Шындықтың кермек дәмі
2016 ж. 09 тамыз
9594
0
Бауыржан Момышұлының қойын дәптерлері қозғаған ойлар
БҰДАН БІРТАЛАЙ БҰРЫН Ресей Қорғаныс министрлігінің Әскери тарих институты Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев екенін ресми мақұлдады. Бұл осы ел Қарулы Күштерінің сол кездегі Бас қолбасшысы Владимир Путиннің тікелей ықпалы арқылы бекіген тарихи әділет еді. (Оқиғаны растайтын құжат қазір ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында сақтаулы тұр). Дүниенің астан-кестеңін шығарып сәт сайын гүрс-гүрс жарылған бомба, ысқыра зулап, қарша бораған оқ арасымен өтіп, әлемді тітіреткен жау ордасы шаңырағына ту тігу адамзат баласының алғаш ғарышқа көтерілуінен де асқан ерлік екені түсінікті. Араға алпыс жылдан аса уақыт салып, қаншама тартыс, қаншама күмәннен кейін... және талай жанның тағдырын сергелдеңге түсіріп барып жеткен әлгі шешімнің біз үшін бөрікті аспанға аттыратын-ақ жаңалық болғаны рас. Алайда, неге екенін, Қошқарбаев ерлігін баяғыдан-ақ іштей мойындап қойғандығымыздан ба, ақ түйенің қарны жарылған сол қуанышты хабарды өте жайбарақат қабылдаппыз. Мүмкін сонымыздың өзі дұрыс та шығар, бірақ ондай маңызды жағдайға алдымен өзгелердің мойынсұнғаны жөн емес пе екен? Мұндайда халқымызды әуелден төмен санап әдеттенген кейбір өркеуде ағайындардың бізге ондай дүбірлі жақсылықты қимайтынын қинала түйсінесің. Олардың, мойындағаны былай тұрсын, аталған шындыққа сонша тыжырына қарайтыны да белгілі, әрине... Бірақ осындайда Илья Эренбургтің 1942 жылы «Правда» газетінде жарық көрген «Қазақтар» аталатын очеркі еске түседі. (Ол мұның алдында Мәскеу түбіндегі қазақ сарбаздарының таңғажайып ерлігі туралы «Истра жағасында» деген очеркін жазған еді). Жазушы: «Один фриц мне сказал: против нас были страшные солдаты – их не мог остановить никакой огонь, они бежали прямо на нас. Потом мне сказали, что это казахи. Я не знал прежде, что существует такой народ» деп басталатын «Қазақтар» еңбегінде жеті мың қолдық жау жасағына қарсы жалғыз шапқан Ер-Тарғын ұрпақтарының намысы Москва түбінде тағы бір мәрте жарқылдағанын айтып, шегінуді білмейтін қазақ жауынгерлерінің нешеқилы таңдай қақтырарлық ерліктерін мысалға алып, «міне, жігіттер осылай соғысады! Қазақтар сайын далада сәйгүлікпен жүйіткуге дағдыланған. Ал егер керек болса олар жер бауырлап еңбектеп те кетеді, зымырап жүгіреді де, тау-тасқа да өрмелейді, батпақтан да малтығып өте береді: оларды ештеңе тоқтата алмайды» демейтін бе еді. Әйткенмен, кейде сол әкелеріміздің жалпы соғыстағы қаһармандығын былай қойып, Мәскеуді қорғаудағы ролі мәселесі де әлі толық ашылып бітпеді ме деп күдіктенетініміз жоқ емес. Ал Мәскеу түбінде мерт болған боздақтардың басым көпшілігі біздің қандастар екені әмбеге аян ғой. Бауыржан Момышұлының майданда жазылған «Қайран сегіз» деп аталатын толғауындағы: – Панфилов тірі кезінде, Москваның төрінде Жау жағадан алғанда, Батыс елін қиратып, Қанды ылаң салғанда... Айуан келбет дұшпанның, Отыз мыңын өлтіріп, Жетпіс мыңын жаралап, Қырық мыңын қашырып, Жүз танкісін бүлдіріп, «Жеңілмес» намын күйдіріп, Ойран сап бетін қайтарып, Жау мұқатқан біз едік. Гвардия атаққа ие боп, Ту алып үлкен советтен, Атағымыз жер жарып, Ел қуанып, жау қорыққан, Ызғарлы жігіт солдаттар, Майдан төрін шаңдатқан, Ерлігіне таңғалтқан, Қазақ, қырғыз ұлы едік, –дейтін жолдардың өзі талай жайтты аңғартатын болар. Мұндайда төрт повестен тұратын «Волоколам тас жолын» жазған Александр Бектің небір атақты маршалдар мен генералдарды місе тұтпай, әйгілі шығарманың бас кейіпкері ретінде қоңырайған ғана аға лейтенант Бауыржан Момышұлын бекерден-бекер таңдамағанына тағы бір мәрте көз жеткізе түсесің. « – Не чувствую Москвы, воздуха битвы под Москвой, – говорил Баурджан. –Не передан исторический момент – октябрь 1941 года...». Бұл – аталған дүниедегі бас қаһарман мен автор арасындағы әңгімеден үзінді. Сонда әскерлердің Мәскеуді қорғаудағы тактикалық-стратегиялық қимыл-әрекетінің мейлінше дәл берілуін қалап отырған Баукең бір сәт шегінуді ар көріп, тажал жауға қасқайып қарсы ұмтылған сайыпқыран бауырларының кейпін елестетіп, жазбадан солардың алапат майданы суретін де байқағысы келген шығар-ау. А.Бек шығармасында «қазақ» сөзі талай қайталанады. Алайда басында «Если вы все-таки когда нибудь будете обо мне писать, называйте меня по-казахски: Бауырджан Момыш-Улы. Пусть будет известно: это казах, это пастух, гонявший баранов по степи; это человек, у которого нет фамилии» дейтін Бауыржанның кейінірек жертөледе кітап қолжазбасын оқып отырып, жазушыға: «Менің қазақ екенімді қайта-қайта неге айта бересіз?!» – деп ренжитін тұсы да оқырманның есінде болар. Бек көбіне өзіне де, өзгеге де көңілі толмай күйінетін қайшылықты кейіпкері туралы «...переубедить не удалось: мне достался трудный, неуступчивый герой» деп ағынан жарылады. Иә, Баукеңнің теңіздей терең, күрделі тұлға екенін барша жұрт біледі... «Волоколам тас жолында» бас кейіпкердің авторға «Мы с вами... слишком малы, чтобы разговаривать с человечеством. Но все-таки дерзнем. Мир хочет знать кто мы такие»,– дейтін тұсы бар. (Келтірілген кей мысалдарды түпнұсқасынан алуды орынды санадық). Айтса айтқандай-ақ, халқы да уақыт өткен сайын биіктей беретін осынау заңғар бейненің... таңғажайып Бауыржан әлемінің қыр-сырын жақынырақ тани түсуге құштарланатыны анық. * * * ЖАМБЫЛДЫҚТАР 100 жылдығына орай Бауыржан Момышұлы еңбектерінің көп томдығын шығармақшы дегенді естиміз. (Тіпті, ол еңбектер келешекте жүз том болады дейді. Мәскеудің орталық Әскери архивінен Б.Момышұлының 10 мың бет қолжазбасы алдырылатын көрінеді. Сондай-ақ батырдың одан бөлек 150 хаты табылған. Ал қазір әлгі бағытпен шығарыла бастаған сол кітаптардың қайсыбірін оқып та үлгеріп жатырмыз). Дегенмен, сол көптомдыққа кірмейтін де жазбалар бар. Олар – Баукеңнің қойындәптерлеріндегі ойлары. Батыр мұнда кәнігі қаламгерлік әдетпен мезетте туындаған әсерлерін, күйінішті, яки сүйінішті толғаныстарын бір-екі сөйлем арқылы «түртіп» қойып отырған. Әдетте үлкен, кесек дүниелердің де осындай ой ұшқындарынан басталатыны белгілі. Жазбалар иесінің ұқыптылығынан, жанкешті еңбекқорлығынан да сыр аңдатады. Айбақ-сайбақтау, әрі анық түскен ірі әріптерден жазушының қайсар мінезі мен телегей-теңіз ой кемелдігін, батылдығын, еркіндігін байқайсыз. Одан соң ойды мірдің оғындай аса дәл жеткізу тәсілін шебер меңгерген кіді мінезді, әрі өте талғампаз қаламгер қалауына қарай сөзді кейде орысша, кейде ана тілінде, кейде ежелгі төте жазумен кестелеп отырғанын көреміз. Бауыржан Момышұлы, міне, осындай кішкене ғана үш дәптерін өмірінің соңына қарай қандыкөйлек досы Дмитрий Снегинге: «Ты – мой биограф. Я передаю тебе свои бумаги» деп табыстаған екен. Снегин кейін сондағы жазулар төңірегінде толғана келіп, шағын кітап жазып шыққан. Алайда үш дәптердің біреуін ғана қаузаған Дмитрий Федорович сөзінің соңын: «К двум блокнотам, оставшимся в стороне от этих заметок, мы вместе с тобой, верный читатель, прикоснемся позднее. Х-ХІ.2000»,–деп аяқтапты. (Дм.Снегин. Открытый всем. Арысым еді-ау Бауыржан. – Алматы: ЖШС «Қазақстан баспа үйі»,– 2002. 104 бет.). Дм.Снегин қайтыс болғаннан кейін аталған бағалы дәптерлер «Төле би» қорының директоры Оралжан Масатбаевқа өтеді. Бұл сирек жәдігерді Орекеңнің маған сеніп тапсырғанына да, қарап отырсам, бес жылға таяған екен. Мен үшін бұл, әрине, үлкен олжа еді; дәптерлер алғаш қолға тигенде қатты қуанғаныммен, жариялауға асықпаппын. Өйткені, кез келген әділетсіздікке, надандық пен лас пиғылға төзбейтін талабы қатал қолбасшы бет-жүзге қарамайтын өткірлігіне сәйкес, кей тұста дәл сол сәттегі көңіл күйін баспасөзге жариялана бермейтіндей өте уытты тілмен айшықтайды. Сондай-ақ тиген жерін тіліп түсетіндей серттің ықпалынан болар, тіпті, арасында халықтың кейбір ардақты ұл-қыздары мен жекелеген басқа да адамдарды оңдырмай сілейтіп салып отырады. Сондықтан, ақ алмастың жүзіндей өте қауіпті жазбаларды абайлап пайдаланбасаң арандап қалуың оп-оңай. Алайда Баукең осы дәптерлерінің бірінде: «Я не клеветник, а документалист – в этом корень моего творчества ... Именно в этом и жесткость и «прелесть» моих записей (записок). Я человек интуиции, я оказался прав, когда чертил схему своего путешествия. (См. этот блокнот). – Я не думал, а чертил от «скуки», а теперь читаю эти чертежи и удивляюсь. О, Аллах, Всевышний!» деп жазыпты. Яғни, «сескенбе, менің жазбаларымның табиғаты солай» деп жігерлендіретіндей. Сонда да тартына берген сияқтымын. Сөйтіп жүргенде бұл дүниелер қолда тұрып көз үйренгендіктен бе, біртіндеп елдің бәріне баяғыдан таныс нәрседей әсер билейді екен де, ақырын-ақырын «ескіріп», көңіл түкпірінде тасаланып қала бастайтын көрінеді. Әйткенмен, бұлар туралы толғанбай да жүре алмайсың, әрине. Осылайша уақыт өте беріпті. Бір жақсысы, Оралжан аға «Әлгі жазбалар қайда? Не істеп жібердің?!» деп мазалаған жоқ. Бойына әбден сіңірсін, ой түйсін дегені болар. Дәл қазір Дмитрий Снегиннің де неліктен ұзақ толғанып, үш дәптердің біреуін ғана игеру сырын жақсы түсінем. Бірақ Бауыржан Момышұлының өзі де қарулас досына: «На некоторых стоит табу: не для печати. Но я дам тебе знать – даже оттуда – час пробил, обнародуй все... даже то, что я повелевал забыть!» дегеніндей, күндердің күнінде ештеңені жасырып-жаппай-ақ бәрін де түк қалдырмай жариялауды аманат еткен. Оның үстіне сол Дмитрий Федорович айтатындай, Баукеңнің әрбір сөзі «біз қаласақ та, қаламасақ та жалпыұлттық мәдениетіміздің бір бөлшегі» екеніне сөз жоқ. Одан соң Амангелді Айталының «Айқын» газетінің тілшісіне берген сұхбаты ойға оралып еді. О кісі: «...шығармаларын оқыған сайын қайтпас болмысымен, бекзаттығымен сүйсіндіретін адамым – Бауыржан Момышұлы. Егер де ел үшін қара бастың қамын тәрк еткен, ақиқатты тура айтатын адамды зиялы десек, қазақтың мен білетін ең соңғы зиялысы осы Бауыржан Момышұлы. Батырлардың ұрпағымыз деп кеуде көтергенімізбен, жалтақ мінезге бой алдырдық. Соның ішінде өзім де бармын, өзіме қарным ашады»,– депті. («Айқын». 211(1148). 08.11. 2008). Кейде осындай пікірлер де қамшы болатын сияқтанады. Қысқасы, жазбаларды бірталай елеп-екшеп, көпшілік назарына ұсынуды ұйғарған жайымыз бар. Ендеше осынау дәптерлердің бірінде Баукеңнің «Я люблю долгие лобзания – короткие высказывания» дегеніндей, бірқатар тіркестерге кезек берейік. * * * СЫЙЛАЙ БІЛСЕҢ дұспан да жат болмайды; күте білсең, шаппайтын ат болмайды. Қанша мақтап көтеріп қолпаштасаң, арамдар еш уақытта Дос болмайды. Зависть – это уродливая судьба дураков. Писатель историей оценивается не объемом своих томов, а – короткими их содержаниями. Поэзия оказывается в простоте, а не в чванливости. Я видел поэтов… Руку сначало – Еве, а потом Адаму. Никто искренне симпатию народа не завоюет по приказу свыше… Один чабан публично мне прочел мои стихотворения! Неужели я поэт?! Скромность – мудрость. Чванливость не глупость, а идиотизм. Невежды лезут в консультанты к мудрецам… Ақымақтар ақылдыға ақыл айтқысы келеді. Оларды ақылды тыңдай біледі. Некоторые высокопоставленные идиоты стараясь показать себя народу превратились в официантов... * * * КЕЙІНГІ ЖОЛДАН көрініп тұрғанындай, қайсыбір шенеуніктерге қатты шүйлігетін Баукең анда-санда: «Я видел много первых секретарей обкомов, но признаться, товарищ Морозов на меня произвел впечатление 5+» дегендей мақтау сөзге де мырзалық танытып қояды. Дәл осы жолдардың сырын Баукеңнің өкіл баласындай ылғи қасында жүріп, көп сырын хатқа түсірген жазушы Мамытбек Қалдыбаевтан сұрап қалдық. Мәкеңнің айтуынша, Абайдың 125 жылдығында сол кездегі Семей обкомының бірінші хатшысы Николай Морозов пойыздан түскен сыйлы меймандардың ішінен тек Баукеңе көбірек көңіл бөліп, құрақ ұша күткен сияқты. Тіпті, астанадан келген лауазымды делегация басшысын да көзге ілмеген. Осыны байқаған батыр хатшыға: «о кісінің менен жасы да, қызметі де үлкен. Сондықтан құрметтегеніңіз жөн» деп ескертеді. Сөйтсе, басшы да жауапсыз қалмай, кезінде «Абай жолы» романын іске алғысыз етіп сынаған адамдарды қол қусырып күтуіміз қалай болар екен деп, Баукеңді тәнті етсе керек. Бірақ бәрібір Бауыржанның айтқанына құлақ асып, әлгі мейманның да, оның қасына ерген өзге де қонақтардың барлық жағдайын жасайды. Алайда мән-жайды тез аңдаған делегация жетекшісі ертеңіне-ақ ешкімге айтпастан Алматыға қайтып кетіпті. * * * КЕЛЕСІ СӨЗ Михаил Есенәлиевке арналыпты: «Я был приятно удивлен тем, что Михаил Иванович оказался на высоком уровне гражданина и партработника». Білуімізше, Баукең кезінде Мәдениет министрі болған Есенәлиевті адамгершілігі мен жан-жақты біліктілігі үшін қадірлеген. Бұл кісі мен батырға қатысты бір ғана көрініс сырын да Мамытбек Қалдыбаевтың аузынан естиік: – Жазушылар одағындағы кеш үш сағаттан астамға созылды. Баукең екеуміз жай басып келіп далаға шығып ек, қараңғы түсіп қалыпты. Көше шамдары жарқырай жанып тұр. Көлігін күткен болуы керек, сонадай жерде Есенәлиев жүр екен. Баукең оған тақалып барды да, таяғын көтеріп: «Кәне, басыңды төмен иіп тұр, қазір ұрам!» деді. Ана кісі жымиып: «Бауке, сабасаңыз сабаңыз. Сіз – ағасыз, мен інімін, сабауға қақыңыз бар» деп еңкейе қалды. – «Жоқ, енді сабамаймын. Егер кісіленіп, шенеуніктігіңе салып шіренгеніңде сөзсіз сабайтын ем. Сен сөз тауып кеттің» деді оған Бауыржан аға күліп. Анадайда кейбір жазушылар қарап барады. Кейбіреулері тоқтап, енді не болар екен дегендей ауыздарын ашып, аңтарылып қалыпты. Содан министр мен батыр екеуі едәуір әңгімелесті. Одан соң кетерімізде маған: «Мына ағаңның телефонын жазып ал, сені қабылдайды», – деді. * * * Самое большое богатство – это знание языков; Слава Богу, у казахов есть группа двуязычных писателей. Боже мой… Ко мне подошел 78 летний старик – семиреченский казак… Он безукоризненно говорил, с большим тактом, прекрасной интонацией, нюансом на казахском языке… Я обалдел… Слава Богу! И у нас есть такие Ақсақалы… * * * ОСЫНДАЙДА Бауыржан Момышұлының сонау 1944 жылы майданнан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Мұхамеджан Әбдіхалықовқа «Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнеге, нағыз белгісі емес пе?!» деп қазақ тілінің мәртебесін көтеру туралы хат жазғаны еске түседі. * * * Регламент Габита оказывается не меньше 20-30 минут. Притом этот безголосый старик не говорит, а мычит... Я говорил не более трех минут (это правда) – я люблю долгое лобзания, короткое высказывание. Я видел премного умных людей и дураков. К моему огорчению номером (№) первым из последних оказался Г.Мусрепов. – Сыр айтам саған халқым, ұға білсең, Дайынмын от пен суға жұмсай білсең. Арыңды ақ ниетпен ақтамасам, Ризамын теріс қолмен бата берсең! С. мнит себя казахской (< >), а на самом деле она не стоит ее (< >)... Задний ход Бог мне не дал. Видимо это его главная ошибка когда он меня создал! (Речь 1961 года СПК и ЦК КПК). Зависть – удел круглых дураков. Я видел дураков и блядей. Как жаль, что они сами себя не понимают... * * * У Н. своеобразное понятие о человеке: деньги, звание, (< >). По ее мнению все остальное простое приложение ко всему. Н. – бездетная женщина: я лично не видел ее материнскую ласку к своим детям... Я снова убедился Н. просто эстрадная дура... Я очень устал от нее – она все время «консультировала» меня (даже во сне)... (БҰЛ РЕТТЕ Баукеңнің қағазға түскен кейбір ойларын мазмұн-мағынасына қарай топтастырып алғанымды ескерте кеткім келеді. Мәселен, белгілі себептерге сәйкес «Н» деп аты өзгертіліп алынған Бауыржан аға әйелдерінің біріне қатысты пікірлер әр түрлі жағдайда әр түрлі дәптерлерге жазылған. Сондықтан бұлар бір мезгілде қатар-қатар айтылыпты деген ой тумас. Қ.М). Н. держалась с достоинством, но физическое ее состояние подводило ее... Меня поочередно под руки вели Катира, Газель, Ищан. Люди подумали, что они мои сменные жены. (< >). Я очень устал от консультации «профессора» Н... От всех подарков я вежливо отказался, а Н. этим моим поступком была возмущена и обозвала меня дураком... * * * Мамытбек Қалдыбаевтың лебізі: – Біздің қоғам қадірлей алмады Бауыржанды. Ерекше құрмет көрсетілген жоқ. Көптің бірі ретінде ғана өмір сүрді. Айрықша құрметті өзі де қажет етпеді. Мысалы, кездесулерге шақырса, шарт қоятын – маған сыйлық-милық деген болмасын, сыйлық дайындаймын десеңдер онда мен бармаймын деп. Өзі жиырма бестей ат мінген екен әр жерден. Біреуін де алмаған. Мысалы, Абай атамыздың 125 жылдық тойында екі ат мінгізіпті. Бәйгеден озып келген аттар. Баукең Алматыға келген соң Семей облыстық атқару комитетінің төрағасы Екейбай Қашағанов телефон соғыпты: «Әлгі совхоздың директорлары сыйлығын ақшалай болса ақшалай апарайық, соғым керек десе соғым ретінде жеткізіп береміз деп мазамды алып жатыр» деп. Сонда Баукең: «Әй, сені қай ақымақ төраға етіп жүр?! Кеше естідім радиодан, Семейде не көп – қасқыр көп, соларға менің атымнан қонағасына сойып беріңдер! Бауыржан Момышұлының өзі рұқсат етіпті деп айтыңдар. Жылқы көп жасайтын жануар емес, егер қартайды десеңдер немесе жем-шөбін ауырлап жатса хабарлаңдар, мен ақша салып жіберемін!» деп жауап беріпті. * * * – Балам! Мен ешкімнен нәрсе алып көрген кісі емеспін.. Беріп көрген кісімін... – Папа!.. Но... – Потрудись молчать, сынок!!! * * * МҰНЫҢ МӘНІН Бақытжан Момышұлынан білейік: – Әкемді бұл жалғаннан жалғыз мундирмен өтті деуге болады. Ешқашан байып та көрмеген, кедей де емес еді. Ең үлкен байлығы – халқының сүйіспеншілігі. Өмір бойы елдің қамын ойлаған. Мысалы, сонау отаршылық саясаттың кезінде-ақ, өзі жап-жас, тіл тағдырына қатты уайымдап, Қазақ тілі мемлекеттік тіл болуы керек деп мәселе көтерген адам. Ешкімге құпия емес, Жеңістен кейін қолынан келгендердің бәрі немістерді тонап, эшелон-эшелонмен тасыды ғой. Ал әкеміз өмірінде ешкімнің ала жібін аттамаған адам екен. Есіме бүлдіршін кезімдегі бір оқиға оралып отыр. Әкем 1943 жылы жараланып, Мәскеуден отпускіге келгенде маған бір бәтеңке алып келіпті. О кезде құрттаймын ғой. Әлгіні өлген немістің баласының ботинкасы деп кимей қойған екем. Содан әкем бірталай торығып, соңынан мамама: «Жәмке, кейін бүлдіріп алмасақ мына баладан тәуір адам шығатын сияқты»,– деп толғаныпты. Осыдан кейін маған киім әкелмейді екен. Ылғи жарты шамадан мандарин, жарты шамадан ойыншық әкелетін. Әкемнің көпшілікке беймәлім бір қасиетін айтайын, ол – жасырын сопы болған кісі еді. Сопылық дінді әжептәуір білген. «Абай атаның шексіз әлем екенін мынау балбестер әлі түсінбейді. Ол – сопылық ілімнің ұстазы» деп түсіндіретін. Сонда айтатыны: – Көп әншілер мағынасын білмей, «айттым сәлем, Қаламқас» деп сахнадан құр ойбайлап тұрады. «Қас» деген қасиетті кітаптарда Құран деген сөз. Яғни, қаламмен жазылған Құран,– деп. Одан соң дәруіштердің биін тамашалап байқадың ба? Сонда бишінің алақаны көкке қарай жайылып тұрады. Ал сол қолы төменге – жерге бағытталады. Мұның мәні – Алланың бергенін адамдарға үлестіремін деген сөз. Көрдіңіз бе. Өзіме ештеңе қалдырмаймын деген символ. Әкемнің «Аузыңды жап. Үндеме» дегені – сен әлі дайын емессің, сонау терең ілімнен хабарсызсың дегені ғой. * * * КӨҢІЛ КӨТЕРІҢКІ болмаса іс үнемді болмайды. Ынтымақ жоқ үйде береке жоқ... Я не хочу твоей любви, а сочуствие моему творчеству… (< >). БҰЛ ЖОЛДАРДЫҢ мағынасын батырдың келіні, жазушы Зейнеп Ахметовадан сұрадық: – Ақын-жазушылар, өнер иелері Алла-Тағала ерекше жаратқан адамдар ғой. Бір аяғы сегіз, бір аяғы тоғыз болып жүреді кейде олардың. Сондықтан, мұндай кісілерге жар болу дегеніңіздің өзі жатқан бір институт. Оның қас-қабағына қарау, қай кезде қандай ой ойлап тұрғанын дөп басу, енді, әйелдің сезімталдығына байланысты шығар. Зайыбы күйеуінің творчествосын жан-тәнімен түсіне білмесе ілгерілеу болмайтыны белгілі. Мысалы, соғыс кезінде де тылы мықты болса майдан жақсы жүрмей ме. Сол секілді, әйелдері – ақын-жазушылардың берік тылы. Бұл ұсақ-түйек нәрсе емес, бүкіл қоғамға әсері зор мәселе. Отбасы шағын мемлекет дейтін болсақ, әсіресе, өнер адамдарының үйлеріндегі келеңсіздіктер бүкіл елге кері ықпалын тигізеді. Ал енді, қарап тұрсаң, шығармашылық өкілдерінің көпшілігі бала сияқты болып келеді. Жазушылық талант деген Құдай беретін қасиет. Әйтпесе кез келген адам жазушы бола бермей ме... Оларға жағдай керек. Бұрынғы жазушылардың әйелдерінің көпшілігі дерлік, Сәбит Мұқановтың жары Мәриям шешей болсын, Әбділда Тәжібаевтың үйіндегі Сара апамыз, Ғафу ағамыздың қосағы Бәдеш жеңгеміз, Қалтай Мұхамеджановтың отбасындағы Фарида тәтей... бәрі ақын-жазушының әйелі болудың үлгісін көрсеткен адамдар ғой. Менің ойымша, әлгіндей белгілі кісілердің шығармашылық табысының негізгі сыры осында жатыр. Көп жетістік әйелге байланысты. Атаның бұл жағынан жолы бола қоймаған. Баяғыда шешем айтатын еді «он еркек толтыра алмаған үйді бір әйел толтырады» деп. Сонда осының мәнін түсінбейді екем. Сүйтсем, әйелдің отбасындағы іс-әрекетінен үйге құт-береке кіретінін, шуақ даритынын айтады екен ғой. Алла-тағаланың өзі ана болу, күйеуін күту, бала тәрбиелеу секілді әйелдің маңдайына жазып қойған міндет-парызы бар емес пе. Өкінішке орай, бізде тең праволық керек деп, әйелдің бәрі қызмет істеуі тиіс деп Кеңес өкіметі кезінде бұзып жіберген мұның бәрін. Қазір де гендерлік саясат деген қыңыр ұғым етек алып тұр. Бүгін де кейбіреулер ренжіп: «ой, әйелім жұмыс істемейді, бала бағып үйде отыр!» дейді. Осы сөздің өзі өте қорқынышты, аңдап тұрсаң. Шындап келгенде, өмірге ұрпақ әкеліп, оны жақсылап өсіріп, қоғамның бір мүшесі етіп тәрбиелеп шығарудан асқан қызмет бар ма! Ал сен жұмбақтап отырған апаймен тұрған кезінде Атада жаңа ештеңе жазылған жоқ. Атаның үйдегі береке-бірлік, қасындағы адамның жан-дүниеңді түсінуі дегендері бір қарағанда түкке тұрмайтындай көрінгенімен, мағынасы өте терең нәрселер. Кейбір әйелдердің азапты шығармашылық еңбегін бағалауды былай қойып, жұмыс істеуге мүмкіндік бермей, күйеуімен арпалысуы дүниенің тозағы емес пе. Бақытжан Момышұлы айтады: – Әкем немересі Ержан туралы жаңа кітап жазып бітірген беті екен. Соны анау Берікқарада жатқанда, қара жер хабар айтпасын, сол әйел «мынауың чепуха, далбаса, жариялауға болмайды» деп қолжазбаны өртеп жіберіпті. Қызғанды ма екен, әйтеуір, аяқ астынан долданып, сиясы кеппеген шығарманы дереу жоқ қылған. Сұмдық қой. Атаңның бұған қалай шыдағанын... Зейнеп Ахметова: – Бірде Атаның Снегин досына: «менің енді ғана көзім жетті... Мен соны ғана сүйген екем, сол ғана төзген екен маған. Сол ғана түсінген екен мені... Кейін ұқтым» деп жан сырын айтатын жері бар ғой. Бәйбішесі Жамал туралы айтқаны. Сол кісіні ойлап күйзелгенін өзімнің де көзім көрген. Кәмеш апа (Ғайникамал апа) қайтыс болып кеткеннен кейін біз қолына келдік қой Атаның. Сонда бір күні таң азанда шырттай киініп алыпты. «Қайда барасыз?» деп ем, «қайда барушы ем, Жәмкеңе барам!» деді зілденіп. Сонда шошып кеттім, мына кісі қанашама жыл бұрын өліп қалған адамға барам деп тұрғаны несі, сырқаттанып қалғаннан сау ма деп. Сүйтіп ем, «бақырайма маған қарап! Жәмкенің қабірінің басына барамыз!» деді. Машина шақыртып, бардық. Көктем кезі болатын. Жер лайсаң. Сонда Ата батпаққа да қарамай, жерге тізерлеп отыра қалып, маңдайын тасқа төсеп: «Қайран Жәмкем, қайран Жәмкем! Не көрсетпедім мен саған. Кеш, мені! Кеш!» деп көзінен аққан алты тарам жасты бет орамалмен де емес, жеңімен сүртіп егілгені есімде. Мен де өкіріп жыладым. Анау-мынау сезімін, әсіресе, көз жасын сыртқа қатты білдіре бермейтін адам еді ғой. Түсіне кірді ме екен, кім білсін. Әйтеуір, Мама ғана (Бақытжанның шешесі Жамал тәтені айтады. Қ.М.) барлық ой-ниетін жіті түсінген секілді. Және барлық қорлығына көнген ғой. Мәскеуде жүріп басқа әйел алып алады, соған да шыдаған мына жақта жүріп... Бәйбіше ретінде шаңырағын ұстап отыра берген. Дегенмен, соның бәрін көтеру оңайға да түспеген о кісіге. Елу жасқа жетер-жетпесте қайтыс болған. Бақытжан көбіне қаракесек нағашыларының қолында өскен. Мамамыздың түп аталары Қаз дауысты Қазыбек, Мәдилерден бері қарай келеді. Кейде анамыздың бекзаттығы, тілге шешендігі, соншама басалқы салиқалылығы сондай тектілігінен шығар деймін де. «Баукеш батыр ғой, ерке ғой, ел еркелетіп жатқанда мен неге еркелетпеймін!» дейді екен. Негізі, Атаның отбасылық өмірі туралы әңгімеге көп бара қоймаймыз. Әйтпесе тартқан қасыреті көп о жағынан... Бақытжан Момышұлы: – Кей кезде ойлаймын да, әкем осы бірнеше әйел алды ғой. Сонда жанымда творчествоны түсінетін адам болса деген арманмен өткен екен. Іздегені тыныштық.... жан-жарасымы дейміз бе... Бірақ өмір бойы іздеген үйлесімін таба алмаған... * * * На своем собственном опыте убедился, что, қатын алу оңай екен, одан құтылу қиын екен... То есть, жениться очень легко, а разводиться весьма и весьма трудно. (Тем более в моем возрасте)... * * * Дышал (вдыхал) воздухом своего дома с самого мальства. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың» – көргенсіз, тексіз деген сөздер сол мағынаның бір саласы. Текті жердің, көргенді елдің баласы деген де сол мағынада. «Әкесіне тартқан екен ғой, шешесіне тартқан екен ғойлар» семьяның бағасы... «Жақсыдан жаман туады көрмейтұғын, жаманнан жақсы туар сенбейтұғын»... Бұл қоғам тәрбиесінен. «Ұлың өссе ұлы жақсымен, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас болғын» деген содан шығады. А.К., К.Ш. и др. претенденты на всенародные Восторги и Возвышения обосрались... Лошади (кони) наездники (жокеи)... Аммуниции у них непревзойденные. Уродство... – Они сволочи мучают бедных (бедное) животных... Не умеешь любить коня – не смей ездить на нем... Бахытжан – провокатор: оказывается он написал Елене Баурджановне о том, что я миллионер, жертва чужих... Узнав об этом Клавдия Григорьевна (цыганка) очень возмутилась и побила свою единственную дочь. (Елену Баурджановну). – Какое твое дело? Благодари Бога, что полковник признает тебя своей... – Благодарю я его... Я ведь его лишь любовница... Он от нас до сих пор не отказался и помогает нам... И она (мать) ей дала по морде по всем правилам цыганской этики... (Документальная новость). * * * КЕЙ ОҚЫРМАН «Елена Баурджановна деген кім болды екен?» деуі мүмкін. Бұл сауалға Бауыржан аға мен Жамал апайдың келіні есепті болған Орынша тәтеміз (белгілі қаламгер, қоғам қайраткері Кәкімжан Қазыбаевтың зайыбы. Қ.М.) түсінік береді: – Мәскеудегі бір сыған әйелден қызы бар екенін Баукең өзі де айтатын-ды. Бақытжанмен таныстырамын деп жүретін. Ол қыз туралы Жамал апам да естіген. Бұл «жаңалықты» мен де сонау 1956 жылдан бері білемін. Естуімше, Клавдия Григорьевна керемет сұлу әйел дейді. Баукеңді керемет сүйген... Бақытжан Момышұлы: – Әдетте көпшілік жұрт әкеммен әзілдесуден тайсақтайтын. Мен жиі таяқ жесем де қалжыңдаса беретінмін. Ал Ленаға жазған хатымда «миллионер» деуімнің сыры – «әкем бай» десем түсіне ме ол! «Богатый» деген сөз мән-жайды дәл ашып көрсете алмайды. Миллионер дегенде әкемнің сан мың туыстары мен достары бар, рухани жағынан да теңіздей терең, теңдессіз бай дегенді меңзегенмін ғой. «Жертва чужихтың» да мәнісі мәлім – әкемді пайдаланып жүрген адамдар көп болды. Күнделікті тіршілікте атын саудаға салып, өзін сатып кеткен опасыздар да аз болмаған. Одан соң көп әйел алғаны да аян. Солардың балалары да ылғи пайдаланатын. Әкем де менің хатымның мазмұнын басқаша түсінген шығар. О жағын білмеймін енді. Өзіме айтқан емес. * * * К моему удивлению: делегации братских республик оказывается знают меня... А (< >) Г – кое-кто знает... Поэтому он «взбесился» и немедленно выехал... Я ему не завидую – уважению (вниманию) плевать в лицо возброняется. Он оказался глупоревнивым животным... «...МЕН ЕШКІНІ шеше, текені ата істеген қазақ емеспін... Жоқтаймын Ахмет пен Міржақыпты». * * * Бұл тіркесті оқығанда Баукеңнің «Она» деп аталатын әңгімесіндегі: «Я дерево низкорослое, расту в низине одиноко, Я чудесен тем, что на мне нет привлекательных ягод. Я до последней щепки твой! О, любимая, прими меня как суровый дар судьбы твоей!» – деген өлең жолдары ойға оралып еді. Былай қарасаң, әдемі де әсерлі айтылған жай ғана лирикалық шумақ. Әлгі әңгімені қазақшалаған аудармашы осы жыр тіркестерін: Мен бір шынжау ағаш едім, жалғыз өскен бәсеңде, Жалғыз менің жемісім жоқ, жеміссіз тал әсем бе. Мен сендікпін кетсем-дағы жаңқа болып, шиі боп, Құш мені тек, о, сүйіктім, тағдырының сый деп, – дегендей әжептәуір сәтті тәржімалайды. Бірақ хабардар адамдар бұл өлеңнің түп-тамыры тікелей Міржақып Дулатовтың: Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш, Емеспін жемісі көп тамаша ағаш. Қалғанша жарты жаңқам мен – сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш! – дейтін өлеңінде жатқанын бірден аңдар еді. Баукең сонау 1953 жылы Мәскеуде жүріп орыс тілінде жазған әңгімесінде тура осы шумақты аударып пайдаланғанын көреміз. Бұл – Алаш арыстарының шығармаларын пайдалануға қатаң тиым салынып, «келмеске кетірілген» кезең емес пе еді. Демек, бұдан да қырық үш жастағы Бауыржанның сан қатпарлы таным-түйсігі мен терең жүрек сыры аңғарылмай ма. Сонау Алаш өкілдеріне деген шексіз құрметі байқалмай ма. * * * РЕТІ КЕЛГЕНДЕ тоқтала кетейік, жалпы, Бауыржан Момышұлының бертінгі советтік идеология қайраткерлеріне қарағанда, шынында да, сонау Алаш арыстарына көбірек бүйрек бұрғанын байқар едік. Мүмкін бұл Бауыржанның әуелден сол Алашорда өкілдерімен ниеттес болып, ғұмыр бойы дәл солардай Қазақ идеясын көтеріп өткендігінен де болар. Содан ба, әлде, әлгі ел серкелерінің ұлы Ұлттық мүдде жолында құрбандыққа шалынып кетуін көбінесе осы большевиктік партия сапындағылардан көргендігінен бе, әйтеуір, солардың сәл шалт басқан қадамына ызбарлана қарап, тіпті, қолына түссе шайнап тастаудан тайынбайтындай тарпаң мінез танытады. Әрине, мұнысы бәрінен бұрын, даналықпен ұштасып жататын мінез екені даусыз. Себебі, «Әділет атасы — шындық» демекші, қажетті жерде найзағайдай жарқылдап, белгілі бір мәселеге қатысты ақиқатты айтып тастамаса, келешекте жалған ақпараттың халықты адастырып, істің насырға шаба бастайтынын жақсы біледі. Рас, ол халқына қалтқысыз қызмет аяулы ұл-қыздардың бәрін де үлкен жүрекпен қастерлей білген. Әсіресе, сонау алыптар тобы арасынан, Мұхтар Әуезовпен жақсы қарым-қатынаста болып, өзара риясыз сыйласқан; ұлы Абай арқылы қазақ елін айдай әлемге танытқан осынау заңғар суреткер ағасын хан көтере құрметтеген. Бірақ бұл кісінің де түрлі жағдайларға байланысты шындықтан ауытқыған сәттерінде еш тартынбастан, әділ уәжін алдыға тартқан. Басқасын айтпай-ақ, оған мысал ретінде, Мұқаңа сәтсіз шыққан «Намыс гвардиясы» пьесасына қатысты майдан даласынан ренішін айтып хат жазуының өзі талай жәйтті аңғартар еді. Батыр Мұхтар ағасына қатысты тағы бір күйінішін: «Ол кісі майданда жүргенімде маған сегіз хат жазды. Бірақ та ол хаттарын кейіннен «ұлтшыл Бауыржанның» кесапатынан қорқып, менің академиядағы архивімнен өзі ұрлап алып жойды. Оны мен ол кісіге еш уақытта кешірмеймін. Қара жер айтып бара берсін. Кешірмеймін»,– деп білдірген екен. Міне, осылайша өзі құлай сыйлаған заңғар Мұхаңның өзіне кей-кейдегі пенделігіне бола бетке басып қатты айтатын Бауыржан әуелден қырындау қарайтын қайшылығы көп Сәбеңді... сонау ірілер тобының тағы бір өкілі Сәбит Мұқановты, сондай-ақ академик Ісмет Кеңесбаевты, т.б. кейбір ағаларын мүлде іреп тастайтынын көреміз. Мысалы: «Уважаемые всеми нами С.Муканов писал своевременно: в своих тогдашних сочинениях он обзывал и обозвал Абая Кунанбаева – феодалом, Ыбырая Алтынсарина – миссионером, Чокана Валиханова – шпионом. Покопайтесь в архиве, «жаман үйрек артымен сүңгиді» дегендей, Сәбит уже 25 лет извиняется перед их памятью. Но достойно извиниться до сих пор не может»... немесе: «Академик Кеңесбаев «әйел» деудің орнына «қатын» деп сөйлейді. «Ау» деудің орнына «ам» деп сөйлейді. И прочие, прочие... Келіндерінің, балаларының алдында боғауыз анекдот айтады. Ол кісі өзін ғалым деп санайды. Ол кісі Байтұрсыновты ұрлап ғалым болған. Мен ешкімді ұрлап Б.Момышұлы болған емеспін»... (Момышұлы Б. Көз алдымда бәріңсің. – Тараз, 2007.–70-71 б.б.). Жаңа ғана айттық, осындай бір сәттерде күйінбеске лажы қалмайтын Бауыржан қазақ халқының маңдайына біткен мұндай биік тұлғаларды ел алдындағы қыруар еңбектерін лайықты бағалап, бек қадірлеген. Бірақ оның жанға қанша батса да ұрымтал сәтте шыңғырған шындыққа жүгінбей тұра алмауының сырын ең алдымен ұрпақты адастырмау ниетінен іздесек, екіншіден, әлгіндей «уытты» тіркестерді «кірлеген жүрек өзі үшін тұра алмас әсте жуынбай» дегендейін, көпшілікке жариялайын деп те емес, бәрінен бұрын өз арының алдында тазару үшін жазатынымен де байланыстыруға болатын сияқты. Әйтеуір қалай болғанда да, ол кей-кейде өзі қатты шүйлігетін осынау еңселі тұлғаларды кім көрінгеннің қорлауына жол бермеген. Мәселен, бірде туған еліне барған бір сапарында қасына атқосшы ретінде ерген бір жетесіздеу жерлес інісі (тәрізі, батырды бармай жатып-ақ өзінің саяздығымен тіксінтіп үлгерсе керек), көлікте бірге келе жатып сұрақ қояды: – Бауке,– деді ол. Баукең ашулы көзбен артына бұрылды. – Бауке, сіз Мұхтарды, Сәбитті көрдіңіз, бірге жүрдіңіз. Сол көрген-білгеніңіз жөнінде әңгіме айтсаңыз жол қысқарар еді... Баукеңнің ашуының әлі басылмағаны үнінен сезіліп тұрды. – Сендей ақымаққа ондай үлкен кісілер жөнінде айтып әуре болудың қажеті жоқ. Ол кісілермен дәмдес-тұздас болдым. Олар жөнінде үлкен пікірдегі кісімін. Бірақ оларды жол қысқарту үшін айтуға болмайды. Сен әдебиетші емессің, жай әдебиет пәнінің мұғалімісің. Өзің барып тұрған мылжың көрінесің. Понятно?! – деді. Мұғалім қып-қызыл болып кетті. (Егембердиева Ж. Өмірінің өзі дастан: Роман-эссе. Алматы: Жазушы. 1990.– 86-бет). * * * Партбюро СПК. В связи с кончиной Гайникамал Бекбайкызы 26.03.1973 г. за женитьбу на которой в 1961 году я получил строгий выговор. Прошу вас снять с меня это взыскание. Б.Момышулы. 22.06.1973 г. * * * ОСЫ ТҰСТА ұғынықтырақ болу үшін мәселенің мәнін Шерхан Мұртазадан аңдайық: «Соғыстан кейінгі өмірі қиын болды бұл кісінің. 1958 жылы әскерден босап елге келгенде, ешкім елей қоймады. Үйді де кейін берді. Ғайникамал жеңгемізге қосылуының өзі шым-шытырық шатақтарға ұрындырды. Өйткені өз әйелін тастап, басқа біреудің қатынын тартып алу дегеніңіз советтік моральға томпақ келетін. Содан іс насырға шауып, мәселе Бәукеңнің сол кездегі Қазақстанның бірінші басшысы Юсуповтың атына «өлеңдетіп» түсініктеме жазумен аяқталады... Жан баласына бас иіп көрмеген Баукең, басшылықпен ұдайы қайшылықта болды. Жағымпаздануды білмеді. Ұлтшыл атанғандықтан Батыр атағы бұйырмады бұған. Жоғарыдағылар оған ең болмаса республиканың әскери комиссарының орынтағын да қимады. Соның бәрі батырдың ішіндегі қыжылды көбейтті. Қысқасы, соғыстағы бейнетінің зейнетін көрмеді». («Айқын». 28.04.2005. Т.Батырхан). * * * Ал Шерағаң айтып отырған «шым-шытырық шатақтың» мәнін де тереңірек ұғу үшін Сафуан Шаймерденовтің әңгімесіне жүгінсек: «...1962 жылы қазақ әдебиетінің күнделікті тірлігінде жұртты шулатқан бір оқиға туып кеткені. Бауыржан Момышұлы Қамаш атты артист әйелді күйеуінен айырып алды. Осы орайда республиканың бір топ қарт большевиктері жоғары орынға хат жазды. Сол хат «Қазақ әдебиеті» газетінде жариялансын деген ұйғарым болды. Хатпен бірге мақала жазу маған тапсырылды. Мен ол кезде Қазақстан Жазушылар одағының секретары едім. Бұлтарарға шама жоқ. Жазушы парызы туралы бірдемелерді айтуыма тура келді. Жасы үлкен, даңқы зор ағаға не жөн үйретерсің?! Атқарған қызметін, көрсеткен ерліктерін санай берсем керек. Есімде қалғаны, Аристотельден келтірген қорытынды сөзім: – Человек вне общества или Бог или зверь. Бауыржан өзін қайсымын деп түсінеді екен?– деп аяқтағанмын. Бір қызығы, ресми орындар менің бұл мақаламды Бауыржанды сынаудың орнына мақтаумен болыпсың, деп қабылдай қоймады. Оған көнген басым, енді, Бауыржанның өзі не айтады деумен мазам кеткені. Шынымды айтсам, әлденені бүлдіріп қойған бала секілді батырмен кездесуден тайсақсып жүрдім. Бірақ көп кешікпей-ақ бұл мәселенің аяқ астынан шешіле кеткені. Өз кабинетімде шылдыраған телефон құлағын ұстай бергенімде үстінде шинель, басында папаха, полковниктің өзі кіріп келгені бар емес пе! Мен түрегелдім. Бауыржан қолын шекесіне апарды: – Жазғандарыңның ішіндегі ең тәуірі «Қазақ әдебиеті» газетінің кешегі санында жарияланған мақалаң екен. – Жолдас полковник, мен де тап солай ойлаймын,– дедім сабырлы кейіпте. Бауыржан сәл жымиған секілді болды. Бірақ үн қатқан жоқ. Өкшесін сарт еткізіп кері қайырды да, шығып жүре берді». (Шаймерденов С. Ағалардың алақаны. Повестер, әңгімелер, эсселер. – Алматы. Жазушы. 1990. 155-156 б.б.). * * * Қарап отырсақ, мұнда аздап сәйкеспейтін тұстар бар. Мәселен, Баукеңнің сол жолғы үйленген жылы – 1962 емес, 1961. Сондай-ақ Сафағаң батырды кабинетке келді десе, Бауыржан қаламгермен дәлізде кездескенін жазады. Әйтеуір, расында да, Сәкең сынды алыстан орағытып бастаған екен. Енді сол атышулы мақаланың кей тұстарынан ғана үзінділер келтірейік: «...Жасырудың керегі не, біздің жазушылар арасы әлі де болса қылт етпе ерсі мінездерден, кекірттік, мен-мендіктен, маскүнемдіктен, моральдық азушылықтан арыла қойған жоқ. Аяулы ағамыз марқұм М.Әуезов айтқандай, әуел баста Жазушылар одағының есігін сызыла келіп ашып, қыздай болып «сіз-біз» деп жүрсе де, бір-екі дүниесі жарыққа шыға қалса, «болмай жатып бола қалдым, толмай жатып тола қалдым дейтін шалағай шекспирлер мен толыспаған толстойлар» да бар біздің арамызда. Бұл бұл ма, кейде сауықтыру орнынан, милиция органдарынан: сендердің бәлен дейтін кісілерің осындай етті, осындай етті» деп телефон соғылып жататын да кездері болады. М.Балыкин, Д.Рябуха, Т.Ысмайылов, Т.Бердияров – сауықтыру орындарын тұрақты мекенге айналдырып алғандар. Соңғы екеуі Жазушылар одағына мүше емес. Бірақ әманда олар тентектік жасаған жерлерінің бәрінде де «жазушымыз» деп пәш етеді де жүреді. Бұл жігіттерді түсіну қиын. Бір кезде Ысмайылов та, Бердияров та тәп-тәуір өлеңдер жазып, таныла бастаған еді. Көп үміт күттірген жастар болған соң ерсі мінездерін де, ұрыс-төбелестерін де жазушылар қауымы кешіріп келді. Жазғандарын газет-журналдар да тоқтаусыз басып, жекелеп кітап етіп те шығарып келді. Ол ол ма, тіпті кейбір жазушылар қамқорлық та жасап бақты. Емдел деп ауруханаға апарып та салды. Қызметтен босатам дегенде «ауру еді, қиын болады ғой, бір жолға кешір»,–деп араға да жүрді. Бірақ абұйыр алған кезіміз болған емес. Сол істелгендердің бәрі де құмға сіңген судай босқа кетті. Не ойлағандары бар екен бұл жігіттердің? Түсініп болмайсың. Асылы мұндай түзелуден кетіп қалғандарға ендігі жерде аяушылық жасаудың керегі жоқ. «Жазушы» деген ардақты атқа дақ келтіретін, моральдық бейнесін жоғалтқан басбұзарлармен басқа тілде сөйлесуге тура келеді бұдан былай. Бауыржан Момышұлын бәріміз де жақсы білеміз. Майданның ерлік тарихына ол өз қолымен, қаһармандық күресімен, батырлығымен талай беттерін жазғанын да білеміз. Бауыржанның сонысын ел бағалады. Аялады, алақанына салды, өткен жылы елу жылдығын өткізді, үстіне шапан жапты. Сөйтіп қолпаштап көтерген Момышұлы не істеп отыр бүгін? Үлкеніміз жан бауыр інім деп қараған, кішіміз болса, жан аға деп бағалаған Бауыржан жайында мына қарт коммунистер жазған хатты оқығанда жүрегіңді өрт шалғандай боласың. Момышұлы халық махаббатын неге қастерлемеді? Совет жазушысы деген ат бар екенін, Коммунистік ұлы партияның мүшесі екенін тіпті айтпаған күннің өзінде, Бауыржан өзін көкке көтерген халықтың алдында неге жауапкершіліктен айырылып қалды? Ол Төлеужан Ысмайылов та, не болмаса «толыспаған Толстой» да емес еді ғой. Ол Бауыржан еді ғой. Осындайда адамзат баласының елең-алаңында жасаған Аристотельдің «человек вне общества – или Бог или зверь» деген құдіретті сөзі еріксіз есіңе келеді екен. Бүгінгі жарқын қоғамның бар моральдық қағидаларына көлденең тұрған Момышұлы қайда бара жатыр? Ойлана ма екен мұны ол?». (С.Шаймерденов, «Жазушы – ардақты ат», «Қазақ әдебиеті», №49 (569) 1-желтоқсан, 1961 жыл). * * * КЕЗІНДЕ елді едәуір елеңдеткен бұл дүниені Бауыржанның өзі алыс сапардан оралған күннің ертеңіне оқыған сияқты: «...Я спал. Меня разбудила она. – Міне, әлгі Сафуан иттік істепті,– этими словами она показала мне свежий номер газеты «Қазақ әдебиеті». Она была возмущена до предела. Я ей сказал, что ничего неожиданного не случилось. Все это проделки Мусрепова, а на остальных не стоит обижаться. Пошел в Союз Писателей, все смотрели в окна. Когда я поднялся в вестюбиль, там стояли пять-шесть писателей, кольцом окружая коптированного секретаря С.Шаймерденова. Со всеми поздоровался за руку и, задержав руку С.Шаймерденова сказал: – Из всех твоих произведений самое талантливое – это твоя сегодняшняя статья,– все рассмеялись...». (Момышұлы Б. Көз алдымда бәріңсің.– Тараз, 2007.–185-186 б.б.). * * * Ал Баукең мен Ғабең арасындағы егес қашан басталған өзі? Екеуінің ара-қатынасы неліктен күрделенген? Сонша жауығуларының сыры неде? Бұл сауал да белгілі тұлғалар өмірі әлеміндегі небір тартысты жәйттерді білуге құмар қауымды қызықтырмай қоймас. Іс, негізінен, Бауыржан Момышұлының сонау 1943 жылдың аяғында Алматыға демалысқа келген сәтінде ушыққан сияқты. Сол сапарда Мұхтар Әуезов қос майдангер Баукең мен Дм.Снегинді жұбайларымен бірге үйіне қонаққа шақырады. Снегиннің айтуынша, сол жолы Әуезовтер дастарханында қосағы Мәриям апаймен Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, зайыбы Сарамен Әбділда Тәжібаев, Ғали Орманов және басқалар болған. – «Грустно говорить, но за столом с первых минут возникло напряжение. Умолчать бы об этом. Не могу: совесть Баурджана не велить. Мариям убеждена: причина всех напряжений – в Баурджане. Он – замедленная бомба. Не словами, а глазами, неуловимыми жестами Мариям предупреждала всех, почтивших большой дастархан: – Будьте осторожны, на сей раз бомба может взорваться». Жазушы жиналғандардың үстел басындағы көңіл күйін осылайша тәптіштеп келіп, бір мезгілде Бауыржанға сөз кезегі тиген сәтті баяндайды: «...Бауыржан сөзін армия жағдайына бейімдеп, автоматизм мен оқып үйренуді пысықтауға арнады. – Біздің сарбаздарымызда бұл қасиет әлі ширатылып жетілмеген. Ал немістерде оның жоғары дәрежеге көтерілгені сондай, ол жағымды қасиетін жоғалтып, жағымсыз нәрсеге айналып кеткен. Егер біздің армиямыз тап сондай әсіре жетілу қасиетіне ие болса, онда ол жеңіске жету қабілетінен айрылады. Бұл бізге мүлде жат нәрсе. Біздің Гитлер армиясын ойрандайтын құдірет-күшіміздің бір сыры осында жатыр!».– Осыны айтып болысымен, оң қолымен қылышының сабынан ұстады. Со замат ол қынабынан суырылып, жарқ етіп, жазықсыз кісілердің қылша мойнын қиып түсетіндей көрінді. Дастархан басында отырғандардың кейбіреулері бүкірейіп мойындарын ішіне тартып ала қойды. – Мариям бесстрашно возвысила голос: – Ей, қойсайшы, ақылсыз! – Тишина. Рука разжалась и приняла обычное положение. И вдруг – глуховатый, независимый, ироничный смешок Габита: – Чего испугались, у этой Гвардии алга деревянные сабельки... пол-России профффукали. – Міне, осыдан кейін көреген Мәриям күнібұрын ескерткен баяулап барып от алатын бомба жарылсын келіп. Енді не болғанын түсіну қиын емес: «ағаш қылышты» сабаздың жақ сүйегі шодырайып, беті бүлкілдеп кетті. ...Оскарбление было нанесено моему лучшему другу, всем фронтовикам. В такой ситуации не остаются, а вызывают на дуэль! Не пропустив вперед жен, мы ушли. Глотнув свежего морозного воздуха, молча козырнули друг другу и разошлись в разные стороны: у каждого возникла щемящая потребность побыть наедине с собой... ». (Дм.Снегин. Открытый всем. Арысым еді-ау Бауыржан. – Алматы: ЖШС «Қазақстан баспа үйі»,– 2002.–41-45 бет.). * * * Мәскеу түбіндегі жан алысып, жан беріскен қан майданнан келіп отырған батырдың ар-намысына тиген жалғыз «несіне қорқасыңдар? Бұл алға Гвардиясының ағаш қылышсымағы Ресейдің тең жартысын жау қолында қалдырды емес пе» деген де сөз емес екен. Кейін сол отырыстағы ренішінің себебін Баукеңнің өзі де жазады. Жанын жаралаған әлгі сәтті ұмыта алмаған. – Ей, Ғабит! Меніңше, мынау өзі төбет сырттан, көкжал болуы керек,– деді тілі күрмелген Қалыбек. – Меніңше, бұл... Әскери бутафория,– деді оған сыбырлап Ғабит. – Момышұлы сондағы көріністерді дәлме-дәл осылай жеткізеді. «Бутафорияның» мағынасы түсінікті – жансыз қуыршақ, декорация... Бос тұлып... Жалтылдап көз алдау ғана деген сөз. Мұндай кемсітуге айбарлы батыр қайдан шыдасын... Қатты қорланып, дереу кетуді ұйғарған: – Ал, Мұқа, Валентина Николаевна! Сіздерге көп рахмет. Біздің үйде ауылдан келген қонақтар отыр еді. Рұқсат болса, біз қайталық. – Неге сондай асығыстық? Әлі үлкен ас алдымызға келген жоқ қой. Әдейі қой сойып едік сен үшін. Соның басын... –Рақмет, Мұқа. Дмитрий Федорович, Валентина Николаевна и Мухтар Омарханович нам разрешают покинуть эту компанию,– деп Мұқаңның сөзін бөліп мен жұбайымның шынтағын сүйеп орнымнан тұрдым. Снегин де жұбайымен орындарынан тұрды... Мұқаң сұп-сұрланып, күйбелектеп бізді киіндіріп есігінен шығарып салды. Көз жанарында «Бұл қылығыңды еш уақытта кешірмеймін» дегенін сезіп есік алдында: – Қонақты таңдап шақыра білмеген өзіңіз кінәлісіз, Мұқа. Мен сізден кешірім сұраймын. Сау болыңыз,– дедім. (Момышұлы Б. Көз алдымда бәріңсің.– Тараз, 2007. 5-б). * * * Міне, сонау 1944 жылдан басталған осы тартыс ширыға келіп, 1961 жылы шырқау шегіне жеткен секілді. Ал әлгі мақала шыққаннан кейінгі әңгімені Бауыржан Момышұлының өзі Мамытбек Қалдыбаевқа айтып берген екен: – Ғабит Мүсіреповке телефон соқтым. Сөйтіп ем, қабылдау бөлмесіндегі татар әйел жөндеп сөйлеспеді. Адам психологиясының қалай өзгеретінін көрдің бе! Мақаладан ол да хабардар, әрине. Момышұлының шаруасы осымен тынды, адам қатарынан шықты деп отыр оның өзі. – Әй, қаншық, саған не керек! Қос кәне Ғабитті! Зорға деп қосты, әйтеуір. Ғабитке амандасқан жоқпын. – Ғабе, ертең сен өлсең мен жылаймын, мен өлсем сен жылайсың,– деп бастап ем: – Сен жыла!– деді ол. Мұнысы «сенен бұрын мен өлейін» дегені. Мен айттым: – Ғабе, жас өле ме, кәрі өле ме, оны бір Құдай біледі. Қазір мен барамын, анау есігіңнің алдында отырған қаншыққа айтып қойғын, үрмесін!.. Сөйтіп, киініп бардым. Киілмеген кәстөм-шалбар бар еді үйде... Мойныма Вучетич сыйлаған бантты тағып... Барсам, секретарша әйел лыпылдап қалыпты. Қазір біліп шығайын деп кіріп кетті де, күтсін, қабылдаймын деді деп тез шықты. Едәуір отырдым. Сағатыма қарасам, жиырма минуттей өтіпті. «Неге қабылдамай отыр?» деп сұрамайсың ба?! – Иә, неге қабылдамай отыр? – Ғабит – ақылды адам... Сұм адам. Әдейі іштей мүжіліп, қайғырсын. Мына пәледен құтқара гөр, Ғабе, деп аяғыма жығылсын деп отыр. Сосын есікті жұлқа ашып кіріп бардым. Барсам, алдында әлгі бір кемиек ақындарың отыр екен. «Ғабе, мұндай әңгімеде третий лишний, пусть он выйдет» дедім. Анау шықпаймын деп шақ ете қалды. Неге шықпайсың десем: «Мен Жазушылар одағы басқармасының мүшесімін, осындай талантты ақынмын», – дейді. Мен: – Ондай талантты ақын дегенді естісем құлағым керең болсын. Мен де Жазушылар одағы басқармасының мүшесімін,– деп едім Ғабең әлгіге: «Әй, шыға тұр сен!» деді ыңыранып. Анау шығып кеткенде бір метрдей қасына жақындап бардым да, боқтап: – Сен мені бүгін «Қазақ Әдебиетіне» шығарып мұқаттым деп мәз болып отырсың ғой. Ертең мен сені «Литературная Газетаға» шығарамын. Есіңде ме, «Москва» қонақ үйінде бір өзбек актрисаға алтын сырға сатып әперіп, әуейіленгенің?! Сонда мен бар едім ғой қасыңда. Басқа да сорақы істеріңді жақсы білуші ем ғой. Кто из нас развратник?! – дедім. Жүні жығылып, бет әлпеті сұрланып, не дерін білмей, сескеніп қалды. – Бауке, осы мәселені қояйық!– деді сосын. – Қойсақ қояйық. Жатқан жыланның құйрығын басқан өзіңсің. Бір ғана шартым бар. Бұдан былай ұстассақ, ар мәселесімен ұстасайық, әйел мәселесімен ұстаспайық!– дедім. Ойланып отырып: – Жақсы, келістік!– деді. * * * ОСЫДАН КЕЙІН Баукеңнің сол кездегі Орталық Комиттеттің Бірінші хатшысы Исмаил Юсуповке барғанын, оған араб қарпімен «Бауыржан Момышұлы атағым бар» деп басталатын әйгілі бір шумақ өлеңін жазып қалдырғанын, оны хатшыға Дінмұхамед Қонаевтың «тәржімалап» бергенін әңгімелеп отыру шарт емес шығар. Тек батыр кейін: «Қонаевқа бір жағынан қатты ризамын. Какой он дипломат! Бауыржан кінәсін мойындапты депті Юсуповке. Бірақ оған, бір жағынан, наразымын. Себебі, өлеңде не жазылғанын жасырмай, ащы да болса шындығын айтуы керек еді. Қазақтың мақалы бар, ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі деген. Ана әйел бұрынғы байымды жақсы көрмеймін, Бауыржанды жақсы көремін деп отыр. Жақсы көрмесең де, күйеуіңе қайта бар деп айта ала ма. Масқара болады ғой!»,– депті. Бірақ бәрібір қатаң сөгістен құтыла алмаған. Бұған қоса шыққалы тұрған кезекті кітаптары өндірістен алынып тасталады. Осындай қисынсыздық салдарынан, Ғабит Мүсіреповпен араларындағы кикілжің бертінге дейін созылып келген екен. Енді бұл төңіректегі сөзді доғара тұрып, Бауыржанның келесі жазбаларына көз салайық. * * * Мне в этом году всего лишь 63 года. А до Джамбульского возраста осталось лишь 37 лет. Оставшееся время надо поработать не спеша. В последний раз я навестил Джамбула в 1944 году. На мою просьбу – рекомендацию «Ему пора отдохнуть» Джамбул ответил: – Зачем? Жуть если не работать. – Да, вы правы, аксакал. Я вас понял. Вы сказали, что настоящий гражданин до последнего дыхания обязан (должен) служить Советскому Союзу. Не так ли? – Да, так. Во всяком случае стремиться к этому надо. К этому обязывает нас наш долг,– сказал он. – За ваше здоровье, друзья! Желаю вам Джамбульского долголетия! * * * БАУКЕҢ ОСЫЛАЙ деп жазса да, пайғамбар жасына келгенде бір сәт өлім туралы да ойлаған секілді. Дәптерлердің біріндегі әлдебір түсініксіздеу сызба-нұсқа сондай бір болжамдарға бастайды. Парақтың шетінен төте жазумен көмескілеу ғана таңбаланған «Қонаев» деген сөзді байқаймыз. Мұның сырын Бақытжан Момышұлы баяндайды: – Жуалы мен Түлкібастың шекарасында керемет бір жақсы жер бар. Бұрын Жуалы да, Түлкібас та бір облысқа... Шымкентке қараған. Туған жерін қатты аңсап жүретін еді. «Үкімет Жуалыны Жамбылға берді. Бір бөлігі Шымкентте қалды. Бұл дұрыс емес» деп бірнеше рет айтқан. Өлгенде туған жеріме жерлесе дейтін. «Қонаев» дегені Димекеңе құлаққағыс ретінде айтам ба деген бір ойы болған шығар. Содан кейін кәдімгі салфетка бар ғой... Соған өзінің жататын жерін салған. Үйде... архивте жатыр. «Ешқандай ескерткіш қоймаңдар. Жай ғана бір тас қойып, Бауыржан Момышұлы деп жазсаңдар сол жетеді. Туған жылымды да, қайтыс болған уақытты да көрсетудің керегі жоқ. Зират маңайына аласа өсетін гүл егіңдер. Одан соң төрт бұрышқа – төрт ағаш... Басқа артық ештеңе қажет емес» дейтін. * * * Динмухамет Динахметович! Я семнадцатый год в отпуске. За эти годы я не разу не просил у Вас приема по личным вопросам... В удобное Вам время прошу вас принять меня на 30 минут. Б.Момышулы. Тел – 2-55-91. Шапуле рассказать:- Захраның әпкесі;
- Карамански нож;
- Смерть мамы. (Как продолжение смерти Музей апа)...
Құлтөлеу МҰҚАШ
qazaquni.kz