Бесінші сыныптың "Әдебиет" хрестоматиясы "төсек мәдениетін" оқытып жатыр
2016 ж. 17 қараша
4807
3
Тағы да сол ескі әуен. Тағы да сол жыр. Бұл жолы 5-сыныптың әдебиет оқулығы алқаштықты насихаттап, бесіктен белі шықпаған балаларымызды "төсек мәселесімен" сусындатып жатқан көрінеді.
"Атамұра" баспасында жарық көрген кітаптағы мына бір екі үзінді жаныңызды түршіктіреді.
"Арақ-шарап келтірсеңіз ішіп көңілімізді хош алғызып отырсақ" деген сөйлемнен 5 сыныптың баласы қандай тәлім-тәрбие алады?...
Енді мына үзіндідегі "төсек мәселесі" ұрпаққа нендей тәлім береді деп ойлайсыздар?. Мұны авторлар не себепті оқулыққа кіргізіп отыр?.
Әдеттегідей сауал көп, жауап жоқ.
Шәріпхан Қайсар