Астанада үзіліп түскен лифттен адамдарды құтқару кезінде түсірілген суреттер жарияланды
2017 ж. 14 сәуір
3100
0
Сәуірдің 13-і күні Астанадағы "Эдем палас" тұрғын үй кешенінде лифт жертөлеге үзіліп түскен болатын. Оның ішінде сегіз адам, алтауы ересек, екеуі бес және алты жастағы балалар болған.
Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
Лифт алтынышы қабаттан бірінші қабатқа дейін қалыпты түсіп, сол жерде үзіліп жертөлеге құлаған. Куәгерлердің айтуынша, құлаған лифт ішіндегі адамдар тұншығып қалмас үшін есікті саңылаулап отырған. Есікті полицейлер мен лифтке қарайтын қызметкерлер ашқан.
Дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне ҚР ҚК-нің 306-бабы бойынша тіркелді. Бүгін "Эдем Палас -1" және "Эдем Палас -2" тұрғын үй кешендерінің тұрғындары лифт мәселесін дереу шешуді талап ету үшін жиналды.
Адамдардың айтуынша, мұндай оқиға алғашқы рет болып тұрған жоқ.