Астанада Әнес Сарайдың «Еділ-Жайық» трилогиясының тұсауы кесілді
2019 ж. 01 ақпан
8652
1
Бүгін ҚР Ұлттық академимялық кітапханасында жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әнес Сарайдың «Еділ-Жайық» атты трилогия кітабының тұсаукесері болып өтті, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
«Еділ-Жайық» роман трилогия кітабы 1919-1920 жылдар арасын қамтитын, құжаттық-деректілік негізде жазылған шығарма. Ол «Ұлу аралы», «Еділ-Жайық» және «Мұз кешу» атты үш кітаптан тұрады. Басты кейіпкерлер өмірде болған адамдар. «Ұлу аралы» романында Ахтан Мұхамбедиев, Ізбасар Жанекенов, Қажығали Жақынбаевтардың қиын қыстау тағдыры баяндалады. Автор бұл кітабында Оралға арналған шайқас туралы тарихы деректерді жазады.
Әнес Сарай – қазақ жазушысы, драматург, журналист, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қараша өткен соң», «Бозқырау», романы «Тосқауыл», «Алтын арал», «Исатай — Махамбет тарихы» және т.б. шығармалардың авторы. 1989 жылы «Қараша келгенде» атты орыс тіліндегі әңгімелер жинағы шықты. Оның республика театрларында «Ару-Алматы», «Менің уақытым», «Тотип Қалды» және т.б.пьесалары қойылды.
Іс-шараға Төлен Әбдік, Сауытбек Әбдірахманов, Сұлтан Оразалинов, Алдан Смайыл, Ұлықбек Есдәулет, Серік Негимов, Ғарифолла Есім, Ғаділбек Шалахметов, Қуаныш Жиенбай және т.б. қатысты.