Алыптар тобының айбыны мен ажары

Әдебиетте жаңалыққа толы жарылыс жасаған

Феликс Кузнецовпен қоштасу

bez-nazvaniya

Тарих үзақ толғатып сирек туатын алыптар бір халықтың ғана емес, біресі бар халықтың, әрісі адамзаттың ортақ перзенті. Олардың қайталаанбас хас талантының жемісі – баршаға ортақ жеңіс. Ұлылар ұлта бөлсінбейді. Орыстың Толстой, Достоевский, Пушкин, Лермонтов дәуіріндегі алтын ғасырынан кейін айтарлықтай әдсіреп, әлжуас тартқан әдебиеттін жаңа биікке көтерген қуатты шоқ жұлдыздар шоғыры Николай Тихонов, Юрий Бондарев, Сергей Михалков, Виктор Астафьев, Василий Белов, Федор Абрамов, Николай Рубцов т. б. қатарында Феликс Кузнецовтың орыны ерекше. Осы алыптар тобының ажары мен айбаны, пассионер тұлғаның әдеби өмірге беленше араласуымен орыс әдеби сыны жаңа биікке көтеріліп, кеңістігін кеңейтті. Феликс Кузнецов Мәскеу жазушылар Одағының хатшысы, Әлем әдебиеті институының директоры болып жұмыс істеген жылдары әдеби процессте жаңартаудай жарылыстар жасады. Оның, “Ең тамырлы «Қазіргі қарасөздегі деревня тағдыры”, «Отандық классика дүниесінде» атты тамаша терең философияылық еңбектерінде әдебиетке деген шексіз сүйіспеншілігі, уайымдауы мен мазасыздануы айқын көрініп тұрды.

Феликс Кузнецовтың : “ Тынық Дон: ұлы романның тағдыры мен ақиқаты ” атты кітабі орыс әдебиеті үшін ғана емес, әлем әдебиетіндегі жаңалыққа толы жарылыс болды. Бұл Ұлы еңбекте ешкім, ешкашан жоққа шығара алмайтын негізгі ақиқат дәлелденді – ұлы роман жазушы Михаил Александрович Шолохов қаламынан туған!

Әлемдік деңгейдегі талант Феликс Кузнецов қазақ әдебиетінің жанашыры, қазақ халқының айнымас досы еді. Ол қазақ әдебиеті туралы мақалалар жазып, биік баға берді. Қазақстанда бүрын сан мәрте болған ол Қазақстан жазушылар одағының 70 жылдық мерейтойына Ресей әдебиетшілерін бастап келді: 2005 жылы мамыр айының 30 жұлдызында ол Абай атындағы Опера және балет театырында өткен мерекелік кеште М. Шолоховтың сонау бір жылдары Қазақстан жазушыларының съезінде сөйлеген, бүған дейін еш жерде жарияланбаған сөзін архивтен тауып , оның бірінші жариялану құқыған “ Казахстанская правда” газетін берді. Сол күні кешкісін ол алыс, жақын шетелдерден келген мәртебелі меймандарды бастап, менің үйіме келіп еді. Ақ дастархан басында айтылған салиқалы әңгіме, салмақты ой ешкімді бейжай қалдырған жоқ.

Феликс Кузнецов бұрынғы КСРО жазушылар одағының мұрагері – Жазушылар Одақтарының Халықаралық Атқару комитетінің бірінші хатшысы болып тұрған кезде қазақ қаламгеріне көп қамқорлық жасады. 2000 жылы “ Жиырмасыншы ғасыр” атты роман жайлы Мәскеуде баяндама жасап, менің көп жылдық еңбегіме аса жоғары баға беріп еді.

Ол Сөзі Ресей мен Қазақстанда БАҚ-та жарияланды.

Феликс Кузнецовпен шығармашылық қарым-қатынас жасай жүріп оның шексіз жұмыс істеу қабылетіне таң қалумен болдым. Оның “ Тын Дон ” жайлы жазған жетпіс екі баспатабақ кітәбі көлемімен ғана емес, көтерген жүгімен – бүкіл бір акдемияның еңбегіне тең!

Міне, сол аса аяулы Феликс Кузнецов та озды өмірден, 85 жасында.

Қош бол, қоштасуға қимайтын асыл Азамат!

Сәбит Досанов,

жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,

М. Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері.

qazaquni.kz