ӘКЕМЕ
2012 ж. 25 қараша
5275
3
Мен ауырдым –Неге ауырды жүрегім?Оны, әрине, өзім ғана білемін…Күре жолға қарап тұрып күн бойы,Күрең тартты реңім…Қамалмай-ақ қапырық тас қалаға,Бәрін тастап, кетсем деймін далаға…Онда жатыр кеше кеткен Жан көкем,Онда жатыр жаны аяулы Жан ана!..Әке, сен де кетіп қалдың ақыры,Қара жердің толды ма екен ақымы?..Тастап кеттің,Елмен болсын дегендей,Елдің мұңын жырлайтын ел ақыны…Ер болсам да енді қалай шыдарым,Жүрегімді бұлқындырып бір ағын,Оңашада балаларға көрсетпей,Бала болып емін-еркін жыладым…Қорқып жүрген ең бір суық сөзді естіп…Керең болмай қалды менің құлағым…Қарсы алды ма, анамды айтып қоймап ең,Дүниенің жалғандығын тағы да алдым ойға мен…Қиналып ең, жай тапты ма, жаның да,Жәннат есік ашса деймін,-Жалғандықсыз жайлы әлем.Ұзын Ата зиратымыз ең көне,Алып қалды,Енді жоқсыз…Еркелермін елге де…Бар асылды жатыр екен жасырып,Қасиетті десем Қара жер неге?Арызымды енді кімге айтамын?..Бөлісуде қайғымды елім – байтағым.Әкесі бар жанның бәрі бала екен,Есеюді енді ғана байқадым…Тұңғыш ұл ем… тұманды ойлар не түрлі,Жаулап алды тапқандай шын жетімді…Сағындырған сайын дала, сары шал…Бәрі мені тастап кеткен секілді…Енді әкесіз өтер қалған күндерім,Жайымды ойлар жан әкемдей кім менің?..Жапандағы жалғыз үйге кететін,Кез келді ме, білмедім…Қайран әкем, далаңдай сен кең едің…Қалай табам жүрегімнің мен емін?..Әкем кетті…Әкем салған жолмененҰрпағыңды өрге сүйреп келемін.Он баланы жалғыз өзі жеткізген,Әке, неткен Ер едің!..Кенен ойлы кемелім!Жаратқаннан жалбарынып жәрдемді,Жинадым мен Құранменен әл-демді.Атам қойған атыңызға лайық,Алдыңыздан Жарылқасын Алла енді!..Қайда барып, кімге айтамын мұңымды…Ұрысасыз естісеңіз мұнымды…Жасыра алмай жатқаным ғой шынымды…Жәннатқа арнап жіберемін дұғамды,-Құдыретті Алла, қабыл алғай жырымды!Қазыбек ИСА24.11.2012.