1913 жылғы «Қазақтың» тиражы – бүгінгі кейбір басылымдарға арман
2013 ж. 02 ақпан
2368
0
«Қазақ» газетінің, шынымен де, ұлтқа қажет, ел іздеп оқитын басылым болғандығын оны жаздырып алушылардың санынан-ақ байқаймыз. Сонау 1913 жылы «Қазақты» жаздырып алушылардың саны 3 мыңнан асып жығылыпты. Бұл турасындағы деректі «Қазақ» газетінің 1914 жылғы алғашқы санынан таптық.
Оренбург, 9 январь
...«Қазақ» газетасын 10 облысқа қараған киіз туырлықты қазақ байдың баласынан 1913 жылдың ішінде алдырып тұрғандардың есебі мынау:
1) Торғай облысы – 694
2) Семей – 612
3) Ақмола – 584
4) Сырдария – 327
5) Орал – 301
6) Жетісу – 157
7) Ішкі орталық – 136
8) Ферғана – 30
9) Самарқан – 8
10) Закаспий – 5
Өзге жерлерден:
1) Оренбург шаһары – 37
2) Уфа – 14
3) Қазан – 13
4) Қытай қазағы – 10
5) Петербург – 9
6) Түркия – 5
7) Мәскеу – 3
8) Томск – 3
9) Һәм басқа шаһарлар – 57
Бәрі – 3007
«Қазақ» газетінің басқармасы
Алаш айнасы