БЕКЗАТ-САТТАРХАН – «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРІ
2018 ж. 29 маусым
10333
0
Белгілі тұлғалардың есімін иеленген жандардың, дәл сол кісілердей болмаса да, өз саласының білгірі болып жатқандары аз емес. Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы Кеңес Одағының батыры Садық Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы, белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлінің ұлы Бекзат-Саттархан мектепті «Алтын белгімен» бітірді. 2000 жылы Сидней Олимпиадасында 20 жасында жасындай жарқырап, бокстан Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың есімін иеленген кіші Бекзат-Саттархан да 17 жасында «Алтын белгі» иеленіп, даңқты спортшы ағасының атына сай болуға тырысуда. Бекзат-Саттарханның арманы – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультетінің студенті атану. Біз жас дарынға сәттілік тілейміз!
qazaquni.kz