Рахымжан Отарбаев атындағы стипендия тағайындалды
2020 ж. 12 қазан
1408
0
Атырау қаласында 19 қазан – белгілі жазушы Рахымжан Отарбаетың туған күні қарсаңында бірнеше іс-шаралар өткізіледі деп жоспарлануда. Сол шаралардың бірі – «Рахымжан Отарбаевтың Руханият Қоры» жеке қоры жыл қорытындысы ретінде қазіргі әдебиетте еңбектеніп жүрген жастарды қолдау мақсатында арнайы стипендия тағайындағанын қаламгердің жары Сәуле Отарбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды "Қазақ үні".
Қордың стипендиясына:
Проза жанры бойынша – Бақытгүл Сәрмекова
Поэзия жарны бойынша – Айжан Табаракқызы
Аударма жанры бойынша – Самғар Тұрарбекті лайық деп таныпты. Стипендианттар қазанның 19-ы күні Атырау қаласында марапатталатын болады.
Дәл сол күні Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Рахымжан Отарбаевтың Руханият Қоры» жеке қоры Рахымжан Отарбаев шығармашылығын насихаттау, зерттеу мақсатында өткізген әдеби-сын байқауының жеңімпаздары анықталып, марапатталатын болады.
Сондай-ақ шара аясында Рахымжан Отарбаевтың қос кітапбы – Берлиндегі «Дагиели» баспасынан және Бакуден жарық көген «Бас» романының тұсаукесері болады деп күтілуде.