Күй толғап жүрегімнің пернелерін...
2012 ж. 30 сәуір
2257
1
Мен мүлде
Көңіл неге мұң айдынын кешеді?
Үмітсіз бе ем, мен мүлде?
Емеспін ғой тас қабірдің кесегін
Тіреп жатар құр сүлде.
Еріп келем арман деген жалғанға,
Жалған емей немене?
Өр шыңына енді жетіп қалғанда
Алаңғасар көңіліме сыйлап мұң
Арбауменен мына мені келе ме?
Сосын «сабыр» шақырады сабаңды
Өмір деген осылай!
Сабылып кеп құр тербейсің, қаламды
Ит-тірлік деп осыны айт!
Жасық етпе арман мені жылатып,
Керексіз бе ем, мен мүлде?!
Мүмкін тағдыр тәлкегіне сынатып,
Сонсын барып ұсынарсың бір жүлде.
Ұят күшті өлімнен
Күллі әлемді құбылтатын қыз бала!
Неге маған ақтарасың сырыңды?
Жүруші едік қызыға да, қызғана
Көктем едің, иеленіпті күз дала
Ұятың қайда қыздарға тән бұрымды?
Сыр айтқан боп ақталасың беталды
Ұят күші деуші еді ғой өлімнен
Енді сенің сұлулығыңнан не пайда?
Шимай-шатақ, ақ қағаз боп көрінген.
Ей, қыз бала ибадат әлем алдында,
Біле-білсең қыз қоламта көмілген
Қыз атаулы қадірін ардың да,
Ұят күшті демеуші ме еді өлімнен?!
Сырыңнан сенің жүректе туды жасын ән
Мұңымды біткен жырымнан қалай жасырам?
Ардан безген тексіз ұл-қыз көргенде,
Ақырет күнін қарсы алуға асығам.
Жырдығы жалғыздық
Жалғыздықтан жабығамын күн батса,
Ұза-а-ақ түнмен егесіп ...
Сағат тілі тоғызға кеп үн қатса,
Қағушы едің сен есік.
Ал бүгін ше?
Бір ай бопты ...
Тамаша!
Қалайша мен шыдағам?!
Сағат тілі тықылдайды жаңаша
Саған емес,
Олай жасау жар сағатқа ұнаған.
Ал өзің ше?
Өзің жүрсің махаббатты алдамшы етіп,
табалап.
Көктем емес,
Солғын күзді желіккеннен жағалап.
Түсінемін –
себебі сен елікпе ең ғой есірген.
Бірін емес, мың жүректі
жалыныңмен шарпысаң да кешіргем.
Тек, жаным-ау, қаймықсаңшы
Махаббат берер кесірден.
Қате құрған бұл сезімді пәк жырыммен өбем де,
Бір кездері үміт үзем
Сағаттан да, сенен де!
Сезім өлер, өксігіңе жүрек көнер бірақ та ...
Бейнең тұрар мәңгілікке уақыт санап өлеңде
Жапырақ-Ғұмыр
Тәлкегі көп тағдыр жолы сыңайлы
Ою сапсың жапыраққа тілгілеп
Бәрі ұқсас
Сол қылғаның ұнайды,
Теңдесі жоқ құдірет.
Ұқсас маған ғашығымның қылығы
Қырсық мінез, селт етпе
Мінезін оның өзгерт десем жығылып,
Өзгертуді серт етпе.
Себебі, ондай түп-түзу сызық жапырақ,
Кездесер тек ертекте.
Ертегі өмір керек емес пендеңе,
Сан сыныңды бер төгіп,
Заман солай, бар қалтаңа сен деме!
Өзім жетем тер төгіп.
Әлі талай жолығады пәлекет,
Нәзік жанды сезіп-ап.
Тумысымнан адамдықты алып кеп,
Адам болып өтем-дағы өзім-ақ.
Тек, Жаратқан, жетеле мені қолпаштап,
Өзің берген Аян-түске қызық-ақ.
Келесің бірақ, әлі де маған жол тастап,
Тағдырымның жапырағын сызып-ап.
Шабыт алам таңыңнан ...
Кіндігімді кестің де, «күнелт» дедің
Күнелтіп келем!
Осы ғой жыр етпегім
Сен қатсаң сылдырлап өзен болып,
Сездің бе, жүрегімнің дір-р еткенін?!
Тасың да тіл қатады, орманың да,
Өбеді жылы лебің тоңғанымда.
Туған жер!
Сезесің бе, келер күнде
Перзентіңнің адам боп, оңғанын да.
Ойылым, құмдарыңа сырым қанық
Түңгі аспан мұңымды ұғар жымың қағып.
Алысқа ұшыр мені, шабыт сыйла,
Жатсам егер сезімді ұғынта алып.
Арман қудым таңыңнан шабыт алып,
Адастырмас ақ жолға бағыт алып
Дәмін тапшы пәк жырдың сен дарытқан,
Жатсам егер әдемі ағыта алып.
Өмірге сыр
Беймезгіл сәт қағазға сыр ақтардым,
Өмір сыйлар өкпенің сынап бәрін.
Шабыт құшса «сын жолды» сүңгіп өтіп,
Келеді «жыр жолына» тұрақтағым.
Тіршіліктің тілгілеп тамұқ күнін,
Мұң мендесе ғайыптан айықты кім?
Жаңсақ ұғым санамды сағаласа,
«Қамшы ғұмыр» алдыңда айыптымын.
Сынын білем көтермес сенделімді
Айғайлатпай сеземін сендегі үнді.
Бірақ, бейғам тірлікке бой алдырма,
Кең дүние қош көрсін келгенімді.
Шамаң келсе жағамнан жұлқыма да,
Әлің барда аш көздің құлқын арба!
Пәк ғұмыр деп «пайдаңа» көсілмесек,
Сен құтыртқан заманның сұрқы бар ма?
Берікпін, дәйім өмір серт алдында
Өзің шыңдап, ұқсаттың Ер Тарғынға
Налытпа енді уымен қайғылының,
Жетпегі бар соқырдың, кемтардың да.
Мақсатым – сенен адал ғұмыр жасау,
Жек көрсең де ұғып ал сырымды асау.
«Шымшық өмір» шыр етіп өте шықсаң,
Қадіріңді құрғырлар ұғынбас – ау...
Алматы – сезім
Күй толғап жүрегімнің пернелерін,
Алматы құшағыңда тербелемін.
Сан арман құшағыңда жетілгендей,
Көп гүлім көктеп жатыр сенде менің.
Ұясы секілденіп бал араның,
Жасыл желек шабытым, қалағаным
Толғанта сеуіп өтер бұлттарыңды,
Паналағым келеді, паналағым.
Төгілтіп әрбір таңның несібесін,
Үндесіп сан лүпілмен көсілесің.
Тілегім: Алатаудың асқақтығы,
Арманның жетер шыңын еншілесін.
Түңгі көрік шамдарың шабыт маған,
Үмітім үнсіздікте қалықтаған.
Тереземнен түсіме төніп келіп,
Паң сұлу, пәк бейнеңді дарыт маған.
Ақындарға
Бар пендеден неге ерекше ақындар?
Тұрады олар періштенің сапында
Жазылған ғой ақындарға «шындық» деп,
Бұл жалғанның кермек дәмін тату да.
Ақындар – ай, таң қаламын сіздерге
Ақылы көп нақыл сөзді тізгенде.
Ақын болып жарытпасын, бірақ та
Бас иемін «Ақын» атты ізгі ерге!
Өмір ащы,
Сезесің бе, Адамзат?
Келеміз жүріп, тәлтіректеп амалдап,
Құлдырап та кетеміз бір сәт, сосын кеп
Ес жиямыз ақыл есті бағамдап.
Жылатады өмір,
Жылама сен, күл тегі тегі
(Күле білу жеңілмеудің кілті - емі)
Құлатып кетсе, жағаңнан алып жан-жағың,
Жылап жатсаң жасыңды кім сүртеді?
Ұнатады өмір,
Шыдамдылар қауымын,
Төгеді білсең оларға бақыт жауынын.
Осылайша өмір өтер, бірақ та
Жеңіле көрме, беріле көрме, бауырым!..