Т.Әбдікәкімов: ТҰРСЫНҒАЗЫ РАХИМОВТЫҢ РУХЫНА
2016 ж. 28 ақпан
2735
2
Егер, ежелгі дана бабаларымыздың айтқанына сүйенсек, "қайтыс болған Адамның тәні киіз үйдің сықырлауығынан шығып, Қара Жерге енеді, Жаны Шаңырақтан ұшып, Көкке жетеді". Кешегі әулие Шаһкерімнің "Жанымыз - Күннен келген Нұрдан..." постулаты бойынша: "қайтыс болған Адамның Жаны бірден Күнге тартылып кетеді". Қалай десек те...
Құрып қойған секілді құсқа қамау, Ажал бір күн әркімді ұстамақ-ау!... Сен Ажалға бір амал таппадың ба, кісілігіңнің жұпары күшті Ағам-ау?!..
Өмірбіткен - осы ма?.. Өмірбіткен?.. Жолығарсың бәлкім сенТәңір-Құтпен?!.. Қалай болса кеудемде солай соғып, қапалы жүрек мендегі қан үркіткен!
Кім өзіңді ғайыпқа асықтырған? От еді ғой - өмірге ғашық тұлғаң. Шайтан-үндер көп екен - енді естілді - сенің Аспан-Даусың басып тұрған!..
Рух сырын, өмірден бек тысқары, таппақ емес ешқандай тапқыш ғалым. Сен ән салсаң, көруші ем Жанымның да Көңіл құсына жармасып Көкке ұшқанын!..
Ұшты солай қалың Ой-қарлығашым, қайталаумен әрқайсысы Ар дұғасын! Қалай көңіл айтарын Әндеріңе білмейді екен бірақ та сорлы басым!..
О Дүниенің сыры да ғажап қиын... Тілегіңді тілейді Сөз - ақ құйын!.. Сені Жұмақ қабылдар, Тұрсынғазы! Қазақ Әнін - қабылдар - Қазақ Күйін! Қабылдамаса, Жұмақ құны маған да - бес-ақ тиын!
Тыныштықбек 28. 02. 2016.