барлық бала, күллі шәкірт, ата-анасы қай ұлттың өкілі екеніне қарамастан, бастауыш білімді бір-ақ тілде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде алуы және ол тегін болуы шарт. Ол үшін барлық мектепке дайындау орындары мен балабақшалар да бір-ақ тілде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде болуы міндетті. Өзге ұлт өкілдері мен олардың балалары қосымша оқу орындарында, тілдік үйірмелер мен жексенбілік мектептерде өз тілдерінде ақылы білім алуына кез келген Қазақстан азаматы ретінде құқылы. Әрине, мұндай төңкерісті ұлттық матсат-мүддеге қол жеткізуіміз үшін Білім заңын қайта қарап, міндетті түрде «Мемлекеттік тіл туралы заң» қабылдауымызға тура келеді. «Темірді қызған кезінде соқ» деген, отыз жылға созылған рухани мимырт жолымызды жүріп өтуді тездететін, шын мәнінде қоғамымызда «Рухани жаңғыру» болып табылатын жаңа белесті кез келгеніне күмән жоқ. Жазбамыздың басында сөзімізді Ахаңның «Ресей хүкіметі қол астындағы жұртының жазу-сызуы мен тілі бірдей болуын қалайды» деген пікірінен бастап едік, шынында ол әр мемлекеттің мүдде, заман талабы ғой деп, оған өкпелеуге болмайтынын айтқанбыз. Расында да, айналаға көз тігіп, мына дүбірлі дүниені бажайлап қарасаңыз да осы бір шындыққа көз жеткізесіз. Басқасын айтпағанда, туыс Өзбекстан мен көрші Қытайдағы жүздеген қазақ мектебі неге жабылды? Оның астарынан саясат іздеу, біреуге өкпелеу өнімсіз тірлік. Біріншіден, ол әр мемлекеттің өзінің ішкі ісі, өзіндік проблемасы; екіншіден, бұл әлемдік үрдіс, жаһанданған заманның өзекті проблемасы екенін де ұққанымыз абзал. Бұдан бір ғасыр бұрын тілі таза қазақша үш жылдық бастауыш мектепке зар болған Ахаң – Ахмет Байтұрсынұлы ауыл (қыр) мектептерінде «оқуға керек құрал жоқ, тәртіп [жүйе – Ә.Ғ.] жоқ, мөлшер жоқ, жоспар жоқ» деп сынай отырып, «екіншісінде, яғни орысша школдарда тәртіп те бар, құралдар да сай, мөлшер, жоспар – бәрі бар», бірақ сонысына қарай пайдасы аз дейді. Ақ патшаның қорлық-зорлығын да, қызылдардың қырғынын да бастан кешіп, көзбен көрген ұстаздардың ұстазын көріпкел көреген демеске шарамыз жоқ, ол бүгінгі ХХІ ғасырдың заманауи қазағының да тірлік-тынысын дәлме-дәл кейіптейді: «Олардың [школаның. – Ә.Ғ.] пайдасын кемітіп отырған бір-ақ нәрсе: қазақты орысқа аударамыз деген пікір бәрін бүлдіріп отырған. Сол школалар арқылы қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз дейді; қазақ тұтынып отырған араб хәрпін тастатып, орыс хәрпін алдырамыз дейді. Сол үшін әуелі балалар ана тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын; ана тілімен оқыса да орыс хәрпімен оқысын дейді. Сол үшін біреулері ана тілінде оқыған аты болу үшін қазақ тілінде орыс хәрпі[мен] басылған кітаптардан бастап оқытып, әрірек барған соң кілең орысшаға түспек керек дейді. Бұлар ептеп қайырмаушылардың жолы. Біреулері еп-септі қойып, бірден орысша оқыту керек дейді» («Қазақ» газеті, 1914 жыл, 9 май, №61). Ағартушы осы «ептеп қайырмаушылардың» қақпанынан құтылу үшін, алдымен өзіне-өзі «Қазақ бастауыш мектебіне не керек?» деген төте сұрақ қояды да, артынша өзі шығарып отырған газетіне «Мектеп керектері» атты мақала жазып («Қазақ» газеті, 1914 жыл, 17 май, №62), көкейкесті сұрақтарға жауап беруге тырысады. Расында да осы қазақ бастауыш мектебіне не керек?!. Өзге ұлттың қам-қарекетін өздеріне ысыра қойып, бір сәт шындықтың бетіне тура қарап, ақиқатын ашық айтайықшы. Жалбыр тонға жайылған жабысқақ биттей отыз жыл бойы арыла алмайтындай орыс оқуы несімен әулие?!. Сиам егіздеріндей орыс тіліне немеге кіндігімізбен байланып қалдық?!. Ұлан-ғайыр қазақ даласының түкпір-түкпіріндегі бір түйір орысы жоқ жерлердегі аралас мектептер кімге дәру, неге зәру?!. Әлде бұл елден ерек қазақ пен қырғыздың басына келген нәубет пе?!. Қазақтың үш жүзіндей, ошақтың үш бұтындай славян ағайындары жан-жаққа бытырап қашып жатқанда, біздің өз еркімізбен, шын пейілімізбен аю-құшаққа құлауымыздың сыры неде?!. Шынымен осы қазаққа не керек?!. Ахаңша айтсақ, қазақ мектебіне сол ХХ ғасыр басында, тіптен қазір де үш-ақ нәрсе керек екен. Біріншіден – мұғалім («Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы... Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім»). Екіншіден – оқулық («Оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һәм сайлы болу керек... Істің толық жақсы болуына құралдар сайлы һәм жақсы болуы шарт»). Үшіншіден – жүйелі бағдарлама («Мектепке керегі белгіленген программа. [Оқытудың] үлгісі я мерзімді өлшеуі боларға керек... Үйрететін нәрселердің кесімі-пішімі болуға тиіс. Сол пішім программа деп аталады»). Ал екінші керек – оқу құралдардың өзін Ахаң тағы екіге ажыратады: 1) пұлға табылатын һәм 2) пұлға табылмайтын заттар. Алғашқы пұлға табылатын заттар: қалам, қағаз, қара сия, сауыт, отыруға керек нәрселер (яғни, парта, үстелдер). Бүгінгі заманның пұлға табылатын нәрселері – ғимарат (екі, тіптен үш ауысыммен оқымас үшін), компьютер, қолжетімді ғаламтор... Ертеңгі өскелең заман бұдан басқа да керектерді алдымызға тартпақ. Бір өкінішті қап дегізері – сол пұлыңыздың өзі табылмай тұрғандығы!.. Келесі «қазірінде пұлға табылмайтын: қазақ мектебінде қазақ тілінде оқытуға керек кітаптар. Өткен нөмірде қазақ бастауыш мектебінде үйретілетін білімдер мынау дедік: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа-кәсіп, жағрафия, жаратылыс жайы. Осыларды үйретуге керек кітаптар қазақ тілінде жоқ. Міне, қазір іздесек ақшаға табылмайтын құралдар осы. Осыларды дүнияға шығару керек» («Қазақ» газеті, 1914 жыл, 17 май, №62).- ОҚУЛЫҚ
- Сөйлеу мен сөйлем
- Сөйлем мен сөз
- Сөз бен буындар
- Буын мен дыбыс
- Зат есім
- Сын есім
- Сан есім
- Есімдік
- Үстеу
- Демеу
- Жалғаулық
- Одағай сөз
- Зат есім
- Оңаша тәуелдік
- Ортақ тәуелдік
- Сын есім
- Сан есім
- Есімдік
- Етістер
- Райлар
- Көсемше
- Есімше
- Үстеу
- Демеу
- Жалғаулықтар
- Одағай
- Бастауыш
- Баяндауыш
- Анықтауыш
- Толықтауыш
- Пысықтауыш
- Бұратана сөздер
- Болымды сөйлем
- Болымсыз сөйлем
- Толымды сөйлем
- Толымсыз сөйлем
- Жалаң сөйлем
- Жайылма сөйлем
- Сұраулы сөйлем
- Лепті сөйлем
- Тілекті сөйлем
(Жалғасы бар)
Ғарифолла ӘНЕС,
Қазақ үні