Ақын-жазушылар Елбасының "Рухани жаңғыру" атты мақаласына қатысты пікір білдірді
2017 ж. 27 маусым
3159
24
Экономика құлдыраса, қайта түлетуге болады. Ал рухани азғындықтың орнын толтыру оңай емес. Бұл елімізге белгілі ақын-жазушылардың Шымкентте өткен оқырмандармен кездесуінде айтқан ортақ пікірі. Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының ұйытқы болуымен Отырар кітапханасында өткен жүздесуемін-еркін пікір алмасу алаңына айналды, деп хабарлайды "Хабар-24".
Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласының өзектілігі жан-жақты насихатталды. Қаламгерлер «әлемдік ең озық деген 100 кітаптың қазақ тіліне аударылуы, әрі латын әліпбиіне көшу ана тіліміздің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады», – дейді.
– Сана сезімнің өсуі, ескімен тұрып қалмау, ілгері жылжу міне осы екеуі маған қатты ұнады.Яғни сен өзге ұлттардай, өзге халықтардай болма, өзіңнің кескін келбетің, сөзің,әдет-ғұрпың салтың болсын деп тұр. Бұрын ұжымдық тәрбие болса қазір жеке тұлғалардың заманы индивид.Ол білімді болған сайын ол сол құрлым ғаламдастыруға бейімделеді және сонымен бәсекелесе алады, - ақын-журналист Аманхан Әлімұлы.