Орындалсын мұратың!

 

ҚҰТТЫҚТАУ!!!

  Атасы Жарылқасын мен әжесі Зейнептің тұңғыш ұл немересі Баубек Қыдырәліұлын бүгінгі арынды айхай 25-ке толуымен құттықтаймыз! Әжең қойған атыңа затың сай болып, Баубектей жалынды, ағайын мен достар арасында абыройлы бола бер.. Өмірде өрге жүзіп, бақ- берекең шат-мерекеге жалғасып, әрдайым қуанышқа бөлене бергейсің! Шалқыған Шардара мен сұлу Сырдың бойында, қызыр қонған Қызылдың құмында күздің әсем күніндей жемісті болып, еңбекте жеңісті бола бер дейміз! Шаңырағыңда шаттық шалқи берсін! Алла жар болып, Жұлдызың жарқырай берсін деп тілейміз! Орындалсын мұратың, Күлкі сыйлап күн әр шын! Жиырма бестік қуатың Шыңға сені шығарсын! Құрметпен, Иса әулеті мен туған-туыс, ағайындарың!