Баян-Өлгийде танымал ақынның кітабы қысқа мерзімде 1 миллион сомға сатылды

S-ra-an-Rahmet-lyi12512287_956353557764019_4725805516884540334_nБаян-Өлгийде алғаш рет аз уақатта 1 миллион сомның кітабы сатылып кетті.

Аңдатпа: Анау жолы Алтайға кәпірлерді кіргізбеймін-деп жан таласып соғысып жанын берген ұлы тұлға Оспан Исламұлы жайлы зарттеп жазған, сосын ғылыми еңбек қорғаған Сұраған Рақметұлының құнды кітабы шығыпты- деп жар салғанымыз естеріңізде болар.

Тарих: (Оспан зертеушілер үшін тарихи күн) 3 наурыз күні Оспан батыр Бәйтіктегі Алатөбе маңында Монголия тарапымен кездескен, келісімге келген тарихи күн:

Бүгін: Сұраған Рақметұлы осы бір даталы күнге орай Оспан батыр жайлы зерттеп жазған кітабының тұсаукесер салтанатын 3 наурызға туралап ұйымдастырған екен. Кітаптың ашылу салтанатына шағын ғана адам келсе де, 1 миллион төгрөгтің (шамамен 170 мың теңге)  кітабы сатылды.

Статестика: Аймағымыз тарихында аз уақытта 1 миллион сомның кітабы сатылып кетіуі тұңғыш рет болып отыр. Бір кітаптың құны 20 мың төгрөг болған.

Ал Сұраған Рахметұлының аталмыш кітабының құрамы былай.
Бірінші бөлімде: Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы, Шыңжаңдағы ахуал. Аз ұлттардың азаттығы үшінгі талпынысы.
Екінші бөлімде: Моңғолия жерін мекендеген қазақтардың қоғамдық өмірінің әрқилы нәзік тұстары кестеленеді. Сонымен қатар Моңғолия қазақтарының басынан өткен оқиғалары яғни Жалама оқиғасы, «Кенжебек айдаған» 30-шы жылдардағы оқиғалар және Сталиндік қудалау қатарлы көптеген көмес қалған тарихнамалардың нақты деректері ашылады. Сонымен қатар Өр Алтайдан бері асқан қазақтар, Өр Алтайға қарай көшкен ел-жұрттың жай-күйі һәм басынан өткендерінен мағлұматтар өріледі.
Үшінші бөлімде: Батыс шекарадағы орын алған саяси-әскери оқиғалардың бір парасы нақты деректермен беріледі. Сындарлы маршал, Үкіметбасы Хорлоогийн Чойбалсан Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының бас қолбасшысы Оспан батыр Ісләмұлының кездесулеріне қатысты тың деректер осы бөлімде егжей-тегжейлі сараланады.
Кітаптың соңғы бөлімінде: Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының тығырыққа тірелу кезеңі баяндалады. Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан тұлғалар Құрманхан Мұқамәдиұлы, Қамқаш Исаұлы, Ноғай Шымшырұлы қатарлы тарихтағы нақты тұлғалардың ғұмырнамасына қатысты деректерді осы кітаптан оқуға болады.
Жанарбек Ақыби
qazaquni.kz