Балаларға базарлық болған – «Бәйтерек»
2012 ж. 17 мамыр
3959
0
Ескі сүрлеуді одан әрі шиыр- лай бермей жаңа бағытқа жол тар- тып жүрген Даниярдың балалар тақырыбын біраздан бері қаузап келе жатқандығы белгілі. Біз бұған дейін режиссердің «Қалаймақан» теле- журналын, «Әкем екеуіміз», «Аста- на – ғашықтар мекені» фильмдерін тамашалаған болатынбыз. Міне, Астана қаласын жақсы көретін режиссердің араға жыл салып түсірген «Бәйтерігімен» де тамаша- лап үлгердік. Бір айта кететін жайт, бұл бәйтерек туралы түсірілген фильмдердің бас да, соңы да емес... «Ең алдымен қазақ киносын түсіруші режиссер қазаққа не керек екенін зерттеп, зерделеп, түсініп алуы керек. Қазақ киносында қазақы бол- мыс болмай ешқашан алға баспай- ды. Бүгінде қазақ көрермені басқа елдің киноларын көріп өзге мен- талитетке ыңғай беріп, жат рухқа табынып отыр. Көгілдір экран- нан өзімізді-өзіміз көре алмауы- мыз - өте қасіретті дүние. Қазаққа тән мінезден тіпті қимылымыздан, негізгі сөлімізден айырылуға шақ қалдық»- деген Д.Саламат, қазақтың жас көрермендері үшін біршама ізденгені көрініп тұр. Себебі фильм оқиғасының ауылда өтуі, тек қазақ актерларының ойнауы, киноның орыс тілінде шұбарланбауы барлығы кар- тинадан оңтайлы көрініс тапқан. Бұған дейінгі «Астана ғашықтар мекені» киносында да бірлесе жұмыс атқарған Кенжебек Шайқақов пен Данияр Саламат бір-бірінің ойын енді түсінгендей. Себебі осы жоба алдыңғы киноларына қарағанда көш ілгерірек түсірілген. Жалпы алғанда көрген білгендерін екшелеп, қауызынан айырып халыққа ұсына білген түсіруші топтың аянбай тер төккені көрініп-ақ тұр. Режиссердің өзі айтпақшы бұл фильмнің авторлық фильмге қиысатын да, қиыспайтан да тұсы бар. Себебі «Бәйтеректе» коммерциялық филь- мдерге тән оғаштықтар да, авторлық киноға тән күрделі психологиялық иірімдер көрсетілмейді. «Бүгінгі жастарымыздың іс-қимылы, сөйлеу мәнері еуропаланып кеткен. Бір нәрсеге таңқалғандарын білдіргісі келсе, америкалықтар секілді «Уау!» деп қояды, сөздері өте қасаң. Осының бәрі- виртуалдық өнердің әсері. Өзіндік ерекшелік болмағандықтан, өзгенің ығына жығыла салуға бейім тұрады» - деп ренжіген Д.Саламат, аталмыш туындысында ұлттық құндылықтарымызды жан дүниесі жабырқап, әке-шеше қамқорынсыз қалған баланың өмірі арқылы бейне- леп, фильмнің титрларынын бастап қазақ балаларын тартуды көздеген. «Бәйтерек» - балалардың таза, мөлдір, жылы әлемін бейнелегендіктен нағыз балаларға арналған картина болып саналады. Фильм басты кейіпкер Санжардың түсіне ақ сақалды атаның кіруімен ба- сталады. Таң ертең ұйықтап қалған бала асығып-үсігіп киініп мектеп- ке қарай «ұшады». Жол-жөнекей кез- дескен кедергілерге қарамай сабаққа кешіге кірген ол, жаңадан келген жас ұстазымен танысады. Міне, фильм осындай оқиғалармен өрби береді. Картинада езутартар эпизодтар да жеткілікті. Мәселен, Санжардың еден жуып жатқан кезіндегі қыздың жігіттер жайлы «лекция» оқуы, досы Мадиярдың «Джентельмен бо- ламын деп, жем болып қалма» де- ген сөздері, борлы орамалдың абай- сызда директордың бетіне тиіп кетуі, қарыз ақшасын ала алмай жүрген жуас баланың қылығы, барлығы өте орынды көрсетілген. Осы тұрғыдан алғанда балалар аудиториясына лайықты мәнердегі жеңіл сюжеттер әдемі кейіпкерлер арқылы ұтымды шыққан. Жалпы Д.Саламат өз картина- ларында өмір шындығын еш бүкпесіз көрсететіндігімен ерекшеленетін режиссер болғандықтан, кинода трактордың артына велосипедімен «жабысып» алған балалардың қылығы, мектеп алдындағы оқушылардың биі, әскери дайындық сабағы, тіпті футбол ойнап жүрген кішкентай балалардың ішіндегі ере- сек жігіттің ісі сияқты өмір шындығын барынша бейнелейтін көріністер бар. Кинодағы кейіпкерлердің мінез- құлқы мен жандүниесі тереңінен ашылған. Тіпті балықтың жанұясын бұзғысы келмеген Санжардың, досы Мадиярдың, мұғалімі Дана Қоңыратбаеваның рөлдері көрермендерге қатты ұнады. Әсіресе сынып жетекшісінің өзіне тән әдемі киімі мен мұғалімге тән шаш үлгісі көрермен назарын өзіне бірден аудар- ды. Досы Мадияр рөлі де қызықты көріністердің басталуына түрткі болып, киноның бір ерекшелігі ретінде көрермен есінде қалды. Режиссерлердің жас қыздармен жұмыс істеуді жақсы көргендіктерінен болса керек, Санжардың анасын өте жас актриса ойнайды. Тіпті ол ерте үйленген қыз болса да, балалы ананың рөлі үшін тым жас. Драматургияның шарттары бойынша кез-келген оқиға шындықтан алыстамай, көрерменнің сенімін тудыра білуі керек екенін ескерсек, режиссерлердің бұл шешімі көрермендерге ерсілеу, сенімсіздеу көрініп тұр. Р е ж и с с е р л е р д і ң тапқырлықтарының бірі - Астанаға бара жатқандағы жолды және көрікті жерлерін қыдырғандағы уақытты бір әуен ішіне сыйғызуы. Бұл жерде фильм композиторы Ұлықпан Жолдасовтың да керемет шешімін көруге бола- ды. Себебі бұл жерде балалар хоры орындаған әсем ән орынды қойылған. Бірақ басқа әуендердің барлығы бір сарынды. Шамасы Ұ.Жолдасов музыканың дамыған тұсында у-шу әуеннен шаршап, таза балалықты бейнелегісі келген болу керек. Алай- да шетел кинофильмдеріндегі саунтректердің озық үлгісін естіп үйреніп қалған жас көрермендерге композитордың бұл шешімі ұнай қояр ма екен?! Тіпті мультфильм деген «Шректегі» әуендермен де салысты- ру мүмкін емес. Ескерте кететін бір жайт, менталитетімізді негізге алып ақталудың қажеті шамалы. Түсініксіздеу жайттар туралы саусағыңызды бүгіп санай беріңіз. Біріншіден, режиссер балаға жанұя махаббатынан бөлек қыз бен жігіт арасындағы сезімнің де керек екенін, баланың иті Ақтөске сыр шертуі мен Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабын оқыту арқылы көрсеткен. Ал бұл жерде сцена- рист пен режиссер 4-сынып оқитын Санжарға терең ойға негізделген кітапты оқытып көрермендердің «күлкісін» келтіргеннен басқа ешнәрсе ұта алмады. Екіншіден, бала өзін бақытты сезінген сәті - мұғалімі екеуі алма ұрланған кезі арқылы бей- нелеген. Алайда есін біліп етегін жиған мұғалімнің, баланы ұрлыққа итермелегені қызық екен?! Бала мен мұғалімнің қуанған сәтінде бірден жаңбыр жауып, астында асыр са- лып ойнаған эпизод көрермендер үшін әбден жаттанды болып қалған. Үшіншіден, ол заман да, бұл заман сабақта сабақ өтпейтін мұғалімді бірінші рет осы фильмнен көруге болады. Басты кейіпкерлер мектеп оқушылары болғандықтан, сабақ процессі тым құрымығанда бір жер- де көрсетілсе дұрыс болар еді. Ал бұл фильмде бәрі де басқаша. Сабаққа келген мұғалім жеке бас мәселелерін шешумен ғана айналысады. Төртіншіден, киноның орта шеніне жеткенше «бала үйде өзі жалғыз тұрады ма?» деп қаласыз. Себебі бала түн демей, күн демей қалаған кезінде далаға шығып жүре береді. Таң ертең де ешкім қадағалап оятпай- ды. Ол апасының, әсіресе ауылдағы қамқоршысының қарамағында тұрып жүргендіктен мұндай әрекеттер миға сыйымсыздау көрінеді. Бесіншіден, фильмнің бас кезінде Санжардың түсіне ғана кіретін, асатаяғының басында құстың ұясы бар, ақ сәлделі атаның Мадиярдың көзіне де көрінуі, фильм қанша ертегіге ұқсастырылып түсірілсе де ақсақал рөлінің құндылығын жояды. Алтын- шыдан, мұғалім мен қалалық жігіттің арасындағы сезім де жауапсыз қалды. Мүмкін кино тек балалар жайлы болған соң, режиссер қыз бен жігітті табыстыруды жөн көрмеген болар, алайда бұл қанша ма эпизодтардың аяқсыз қалғандығының бір белгісі боп қала бермек. Қалай десек те бұл жазылған пікірлер киноны кемсітуден неме- се кино туралы теріс ой қалыптассын дегеннен туылып отырған жоқ. Тек қазақ киносының жақсы шығып, көрермендер сағынып көретін жауһар туындылардың біріне айнал- са екен деген тілек қана... Сондықтан қателіктерді айналып өте алмаған бол- са да, осындай балалар тақырыбын қаузаған картиналар көбейе берсін дегіміз келеді. Себебі сан болған жер- де сапаның да болатыны әсте белгілі емес пе?!. Айдана АЛАМАН