Тәрбиелік мәні зор тағылымды кеш
2017 ж. 26 қаңтар
3057
0
Бәрімізге белгілі, 12 қаңтар қазақтың әйгілі тұлғасы Дінмұхаммед Қонаевтың туған күні. Сонымен қатар бұл күнде атақты жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреа ты, халықаралық Шолохов сыйлығының иегері, Махмұд Қашқари атындағы «Түрік әлеміне сіңірген еңбегі үшін» халықаралық сыйлықтың лауреаты, ҚР Еңбегі сіңген қайраткер Сәбит Аймұханұлы Досанов қасиетті сан қос жеті – 77-ге, шығармашылық қызметінің 50 жылдығына орай Алматыда шығармашылық кеш өткізді.
Кеш шымылдығын әлемге әйгілі ақын, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменов жүрекжарды сөзімен ашты. Шығармашылық кеште Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің, Мемлекеттік Хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың құттықтау хаттары оқылды. «Ақ жол» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевтың құттықтау хатын партия төрағасының бірінші орынбасары, «Қазақ үні» газетінің президенті, ақын Қазыбек Иса жеткізді. Академик Кенжеғали Сағадиев, Мәжіліс депутаты Серік Сейдуманов, Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев, жазушы Қойшығұл Жылқышиев, облыстық мәдениет басқармасының бастығы Әбіл Жоламанов, Қостанай облысы әкімінің аппарат жетекшісі Арман Әбенов, Мәскеудегі Тимирязев атындағы ауылшаруашылығы академиясының профессоры, академик Серік Тойғамбаев, ҚР Жобалау шылар Академиясының Президенті, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдісағит Тәтіғұлов, Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің ректоры Динар Нүкетаеваның, Қостанай облысы, Аманкелді ауда- ны мәслихатының хатшысы Қанат Уәшевтің, ақын Хамитбек Мұсабаевтың, алматылық ұстаз Мәдениет Мәженованың «Мәңгілік Ел», жастар тәрбиесі жайлы сөздері көптің көңілін толқытты. Ақын Мыңбай Рәш «Алпамыс батыр» мен «Манас» жырынан үзінділер оқыды. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов сынды ұлылардың дауысын айнытпай салып, шығармашылық кештің шырайын келтірді. Ақын Қасымхан Бегманов та жырдан шашу шашты. Эстрада жұлдыздары Бақыт Шадаева, Жеңіс Ысқақова кешті әнмен әрледі. Бұл «Талант елге қызмет етуі керек» деген оймен түйінделген тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор тамаша кеш болды.
qazaquni.kz