Ұлмекен ЛЕСБЕКОВА: Күлудің бәрі қуаныш, жылаудың бәрі мұң емес...
2018 ж. 21 тамыз
6876
0
Жас ақын, Ы. Жақаевтың 125 жылдығына орай өткен мүшәйраның Бас жүлдегері, «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің, сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған жыр додасының жеңімпазы Ұлмекен Лесбекованың «Арман аралы» атты тұңғыш жыр жинағы жарық көрді.
Ұлмекен – республикалық «Қазақ үні» газетінің белсенді авторы. Біз алғашқы кітабымен құттықтай отырып, жас ақынға шалқар шабыт, зор шығармашылық табыс тілейміз!
Оқырман назарына ақын қыздың жүрекжарды жырларының бір парасы ұсынылып отыр.
Ай, маған сұлулық берші,
Бір кейіп жасайын.
Таң, маған жылулық берші,
Сырымды ашайын.
Күн, маған жылу, нұр берші,
Бір жарық жағайын.
Жер, маған сұлу гүл берші,
бір ауық тағайын.
Бал-бұлақ, суыңды берші,
Жолыма шашайын.
Мөп-мөлдір тұнығын берші,
Шөлімді басайын.
О, Тәңір, ғаламды берші,
Кеудеме салайын.
Қолыма қаламды берші,
Бір өлең жазайын.
***
Теңіз. Арман аралы.
Ол әлемдердің шетінде.
Ауасы қалқып барады,
Бұйда бұлттардың бетінде.
Иінін салған тауларға
Созылтып көсе мойынын.
Тербелген толқын таңдарда
Ән салар әсем, ойы мұң.
Теңіздің түбі қазандық:
жанды да жансыз кіл көсең.
Алабы алып бұл елде,
Табиғат, өзі – Күн-көсем.
Бәрі, бәрін... тәрк етіп,
Кең тыныстап, сәл күліп.
Су еліне сүңги сап,
Кетсем ба екен мәңгілік?
***
Армандар, кейде, тым алыс,
Көгілдір тұман, мың елес.
Күлудің бәрі қуаныш,
Жылаудың бәрі мұң емес.
Өмірге келсе бір пенде,
Иманға бекем бұрса ой.
Адамның бәрі күлгенде,
Көзінде нұры тұрса ғой.
Жалғанда, сірә, жылайды,
Бір адам күлсе, бір адам.
Сәттерін кейде сынайды,
Күле тұрып та жылаған.
Өмір дегенде ойланбай,
Өзіме қарап ой өрем.
Сыйақы беріп қойғандай,
Желпінтіп өткен ой – өлең.
Күндізгі жиған күнәға
Түндерде тағы тәубе еттім.
Бас ұрып саған, Өмір-ай!
Өзімді-өзім әуре еттім.
Энтелехияның ізімен
Миледи деп ат қойғам. Тағы атадым (жанарымда қап қойған). Менімен бір жылайтын да, күлетін, Менен елі аумай өмір сүретін, тек қана бір қылығы бар жат бойдан. Мен секілді, таңылатын жыр жазып, Мен секілді, жаңылатын жыр қажып. Менікіндей жазылатын өлеңі, Ұйқасы да, үтір, нүкте, көлемі. Және өзімдей, сүйсінемін, жыр ғашық. Сәті түсіп, сұрағаным сыр ашып: - Уа, Миледи, көгершін, көсегең сенің көгерсін. Ұшып кеткенде қыр асып. Өлеңге ғана тулайтын мына жүректі, Білсең ғой, жаңа жауқазын атып түлетті. -Кім екті? - иә, кім екті? Кім болғанда да жүрегі мықты, білекті. Бұлдауың анық, бұйыра көрме айыпқа, Өлеңге, әсте, өмірім менің лайық па? Гүлдер атады Майсыз да, Аспан болады Айсыз да, Аққусыз, бірақ, ажар кірмейді Жайыққа. ...Өлеңді тап та, өмірге мені лайықта. Өлеңге мені ұшықтар ма еді? ...киеңнен, Өлеңге жеткіз, сәлемі дерсің Иеңнен. Ол, әне, білсем, бұйда бұлттардың басында, Пенде болғасын топырақ Жерді сүйем мен. P.S. Жүрек әні, «Миледи» деп шырқаған, Жет аспанға! көңіліме жыр таған – Өзі болсын саятшы. қою күрең қиялына малталап, шабытымды жастап жатқан шалқалап, Өлеңімді оятшы! Өлеңімді оятшы.Сарайшық... Ғұмырлар
(Қазақ хандығының 550 жылдығына орай) Тәуелсіздігін алған ел атынан Қазақ Хандығын құрған тарихтағы кіші Жәнібек патшаның мүрдесі қойылған Жер турасында Автордан Заманнан заман өткеріп, Ғасыр оңдарын Көрінде күтіп жатқан-ды асыл оғланым. Шыңғыстық ұрпақ Ордасы, Хан патшалығы – Сарайшық жатыр жасырып тасын-жондарын. Сарайшық қала – Жошының ұрпағы өнген, Ұланы көркем Орданың, құланы өрген. Бақшалы Алтын Хандықты, алайда, дүбір Дәуірлер таптап, қазандық мұраны көмген. Көп ханнан ерек хан өтті, ол – дара Жәнібек, Дау шатқан талай елдерге ара Жәнібек. Қастандық көріп сарайда кебінін киген, Өсірген ұлдан жүрегі жара Жәнібек. Жадағау жазған құпия қыр оғыз көне, Ендеше, осы, Жәнібек – сыр, ... сол, құз дене. Қырында киік жайлаған патшалық көрген Күрсінді сонда Асандық қыл қобыз неге? Күрсінген болар хабарлап келешек жақтан, Хандармен бірге осында ер дөңсек жатқан, Алтын Ордалық Жәнібек моласын мұнда Кіші Жәнібек патша деп ел кешпек мақтан. Ұрпағын кешер осы күн моланың кері, Айғақ еткісі келгені қару қаламым сені. Ақтық сапарға аттанған Алтын Ордада Он жетінші хан Жәнібек, ұлы даланың Ері. Тарқатсақ терең тарихты тұрғанда мәні кеп, Қазақ Хандығын құрған Хан – кіші Жәнібек. Алыптан асқан Хандықтың иесі жатқан жер – Қаратау аймақ. Даланың шүбәсіз заңы бек. Жәнібек төре задынан текті арыс-ты, Ақыл күшімен арыстандармен алысты. Шайбани шахпен қас өткен, бірақ, ғұмырлар Жерленіп бірге қара жер асты табысты. Аттанған сапар ақтыққа ерлерден бөтен, Төресін табар ұрпаққа сенген де мекен? Беймәлім себеп, кіші Хан Сарайшық емес, Қаратау беттеп, Созаққа жерленген екен.Көрінде разы болса деп қазақтың жаны, Жол түсті, бабам, атқанда Азаттық таңы. Көк күмбез де көрінбейді алдан... Жә, жетер, Топырағың торқа болсын, Қазақтың Ханы!
2015жыл.
РАУАН немесе желтоқсан боздақтақтарының соңғы сөзінен
Бұғау. Мен. Жаза. сең соққан – Тарихтан келдім Желтоқсан. Малысам мұңға кеше гөр, Бәсіре сөзді ел тосқан. Армысың, арда Қаратау! Армысың, арда Бабатау! Мұзбалақ қанат қайрылып, Еңістеп жетті, Ана –Тау! Дала да Сұңқар сүйеді Талақан тұмсық, қара бау. Күн ауған күңгірт күй еді Алатау ауық қарады-ау. Құрсағын мұзға тиеді Есіл мен Ертіс жағалау. Желтоқсан жазған тағдырға Еңіреп еңіс барады-ау. Бабамның ғұрпы кие еді, Санаға жат-ты сағалау. Әл-демін ұлттың дүмшелеп, Дәрменін ұрттың тағалау. Алдыңа келген, көз салшы, Ай маңдай алаш баласы-ау?! Қынабы қанға шыланған Қарабураның қарасы-ау?! Арқаға жазам кеудемді Кешеден бүгін жара сау. Азатпын енді, азатпын, Алтай да менен аласа-ау?!.. Аманат – айдын Ай күлген, Азаттық саған тапсырдым. Қағанат қамыт қайғыммен Табыттың үнінін қапсырдым. Боздаққа туған сол күнді Азаптан ауыр жатсынбай, Қазақтан ғана жатсындым. Қазақтан ғана жатсындым. Кәлимамменен таупық қып, Ыршыдым, тәннен талақай. Талақай басым – қалақай. Анадан туған әлжуаз Аңырап тұрған баладай. Аспанға қарап Ай буаз, Ала-а-аш! деп айғай салуға тілім келді ғой, алақай! Мың тәубе.КҮЙ
Жарығым менің, жанарым менің, Жаныма дәру жазарым едің. Бұлттармен бірге барады көшіп, Ауада қалқып ажарың сенің. Мақпалым менің, мақтаным менің, Өлеңмен бірге жатталып едің. Сөзімді сезім сазымен демеп, Қаламға ғана ақталып едім. Көңілдің демеп күйік күндерін, Сенімен ғана биікпін дедім. Көңілді мұнша көркем сөйлеткен, Білмеймін, менің сүйіктім бе едің?! Ғұмырым менің, жуық тағдырым, Қай жерде сені ұмыт қалдырдым? Көңілден ғана жауатын бір сәт, Сен өзі кімсің, суық жаңбырым?Ел жаққа
Құм беткейінде туылған шығар, Махамбеттің де Аруы. Толқын суымен жуынған шығар, Қасқа су беткей қауымы. Сыр келбетінде лағылды Шынар, Мұнартады да тұрады. Сол жақтағылар бақытты шығар, Құмардан ұра құрады. Сағындым сонау Даламды керім, Даламды сүйдім сүйгесін. Дарыған мінез Бабама менің, Жамалы жазық үйлесім. Сағынтты маған Анамды олар, Шәйі көйлекті бейнесін. Көпшігін жастап отырған болар, Сабақтап үшкір инесін. Бала шақ сұлу Сырдың самалын Жұтушы ек жұпар кеш кірсе. Тағаттап мәңгі қалар амалым Болмады, жалған бес күрсе. Бестіге әкем алғанда мені, Құшушы ем арқа терлеген. Сезінсем жусан жуықтас иіс, Әкемнің исі дер ме екем?! Шақырып сағым, атыраптарым, Кел, – дейді, дала, кел баққа. Сағына бермей, шағыла бермей, Барып қайтам – ау ел жаққа. qazaquni.kz