ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ДЕМОКРАТ ЖАЗУШЫЛАРЫ
2017 ж. 10 мамыр
19651
1
Кітапхана қауымдастығының басын қосу мақсатында былтырдан бері ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Қытай, Түркия, Ресей, Финляндия, Корея, Армения, Малайзия, Венгрия және Қырғызстан мемлекеттерінде Қазақ әдебиеті орталықтарын ашқан болатын. Биыл сол үрдістерді жалғастыру үшін Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығын құру да жоспарлануда. Айта кетейік, бұл жоба елімізде тұңғыш рет өткізгелі отырған EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме аясында жүзеге асқалы отыр.
Осыған орай, Сирек кітаптар мен құнды қолжазбалар орталығының ашылуына байланысты ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы қорындағы кітаптармен таныстырып, толығырақ мәліметтер беруді жөн көріп отырмыз.
Ең алдымен, қазақ әдебиеті мен қазақ баспасөзі тарихының мәселелеріне қатысты ғалым, филология ғылымдарының докторы Бейсенбай Кенжебаевтың 1958 жылы «Қазақ Мемлекет баспасынан» шыққан «Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары» атты кітабы жайында айтпақпыз.
XX ғасырдың басында қазақ арасындағы оқу-ағарту жұмысы екі түрлі бағытта дамып отырды. Оның бірі – мұсылманша, екіншісі – орыс тілінде жүргізілді. Ал, XІX ғасырдың ортасынан бастап кітап шығару мәселесі қолға алына салысымен-ақ, қазақ этнографиясын, тарихын, тілі мен әдебиетін зерттеушілер шыға бастады. Қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, ақын-жазушылардың шығармалары кітап етіп бастырылып жатты. Бір айта кетерлігі – орыс әрпімен қазақ тіліндегі кітаптар шығарыла бастады. Осыған байланысты «Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары» атты кітапта Шоқан Уәлихановтың, Ыбрай Алтынсариннің, Әубәкір Диваетың, Г.Н.Потаниннің және т.б. еңбектерінде жарияланғаны жөнінде айтылады.
Қазақ тілінде кітап басып шығару XX ғасырдың басында жаңа қарқынмен дами бастады. 1900 жыл мен 1917 жыл арасында 200 кітап басылып шықты.
1900 жылы – 3 кітап;
1901 жылы – 6 кітап;
1902 жылы – 8 кітап;
1907 жылы – 10 кітап;
1908 жылы – 17 кітап;
1909 жылы – 20 кітап;
1910 жылы – 13 кітап;
1911 жылы – 26 кітап;
1912 жылы – 21 кітап;
1913 жылы – 15 кітап;
1914 жылы – 14 кітап;
1915 жылы – 5 кітап;
1917 жылы – 11 кітап.
Қазақ халқының демократ жазушалары туралы айтқанда біз сол ғасырларда шыққан газет-журналдарды айтамыз.
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде жаңа әдебиеттік жанрлар пайда бола бастаған. Бұған дейінгі жылдарында әдебеттік кезең өлең, жыр, жалаң поэзия ретінде дамыған. Одан кейін прозалық, драмалық шығармалар негізінде жарыққа шыға бастаған. Бұл заманның ақын-жазушылары шығармаларында қандай тақырыптарды қозғады дегенге келсек, белгілі тақырыптарды ғана қозғаған. Уақыт өте басқа жазушылар да сол тақырыптардың айналасынан шықпағанын байқауға болады. Сондай-ақ, ғалым Бейсебай Кенжебаев жазушылардың кейбіреулерінің пікірі тұрақсыз болғанын айтады. Мысалы, 1910-1911 жылдары шыққан «Бұлбұл құс» атты жинақтағы өлеңдердің көбінесе идеясыз, сандырақ сөз болып келетіні, ой-пікір, идеяның бір-біріне қарама-қарсы шығатыны келтірілген.
Дәуірдің көкейтесті мәселелері мен халықтың хал-жағдайы туралы да жиырмасыншы ғасыр ақын-жазушылары өз шығармаларында жазып келді. Олар екі тілде де: қазақша және орыс тілідерінде оқыды. Дүниетану ғылымдарымен танысып отырды. Бір айта кетерлігі қазақ халқының, Орта Азия халықтарының, татар және орыс халықтарының, Абай, Ыбырай негізін салған әдебиеттерінің негізінде тәрбиеленді. Бұл жөнінде ғалым Бейсенбай Кенжебай былай деген екен:
* Қазақтың бұл дәуірдегі демократ-ағартушы, ақын-жазушылары көбінесе 1905-1907 жылдардағы буржуазиялық-демократтық әсерімен, Россиядағы бірінші орыс революциясынан кейінгі саяси-әлеуметтік жағдайлардың әсерімен шықты. Осыдан олар қазақ арасындағы барлық ескіліктің қалдығын, дінді, теңсіздікті, патша өкіметінің отаршылдық саясатын, бектік-феодалдық, капиталистік қанауды сынады, халықты оянуға, еңбекке өнер-кәсіпке, оқу-мәдениетке, ұлы орыс халқының мәдениетін, өнерін үйренуге, отырықшылыққа, қалалық өмір құруға үгіттеді; халықтың бостандығын, теңдігін, бақытты өмірін, әйелдің бас бостаңдығын аңсады және сол жолда қызмет етті.
Ғалым Бейсенбай Кенжебайдың айтуынша жиырмасыншы ғасырда өмір сүрген ақын-жазушылар сыншыл реалистік дәуірде тәрбиеленді. Сонымен қатар, жоғары, ізгі идеялы болғандарын және ескіні, кертартпаны, жағымдық өмірін өз қалпында, есклікті, жаман, жағымсыз қылықтарды әшкерлеп, сынап, мадақтап көрсеткенін айтады. Ал, орыс халқының сыншыл-реалист ақындары, революцишыл-демократтары жазушылықтың өзін әлеуметтік қызмет ретінде көрсетіп, олардың әдеби өмір сүру стилін дұрыс қалыптастыруды көздеген болатын.
XX ғасыр әдебиетінің тағы бір көрінісі ол – қазақты діни жолдан аудару еді. Бұқара арасында дінді жою, халықтың санасын басқа арнаға бұру мәселелері өршіп тұрды. Дін басылары осы жағдайдан кейін қазақ даласына Бұқарда, Самарқандта,Қазан мен Уфада оқыған татар, башқұрт моллаларын біртіндеп шықыра бастады. Ал қазақ арасынан шыққан дін басылары араб-парсы әулиелері мен пайғамбар, сахабалары туралы аңыздарды қазақ тіліне аударды. Бұған Кәшшәфетдин Шаһмарденовтың, Ғали Махмудовтың, Мәулікей Жұмашевтың және т.б. молдалардың жазған және бастырған кітаптары дәлел бола алады.
Өкінішке орай, бұл жылдары қазақ тілінде, саясат, шаруашылық, мәдениет, ғылым-білім туралы кітаптар басылмаған. Бар болса бірең-саран. Оның өзі діни бағыттағы кітаптар болған. Ал ол кітаптар патша өкіметінің қолдауымен шығып тұрды және ескілікті көксеген діни кітаптар болған. Осыған байланысты қазақ халқының ағартушылары Абай, Шоқан, Ыбырай қарсы болған. Бұл жөнінде Бейсенбай Кенжебай ағамыз былай деп келтіреді:«... Татар моллалары мен Орта Азия ишандарының әрекеті арқасында қазақ барған сайын мұсылманшылық жолға түсіп барады. Қазір қазақтың кейбір сұлтандары, байлары әйелдерін оңаша үйде ұстайтын болды, қазақтар Меккеге баратынды шығарды, домбыра тарту орнына пайғамбарлар туралы жыр, ертектерді айтады, діни қиссаларды оқиды. Тегі, европалық мәдениетке Россияның Византия дәуірін басынан өткізіп жеткені сияқты қазақ халқы татар дәуірін басынан өткізіп жететін болды. Бұл оның болашағы бұлыңғыр, қараңғы деген сөз. Өйткені, қанша оңбаған болса да, Византия Россияға азды-көпті элементі бар христиан дінін енгізді. Шағылмаған, ұғымтал қазақ халқына татар оқуы түкке аспайтын діни схоластикадын, адамның ойы, сезімі өркендеуіне бөгет жасайтын схоластикадан басқа ештеңе үйретпейді. Сондықтан біз қалаай да татар дәуірін орап кетуіміз керек. Бұл жөнінде бізге өкіме көмек көрсетуі тиіс. Көмек көрсеткенде ол, алдымен, молланы, ислам идеясын қолдауын қою керек, онан соң, қазақ округтерінде татар мектептерін ашпай, орыс мектептерін ашу керек», – деді ол.
Шын мәнісінде XX ғасыр қазақ тіліндегі жаңа кітаптардың, жазба көркем әдебиет, ғылыми шығармалардың болуы, оқу құралдарының шыға бастауы – осының бәрі қазақ оқығандарының саны артып, қазақ әдебиетінің біркелкі өскенін көрсетеді.
Енді, қазақ басылымдарына келейік.
«Дала уалаяты» газеті
Бұл XІX ғасырдың аяғында ұлт тілінде шыққан тұңғыш басылым болып есептеледі. 1888 жылдан бастап, Омск қаласында, Ақмола, Семей, Жетісу облыстық ведомстіне қосымша болып, екі тілде басылып тұрды. Газеттің бас тілмаштары Сұлтанғазин және Аблайханов деген кісілер болды. Бейсенбай Кенжебаевтың айтуы бойынша, газетке Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Көкбай Жанатаев, Абдулла Шонаев, Бәкір Әдіков, Қорабай Жапанов және т.б. мақалалары шығып тұрды.
«Серке» газеті
Санкт-Петербургте татар тілінде басылып тұрды. Татарстандағы «Үлфәт» газетінің қосымшасы және қазақ оқырмандарына арнайы шығарылған басылымдардың бірі.
«Қазақ» газеті
1907 жылы наурыз айында Тройцк қаласында шыққан. Газетті шығарушылар: Жетпісбай Андреев, Ешмухамбет Иманбаев деген кісілер болған. Газеттің шығуы барысында көп дау туды. Газетті Орынбарды шығару керек болып, кейін Тройцкіде шығара бастайды.
«Қазақстан» газеті
1911 жылы 16 наурыздан бастап екі тілде, шағын көлемді, 6 бет болып басылып шыққан. Ғалым Б.Кенжебаевтың айтуынша газетттың 13-14 саны ғана шығып, кейін тоқтап қалған. Газеттың басты мақсаты – кәсіп ету, ғылым үйрену болды.
«Айқап» журналы
1911 жылдан қаңтар айынан бастап, 1915 жылдың тамыз айына дейін шығып тұрды. Ең басында журнал айына бір рет, кейіне екі рет шығып тұрды. Төрт жыл ішінде журналдың 85 саны шыққан.
«Ешім даласы» газеті
Бұл газет 1913 жылы қыркүйек айынан бастап, екі тілде Петропавл қаласында шығып тұрды. Шағын көлемдегі газет жетісіне үш рет, «Ишимский край» газетінің баспаханасында басылды. Ғылым, өнер, ел пайдасы және т.б. мәселелер газетте жиі көтерілді.
Осылайша революцияға дейін шыққан газет-журналдардың екі түрлі саяси-идеялық бағыттарда жұмыс жасады. Оның бірі – буржуазияшыл-либералшыл, буржуазияшыл-ұлтшыл бағытта болса, екіншісі – прогресшіл, демократтық-ағартушылық бағытта жүрді.
Жиырмасыншы ғасыр басында қазақ тілінде екі жүздей ғана кітап шыққанын басында айтып өттік. Оның алпыс-жетпісі қазақтың сол кездегі ақын-жазушыларының күнделікті тақырыпқа, сол дәуір тақырыбына өздері жазған шығармалары, өлең жинақтары, дастан, поэмалары, әңгіме, романдары болды.
Мәселен, айта кетейік:
«Насихат қазақия» өлеңдер жинағы
Орынтай Құрымбайұлы
1900 ж. 20-бет.
«Топ жарған» поэма кітабы,
Мұхаммеджан Сералин,
1900 ж. 13-бет.
«Әдебиет қазақия» өлеңдер жинағы
Әбубәкір Кердері
1902 ж. 44-бет.
«Хал-ахуал» өлеңдер жинағы
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Қазан, Университет баспаханасы
1907 ж. 20-бет.
«Кітапхана жұрнағы» өлеңдер жинағы
Бекмұхамбет Серкебаев
Қазан, Каримовтар баспаханасы
1910 ж. 35-бет.
«Ақын» өлеңдер жинағы
Арыстанғали Берікғалиұлы
Қазан, Каримовтер баспаханасы
1912 ж. 30-бет
«Қалың мал» романы кітабы
Спандияр Көбеев
Қазан, Каримовтер баспаханасы
1914 ж. 30-бет
Ғалым Бейсенбай Кенжебаев осылайша әр жылдары шыққан кітаптардың тізімін беріп, әрқайсысына талдау жасап отырады. Кітаптың үшінші тарауында ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары мен оның жанрлары, ақынның саяси бағыты, дүниеге көзқарасы, творчествосының
кейбір мәселелері жөнінде талқыға салады. 1940 жылғы «Правда» газетінде КПСС Орталық Комитетінің органы қазақ әдебиеті туралы мақала жазады. Сол мақалада С.Торайғыровты зор ақылды, өмір баяны өте қызық, тамаша жазушы ретінде бағалағаны айтылады.
С.Торайғыровтың бір хатында «Айқап» журналы туралы жазылғаны айтылады. Онда ол былай дейді: «Мен өз пікірімді дүниеге шығаруда кісі бетіне қарамадым. Сондықтан келісе алмадым...» дейді. Бұл жөнінде Б.Кенжебаев буржуазияшыл ұлтщылдармен келісе алмауы мүмкін деген пікір айтады. 1916 жылы Қатонқарағайда бала оқытқаны айтылады. Оның сыншыл-лирик ақын екендігі, сондай-ақ, оның өлеңдерінде көбінесе саяси-әлеуметтік мәселелерді, халықтың көкейін тескен, мұң-тілегі болған мәселелер туралы сыр шертеді. Ол өз шығармаларында ескілікті жеңіп, халықтың мақсатына жетуіне және өмір заңын, заман жайын, өз кезіндегі қазақ тұрмысын, бағытын дұрыс аңғарып, дәл ұғынғаны жөнінде де айтылады.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларынан ұлы орыс халқының XІX ғасырдың классикалық әдебиетімен, орыс халқының ой-кемеңгерлері Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов шығармаларымен едәуір таныс болғаны, тақырып-идея жағынан болса да, шеберлік жағынан болса да солардан үйренгені айқын аңғарылады. Сондай-ақ, оның қазақ халқының ауыз әдебиетн, әсіресе мақал-мәтелін жоғары бағалаған.
Мәселен:
Тілімде әдебиет жаныма азық,
Әм болардай көңілге наным, қазық.
Терең ойлар, дүниеге қарастар бар,
Кәнекей сынап, байқап, тапшы жазық?
Ғалым Бейсенбай Кенжебаев С. Торайғыровтың жазушылық қызметін үшке бөледі: 1) 1917 жылғы ақпанда болған буржуазиялық-демократиялық революцияға дейінгі кезеңі; 2) 1917-1919 жылдар арасындағы дәуір, оның адасқан, буржуазиялық-ұлтшылдық, алашордашылық бағытқа түсіп, торығып жүрген кезі; 3) 1919-1920 жылдар ақынның торығудан айыққан, кеңес үкіметі қызметіне араласқан, социалистік идеяға қарай бет бұра бастаған кезі.
* Ол – өзінің асқақты, ашулы лирикасымен қазақ еңбекшілерінің мұң-мұқтажын, зәбір-зарын құлшына жырлап, олардың езушілері – бай-бектерді, ауылнай-болыстарды, патша чиновниктерін кекті зілмен аяусыз әшкерелеп, ашына сынаған ақын. Ол – өз халқының тереңдігі, бақытты болашағы үшін күресіп, оны оқу-білімге, жарыққа, мәдениетке меңзеп, осы жолда еліме нұр болам деп талпынған ақын. Сұлтанмахмұттың ұмытылмас еңбегі, зор маңызы міне осында,– деп қорытындылайды ғалым Бейсенбай Кенжебай.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы ауызша шығарылған және жиналып, басылып жүрген бар-өлең жырларды тақырыптарына, мазмұнына қарай Б.Кенжебай мынадай топтарға бөледі:
1) июнь жарлығы және халықтың оны қалаай қабылдағаны таралы;
2) халықтың көтеріліске бел байлауы, әзірленуі туралы;
3) көтеріліс, ұрыс, қақтығыс туралы;
4) азаматтардың майданға жөнелтілуі туралы;
5) майданнан елге, елден майданға жазылған хат ретінде шығарылған өлең-жырлар.
Мысалы, Жамбыл Жабаевтың «Патша өмірі тарылды» деген жырында июнь жарлығының қазақ халқының басына түскен ауыр салмағы жөнінде айтылған. Бұдан басқа Иса Дәукебаевтың «Бекболат», Жамбылдың «Зілді бұйрық», Әлтай Сүйінішалиннің «Қалаба», Күдері Жолдыбаевтың «Аманкелдінің Торғайды алғаны» және т.б. жыр-дастандары жазылды.
1916 жылғы көтеріліс жырлары сыншыл реализм дәстүрі негізінде, ал, қазақ совет поэзиясы социалистік реализм әдісі жағынан да бір-біріне ұқсамайды.
Қорыта айтқада, XІX ғасырда басындағы демократ ақын-жазушылары әр түрлі жанрда жазады, қай жанрда жазса да, не шығыстың, не орыс халқының классик әдебиетіне, өздерінен бұрынғы, өз тұсындағы қазақ жазушыларына еліктеп, солардың шығармаларынан қайталамай, үлгі-өнегелерін үйреніп, өздерінше жазды. Әрқайсысының өзіндік тақырыбы, ой-пікірі, тілі, стилі бар, талантты, оригиналдық, ақын, жазушылар болды. Олар қай жанрда жазса да, шығыс, я болмаса орыс халқының классикалық әдебиетіне, қазақ жазушыларына еліктеп, солардың шығармаларын қайталамай өзіндік стилдерімен жаза білді. Әрқайсысы қазақ әдеби тілін заманына лайық кезіндегі саяси, шаруашылық, мәдени оқиғаларға, өнер, ғылым, техника жаңалықтарына байланысты дамытып отырды.
Әсем САҒИҚЫЗЫ,