Мұзафар Әлімбаевпен қоштасу рәсімі 29 қарашада өтеді
2017 ж. 28 қараша
1978
4
Алматыда Мұзафар Әлімбаевпен қоштасу рәсімі 29 қарашада өтеді. Бұл туралы ақынның немересі Жәнібек Әлімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Атам (Мұзафар Әлімбаев - ред) 2 қарашадан бастап бұрынғы СовМин ауруханасында жатты. Өмірінің соңында жастар туралы, заман өзгергені туралы көп айтты. Қоштасу, жерлеу рәсімі 29 қарашада өтеді. Қай жерде болатыны әзірге белгісіз", - деді ақынның немересі.
Еске сала кетейік, Қазақтың Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев 26 қарашада 95 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.