Өскемендегі төбесі жоқ полиция машинасы желіде қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде қызық сурет қызу талқыға түсті, деп хабарлайды altaynews.kz.

Өскемен тұрғындары ерекше полиция машинасын суретке түсіріп алыпты. Суретте Ушанов алаңында эвакуатор төбесі жоқ полиция автокөлігін тасымалдап бара жатыр жатыр екен.

Желі қолданушылары полиция көлігінің кабриолетке қалай айналғаны туралы өз болжамдарын жарыса жазуда.

Ал ШҚО ІІД баспасөз қызметі фотосуреттегі қызметтік автокөліктің есептен шығарылып, жоюға жатқызылғанын ғана айтып отыр.