Өскемен көшелеріне ұлттық рух келді
2017 ж. 20 маусым
1709
1
Қала көшелеріндегі тұрмыстық техникалар мен интернет жылдамдықтарын жарнамалаған байланыс операторларының баннерлері түгел алынды. Бұл туралы altaynews.kz хабарлады.
Өскеменнің ең үлкен даңғылдарымен жүре қалсаңыз, биікте «Ұлттық рух» «Отан неден басталады?», «Сүйікті өлкем» тақырыбындағы ақпараттық-визуалды баннерлер менмұндалап тұр.
Нақтырақ айтқанда, суреттер Сəтпаев даңғылы мен Жеңіс даңғылының бойына, сондай Абай және Әуезов даңғылдарына ілінген.
- Қала әкімі Қуат Тұмабаевтың тапсырмасымен Өскемен қаласының басты күре-тамыр жолдары болып саналатын Абай, Әуезов, Сәтпаев және Жеңіс даңғылдарының бойына ұлттық құндылықтар мен қатар аймағымыздың сұлу табиғатын, жалпы ұлттық рухты насихаттайтын баннерлер ілінді, - деді қала әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әсем Қайратбекқызы.