"Ақ жол" партиясы Орталық Кеңесінің хатшысы Сәбит Байдалы дүниеден озды
2018 ж. 15 тамыз
12446
2
"Ақ жол" партиясы Орталық Кеңесінің хатшысы, қазақ журналистикасының абызы, ҚР Мәдениет қайраткері Сәбит Жүнісбекұлы Байдалы дүниеден өтті.
"Қазақ үні" ақпарат агенттігінің ұжымы марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл білдіреді.
Иманы жолдас болып, жәннәттан орын бұйырсын. Алды пейіш, арты кеніш болсын деп тілейміз.
Еске сала кетейік, Сәбит Байдалы - телерадио-журналист, отандық телерадио-индустрия саласындағы танымал топ-менеджер. Еңбек жолын Жезказған қалалық телевизия студиясында диктор болып бастаған, Қазақ радиосында диктор, Жезқазған облыстық телерадио комитетінде редактор, аға редактор, бас редактор, Алматы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, Жезқазғаноблыстық телерадио комитеті төрағасының орынбасары, Жезқазған облыстық телерадиокомпаниясы, Қарағанды облыстық телерадиокомпаниясының төрағалары, "Қазақстан" ТРК-ның телерадиобағдарламаларды жоспарлау және үйлестіру басқармасының бастығы, 2007 жылы Қазақ радиосының бас редакторы, бағдарламалар директоры болып қызмет атқарған.
Жезқазған және Қарағанды облыстық мәслихаттарының депутаты (1993-99) болған. ҚР Мәдениет қайраткері. Жезқазған қаласының құрметті азаматы.