Астанада Ғали Ормановты еске алу кеші өтті
2017 ж. 21 тамыз
3802
1
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасыда Ғали Ормановтың 110 жылдығына арналған «ҒАЛИ ҒИБРАТЫ» атты еске алу кеші болып өтті.
Еске алу кешіне Серік Негимов, Несіпбек Айтұлы, Оразкүл Асанғазықызы, Алдан Смайыл, Қонысбай Әбілов, Гүлшат Тәңірбергенова және Ғали Ормановтың қызы Жамиға Орманова сынды зиялы қауым өкілдері мен ақын атындағы №7 мектеп-гимназиясының мұғалімдері қатысты.
Еске алу кешінің мақсаты – Ғали Ормановтың өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру, қазақ поэзиясының қалыптасып-дамуына, өсіп-өркендеуіне үлес қосқан еңбегі жайлы насихаттау.
- Рақметім мен алғысымды кітапханаға және ұйымдатырушыларға айта отырып, «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін» – дегім келеді. Әкем туралы естеліктерге тоқталып өтсем, ол кісі 1938 жылы Жамбылдың жанына хатшы ретінде барған, себебі, Жамбыл ақын жаза алмаған, ал, әкем ақының айтыстағы өлең-жырларын жазып, редакциялап қағаз бетіне түсіріп отырған. 1945 жылы Жамбыл ақын дүниеден өтіп, 1946 жылы 100 жылдығы тойланды, жыр-дастандар жинағын жариялады. Әкем – күнделік жазған кісі, үзінді әңгімелері шықты, латын графикасымен жазылған. Жамбылға барған күннен қайтқанға дейін жазылған. Жамбыл ақын да қыдыра келсе, ешқайда мойын бұрмастан үйге келетін, себебі, анам ұлы Жамбылдың жай-күйін, баптауды білетін. Біз сол бала күнімізде Жамбылды көргенбіз, сонымен өстік. Сондай-ақ, әкемнің өмірінде Ілияс Жансүгіров кездеседі, әкем өлеңін оқып береген соң, ол кісі Алматыдағы Абай атындағы университетке оқуға кеңес береді. Содан, бітіріп, қалаға анамды алып келгенде Ілияс Жансүгіровтің бір бөлмесінің қақ ортасынан мата арқылы бөліп, 2 жанұя тұрған. Респрессия басталғанда І. Жансүгіровты соттап жібергенде «Ілиястың күшігі» деп газетке мақала шығады. Сонда да әкем сабырлық танытта, сол жылы соғыс басталып, әкемді Жамбылдың жанына жібереді. Тайр Жароков, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтермен дос бола жүріп, айтыстарға да қатысқан. Толстойдың «Анна Каренинасын» Шолоховты аударған. Дүниеден өткен соң Евгений Евтушенко «Адам тағдыры» атты өлеңін орысшаға аударып, Мәскеуде «100 лучших поэтов Советского Союза» - деген кітапқа енген, - деді кеш барысында ақынның қызы Жамиға Орманова.
Ақын кешіне арнайы түрде көрмесі ұйымдастырылып, кітап-көрмесімен жалғасын тапты.
Ғали Орманов 1907 жылы бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданы, «Ешкіөлмес» тауы етегінде дүниеге келген. Бала кезінде жыршылардан өлең-жыр, қисса-дастандар үйреніп, өзінің әдебиетке құмарлығын байқатады. «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат», «Алпамыс» сияқты қисса дастандарды, «Біржан мен Сара», «Кемпірбай мен Шөже», «Бақтыбай мен Мәйке баланың» айтыстарын жаттап алып, домбыраға қосып жиын-тойларда айтып жүрген ол жастайынан жыршы бала атанады. 1943-44 жылдары Ғали Орманов мәдениет пен өнер қызметкерлері тобында майданға барып қайтады. Ұлы Отан соғысы кезінде жазған өлеңдерін 1941 жылы «Халық қаһарман», 1944 жылы «Емен» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы түрінде ұсынады. «Өмір дастаны», «Бөбек жүрегі» атты жинағымен қатар ақынның шұрайлы өлеңдері оның 1950, 1957, 1976, 1982-84 жылдары шыққан «Таңдамалы шығармалар» жинақтарына енді.
Айдар Қырықбай, Қазақ үні