Мирас Асан: Әкім құтырсын, Ақын – ұтылсын…
2016 ж. 27 сәуір
3201
1
АРЗУ
Жігер – құм болды, Жүрек – күл болды... Жерім – пұл болды, Елім – құл болды...
Сатып бітірсін,
Атып... үкім, сын...
Шенді құтылсын,
Шелек – тұтылсын!
Билік – бүкір шын,
Күйдік, бүкілі сұм.
Әкім құтырсын,
Ақын – ұтылсын...
Қарыз белшеде,
Арыз кеңседе...
Руы – ас, тойда,
Рухы – еңседе...
Байлық шылқыды,
Айлық – күлкілі...
Тесік қалтамыз,
Тесік – құлқыны...
Балық – қармақта,
Халық – шарбақта.
Құзғын – тұғырда,
Тізгін жармақта...
Айнам, Азаттық,
Қайдам, қазақтық...
Елді мазақ қып,
Жерді тозақ қып,
Өзі бір жақта...
Сөзі қылжаққа...
Қолы қаламда,
Көзі қыр жақта...
Мирас Асан
qazaquni.kz