Абай айтқан сұңғатым
2017 ж. 07 тамыз
2554
1
«Бұл сұңғати құдадан ізерлеп, құмар болып ғибратланушыларға тыю жоқ, бәлки сұңғатынан себебін білмекке құмарлықтан саниғына ғашықтық шығады» (ІІ, 204).
«Саниғ», «санэ», «саниъэ» араб тілінен аударғанда «творец, создатель; производитель, изготовитьель» ((Персидско-русский словарь: В 2-х тт. Свыше 60 000 слов. – М.: Рус. яз., 1985. Т. ІІ. 864 с. стр. 132) «жасаушы», «жаратушы», «істеуші». Ал «Сұнат», «Сұнғат», «Сұнғати» арабтың «санъат» деген сөзінен шыққан – искусство» (стр. 140) «шеберлік», «өнерлілік», «бейнелеу өнері»: кескіндеме, сән, мүсін, пішін, сәулет өнері «қолөнер», «кәсіптік» Алладан деп түсінгеніміз жөн. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың сөзі және оның хадистері мен түрлі хикметтерін Абай үш түрде қолданыпты.
«Аллаһ ешбір жанға күш-жігерінен тыс нәрсе жүктемейді» (Бақара сүресі (2) 286-аят) Сүннетте бұйырылған парыз бен уәжіптен басқа іс-әрекеттердің орындалуын Абай: «Ол ғылым құдіретте ешбір ниһаятсыз ғылымында ғафләт құдіретінде епсіздік және нашарлық жоқ. Саниғын сұнатына қарап білесіз» (ІІ, 198) деген. Адам қалауы санадағы жаратушы әрекеті мен мақсаты сәйкес келген жағдайда сұңғаты басталады, оған жету жолдарын адам алдын-ала қамтамасыз ету үшін әдіс-тәсілдерін анықтап, белгілі шешімге келуде және оны жүзеге асыруда сыртқы дүниедегі қажеттілікпен санасады. Белгілі-бір өнер жақсылы-жаманды орындалды, яғни пайда болды олың дүниеге келуі - сұңғат. Сол сұңғатты істеуші, жасаушы, дүниеге алып келуші – саниғ болады екен.
«Оның үшін әрбірінің сөйлеуі, айтуы басқаша болса да, алла тағаланың сұңғатына қарап пікірлемектікті екеуі де айтты» (ІІ, 202) – деп әулие мен хакимдерді айтып тұрса керек. Әулиелер о дүниені, хакимдер бұл дүниені айтты, «ғибрат көзімен қарағанда, екеуі де бірінен бірі жырақ кетпейді» (ІІ, 202) деп, Жаратқан Иенің шеберлігіне «...қарап пікірлемекті...» Адам баласының сұғаты қай дәрежеде екендігі оның нәтижесімен көрінсе, ішкі және сыртқы кедергілерге кездеседі. Ішкі кедергілер адамның өзіне тән өзіндік ерекшелігіне бейімділігіне, қабілетіне байланысты. Адамның ішкі бейімділігін жеңе алу, өзін-өзі басқару мен өзін-өзі билей білуі деп аталады. Сыртқы кедергілер қоршаған ортадағы іс-әрекеттер арқылы кездеседі. Кісінің сыртқы кедергілерді жеңуі саниғ (Жаратушы) тұрғысынан қарағанда бір-бірімен байланысты.
Жаратылғандардың негізгі сипаттары: өзін-өзі ұстай білу, қалау, ұстамдылық, шыдам, тұрақтылық «Бұл – жазған сұңғатым» (І, 168) деп, баласы Әбдірахманның сырқат боп жатқанда әкесі Абайдың мұңын жазған хатын «Көңіл ашар бір наме» деген сияқты қабілеттермен қоса жасаушының өнерге жақындығын құрайды. Адамның саналылығы алдына қойған кез келген әрекетті орындауы үшін өзінің жеке шеберлігі балуы керек.
«Олардың «ілімінен» жеткен жерлері, міне – осы дүние өмірінің дәулет байлықтарын іздеу» (Нәжім сүресі (53) 30-аят).
Оразалиев Сейдалы,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ доценті