Мәдениет министрі белгілі ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлын қабылдады
2018 ж. 18 қараша
3299
0
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы белгілі ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлын қабылдады. Бұл туралы министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
- Тыныштықбек ағамыз қазақтың ұлттық дүниетанымын, қасиетті ұғымдарды өзінше саралап, өзіне тән ырғақпен, жүректен шыққан жыр жолдарымен жеткізе біледі. «Өмір - Күнге барып құятын дария...», «Сені сүю - әлемге маңдайдан нұр тарату...». Өресі биік сөз шеберінің керемет жолдары. Осындай адаммен сұқбаттасқанның өзі бір ғанибет, - деп жазды Мәдениет министрі.
Өз кезегінде ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы да әлеуметтік желі арқылы министрге алғыс айтып, жұмысына сәттілік тіледі.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің қабылдауында болдым. Арыстанбек Мұхамедиұлы, сан салалы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша, министрліктің мемлекеттік және халықаралық деңгейде, ел ішінде жүргізіп жатқан мәдени-әлеуметтік ауқымды шараларының маңызы мен мәнісіне һәм мазмұны мен нәтижесіне тоқталды... Кездесуден соң, Астанамыздағы қазіргі заман техникасының ең жетік қондырғылармен жан-жақты жабдықталған Бас Мұрағат Үйі зертханасының «тұсауын» Арыстанбек Мұхамедиұлы және «Халық Қаһарманы» Бақытжан Ертайұлымен бірге «кесістік». «Архив жұмыстарын цифрландыру» мәселесіне қатысты ұйымдастарылған конференцияда болдық. Сондай қарапайым да қажырлы адамның әдебиет пен өнерге қатысты бастамалары мен идеяларына үнемі қолдау көрсетіп отыру – өзімнің де ақындық-азаматтық парызым деп білем. Министр мырзаға – қош көңілден алабөтен жұпар рахмет! - деп жазды Т. Әбдікәкімұлы.
Еске сала кетейік, ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы ҚР Жазушылар одағының мүшесі. Бірнеше республикалық мүшәйралардың жүлдегері. Биыл ақынның "Бесінші маусым" атты кітабы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ұсынылып отыр.