"ӘБІШ ӘЛЕМІ" БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Әйгілі жазушы, Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауоеаты, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығын еліміз кеңінен атап өтуде.

Маңғыстаудың маң даласындай маңғаз, Сарыарқаның сайын даласындай кең, Алатаудай асқақ, Атыраудай айдынды да, терең, шалқар шабытты қаламгерді қалай ұлықтасақ та жарасады.

Аңызға айналған, абызға айналған нағыз нартұлғаға арналған ауқымды шаралардың бірі осы елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана ұйымдастырған "Әбіш әлемі" оқу конгресі мен шығармашылық байқауы болды. Ұжым мен кітапхана жетекшісі Үмітхан Дәуренбекқызына алғыс айтамыз.

"Ақ жол" партиясының қос қанатының бірі - зиялылар екені белгілі. Сондықтан осындай рухани шараға демеушілік жасап, екі сыйлыққа демеушілік жасады.

"Әбіш Кекілбайұлы - кемеңгер көсемсөзші" сыйлығын " Ақ жол" партиясы төрағасы орынбасары, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Халықаралық С. Есенин атындағы сыйлық - "Алтын Күз" ордені иегері Қазыбек Иса тапсырды.

Байқау бойынша 20 жүлде тапсырылды. Екі Гран-При жеңімпазы болып, жазушы Тұрсын Жұртбай мен ақын Серік Ақсұңқарұлы марапатталды.

Әбіш әлемі әдебиет әлемімен бірге жасай береді.

qazaquni.kz