Қазақ-қытай арасына алтын көпір салған сөздік
2011 ж. 29 наурыз
6425
2
Қазақ өзінің өнерді де өжет ұл-қыздарының молдығымен төрткіл дүниеге белгілі халық. Сондықтанда олар әлемнің қай бұрышында жүрсе де атадан дарыған дарыны, қайсарлығы мен еңбекшілдігіне сүйеніп топ жаруды өз ұлтының бағалы қасиеті ретінде танытып келеді. Шетелдегі қазақ дияспорасының сондай таңдаулы уәкілдерінің бірі аға редактор, танымалы тілгер, аудармашы Нұрбек Әбікенұлы. Ол 1942 жыл мамырда ҚХР, Тарбағатай жерінде туған. 1964 жылы Шынжаң университетіне қытай филологиясы мамандығын тауысқан. Сол жылы қазанда Пекиндегі Қытай қоғамдық ғылым академиясы этнология институтына қызметке тұрып, кейіннен аталған институттың түркі тілдерін зерттеу бөлімін басқарды.
Н.Әбікенұлының ғылыми зеттеу жұмысы сөздік жасаудан басталып, Шынжаң халық баспасы ұйымдастырған «Ханзуша-қазақша сөздіктің» алғашқы басылымының шығуына ат салысты. Кейіннен «Сөз теңізі», «Қытай энциклопедясы» сияқты энциклопедялық еңбектердің, «Ұлттар», «Ұлттар тіл-жазуы», «Қытайдағы ұлттардың тіл атласы», «Жоңго тұркі тілдер сөздігі» томдарының жарық көруіне өз үлесін қосты. Нұкеңнің жасаған сөздіктер Қытай елінде өз бағасын алды. «Жұңгодағы тілдер атыласы» ҚХР мемлекеттік бірінші дәрежелі сыйлығына, «Жұңго түркі тілдер сөздігі» қытай мемелекеттік екінші дәрежелі сыйлығына ие болды. Нұрбек Әбікенұлы «Қазақша тұрақты сөз тіркесінің түсіндірме сөздігі» (1982), «Қазақ дәстүрлі мәдениетінің қазақша-ханзуша сөздігі» (1983), «Қазақша-Ханзуша сөздік» (1989) секілді еңбектердің де авторы. Тіл ғалымы ретінде Нұрекеңнің көптеген ғылыми мақалалары газет-журналдарда жарық көрумен бірге, аудармашы ретінде «Грек-рим аңыздары», «Балықшылар кегі» (роман), «Мау Зыдұң мен Сыноның әңгімесі», «Лу Шүн әңгімелері», «Ғылыми сотсиализмнен шолу», «Қайтарма соққы» (кино сенериясы) сияқты шығармаларды аударып, қазақ оқырмандарына жеткізді. Нұрбек Әбікенұлы 1985 жылдан бастап Пекин Орталық Ұлттар баспасы бас редакторының орынбасары, қазақ редакциясының бас редакторы қызметтерін атқарған кезінде Қазақстан мәдениеті мен әдебиетінің озық туындыларының қытайдағы қазақ дияспорасы арасына жетуіне де көп еңбек сіңірді. «Қазақ Совет энциклопедиясының» 6 томы, Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан», Қ.Найманбаевтің «Көкем екеуміз», О.Сәрсенбаевтің «Уәде», М.Мағауиннің «Аласапыран», М.Жолдасбековтың «Асыл арналар», Б.Сарбалаевтің «Ақиқат алдында», Қ.Әшеновтың «Өзімнен де бар» т.б Қазақстан ғалымдары мен жазушыларының таңдаулы шығармалары Нұрекең басқарып отырған Ұлттар баспасынан жарық көріп, ондағы қандастарға жол тартты. Н.Әбікенұлының 2005-жылы Пекинде жарық көрген «Қазақша-Ханзуша сөздігінің» қайта құрастырылған кириллица нұсқасы жуырда «Қазақша-қытайша сөздік» деген атпен ҚР-да Қайнар университеті тарапынан баспадан шықты. Осы орайда автордың ата-жұртына келуіне орай «Қайнар» университеті Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында сөздіктің тұсаукесерін өткізді. Тұсаукесерге еліміздің бірқатар ғалымдары қатысып, бұл еңбектің Қазақ-қытай арасына алтын көпір салатын бағалы сөздік екенін атап өтті. Жанымхан Ошан