Астанада Оралхан Бөкейді еске алу кеші өтті
2018 ж. 10 қазан
3820
0
Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында, жазушы-драматург, журналист, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына орай «Сүлей суреткер» атты еске алу кеші өтті.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шараға белгілі қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері, әдебиеттанушы ғалымдар, өңірлерден келген кітапханашылар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Еске алу кеші аясында жазушының қаламынан шыққан біртуар туындылары хақында толғамды пікірлер айтылып, атақты қаламгердің суреткерлік қыры туралы жастарға дәйекті әңгімелер айтылды.
Атап өтейік, Оралхан Бөкей - қазақ әдебиетінің классигі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері. Оның қаламынан шыққан "Қар қызы", "Кербұғы", "Өз отыңды өшірме" секілді туындылары талай оқырманның жүрегін жаулап, ел сүйіп оқитын туындыларға айналған.