Чехияда Әбіш Кекілбайұлының кітаптары таныстырылды
2019 ж. 19 желтоқсан
2308
0
17 желтоқсан Чехияның Ұлттық кітапханасында Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай кітаптарының тұсауы кесілді. Сондай-ақ, аталмыш кітапханадағы Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығындағы қорды толықтыру мақсатында жаңа кітаптарды салтанатты табыстау рәсімі өтті.
Қазақстан мен Чехия мемлекетінің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылдың 1 қаңтарында орнаған болатын.
2008 жылы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың чех тіліндегі кітабы Астана қаласының 10 жылдығына орай Чехияда өткізілген конференцияда тұсауы кесілді.
2018 жылы Прагада Қазақстан мәдениетінің күндері өтті. Бір айға созылған іс-шарада чех халқын Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрімен және тарихымен таныстыру болды. Қазақстан мемлекетінде тұратын басқа ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерінің сән үлгілері көрсетілді. Сондай-ақ, қазақ халқының әні мен музыкасына, тарихына, дәстүрі мен әдет-ғұрпына арналған арнайы кештер ұйымдастырылды.
Праганың Ұлттық кітапханасындағы Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығына кітаптарды табыс етуге педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбекқызы барады.
Кітапхана қорына Әбіш Кекілбайұлының «Аңыздың ақыры» (француз және қытай тілдеріндегі), «Жеті хикая» (ағылшын тіліндегі), сондай-ақ, «Қаламгер қолтаңбасы», «Әбіш әлемі» фотоальбом жинағы, Әл-Фарабидің трактаттары, Абайдың шығармалар жинағы, Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс», Ник Филдингтің «Оңтүстіктегі Ұлы далаға саяхат», Бөлек батыр, «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі», «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» және т.б.
кітаптар Чехияның Ұлттық кітапханасының жанынан ашылған Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығының қорына беріледі.
2017 жылы Чехияның Ұлттық кітапханасында Қазақстан әдебиеті және мәдениеті орталығы ашылып, екі ел арасындағы мәдени, кітапxаналық байланыс орнатуға арналған меморандумға қол қойылған болатын.
Айта кетейік, аталмыш жоба 2016 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен Шет елдердің ұлттық кітапханаларында жүзеге асып келеді. Бүгінгі таңда әлемнің 33 елінде орталықтар ашылып, жұмыс істейді.
Халықаралық жобаның мақсаты - қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін, экономиканың қазіргі заманғы мемлекетінің жетістіктерін, саясатты, әлеуметтік саланы, классикалық және заманауи проза мен поэзияның әдеби байлығын дамыту.
Әрине, бұл кітаптар оқырмандардың қызығушылығын тудырады және қазақ халқының мәдени құндылықтарына жақындауға ұмтылады.