Авраам РУССО: Қазақстан - ресейлік әншілерді асырап отырған мемлекет
2017 ж. 09 мамыр
3498
14

Қазақстан – ресейлік әншілерді асырап отырған мемлекет. Бұл туралы танымал ресейлік әнші Авраам Руссо «Время» басылымына берген сұхбатында айтты.
– Қазіргі уақытта экономикалық дағдарысқа байланысты шақыртулар сәл азайған. Алайда, бұған дейін сіздердің мемлекеттеріңіз гонорардың көкесін төлейтін. Ондай гонорар Ресейдің өзінде жоқ. Мәселен, мен 35-40 мың доллар үшін осында келіп 40 минут ән айтамын. Ал, кейбір әріптестерім 100-200 мың долларға да келіп жатады, – танымал әнші.



